Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы,Мамай ауылы «Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Қалдыбаев Серик Турсынгазинович Сабақтың тақырыбы:Портрет Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың портрет туралы білімдерін арттыру. Дамытушылық:адам портретін салуды меңгеруге дағдыландыру.Есте сақтау,ойлау қаблеттерін дамыту.Өнерге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелігі:оқушыларды адамгершілікке, ұлы тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу. Түрі:аралас Әдіс –тәсілдері:әңгімелесу,сұрақ-жауап. Көрнекілігі:бояу түрлері,дидактикалық көрнекі құралдар,суретшілердің шығармашылық туындылары,портреттер. Пәнаралық байланыс:әдебиет,геометрия,психология,еңбек сабағы. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі А)Оқушыларды түгендеу Ә)Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Кескіндеме жанрлары туралы оқушылардың білімдерін тексеру. ІІІ.Жаңа сабақ Жаңа сабақты түсіндіру. Портрет дегніміз –адам бейнесі.Портретті салу үшін адам басыныңжекелеген бөліктерінің формалары туралы сөз қозғау.Портретте адамның бейнесін салудың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші,ұйымдастырушы ұстаным-оңайдан күрделіге,жалқыдан жалпыға көшу.Бейнені бөлшектеп емес,нәрсенің бүкіл өн бойымен,оның кеңістіктегі қалпын,мөлшері мен қозғалысын айындайтын жалпы түрінен бастап аламыз.Портреттің нгізгі бөліктерін,сосын басқа бөлшектері мен детальдарын айқындаймын. Екінші ұстаным-жалқыдан жалпыға көшу.Портрттің жекелеген бөлшектерінің формалары туралы түсіндіріледі.Тұтастықты қалпына келтіру үшін әрбір бөлікті қортып, адам басының формасына бағындырамыз. Жанды затты бейнелеу кезінде кейіпкер қалпының негізгі бағыттарын айқындап,жанды заттың негізгі формалары басты құрайтын-мұрын,көз, құлақ,ауыз, ерін, қасты біріктіретін қозғалыс сызықтары үлкенрөл атқарады. 1.Ауыздың кескіні.2.Құлақтың 3.Мұрын кескіні Бұл негізгі ұстанымдар нәрсе мен затты кескіндеудің төрт кезеңдік жүйелілігі негізінде берілген. 1.Нобайлау.2.Типтендіру.3.Даралау.3.Қорыту туралы түсіндіру Содан екейін бастың кескіні туралы мәлімет беру,яғни бас формасының құрлысына геометриялық талдау жасау. Бастың кескінінің түрлеріне тоқталу.Мысалы,беттің жалпы үйлесімі. 1.Дөңгелек.2.Сопақ.3.Шаршы.4.тік бұрышты.5.Үш бұрышты.6.Ромб. Ер адам басының пропорциясы төрт түрге бөлінеді. Пропорция дегеніміз-элементтер мен формалардың,сол секілді әр түрлі обьектілердің арасындағы өзара өлшемдік қатынас пропорция(шама( деп аталады.Сол туралы түсіндіру. Бұдан кейін адам баласының суретінде әр түрлі мінез болатыны жөнінде сөз қозғаймын. Портрет пен мінез-құлықты байланыстырамын. Сол арқылы адам сезімдерін,(эмоциялық)мінез-құлықтарын бейне арқылы көрсетемін. Карикатуралық суреттер туралы айта кетемін.Мазақтамалар адамның түріндегі күлкі бейнелерін байқай отырып күлкіге үстеме сипаттама беремін. Бұл жағдайда адам ерні түрлі қызмет атқарады.Оны артикуляция деп атайды. Оқушыларға тақтаға ерін суреттерін салдыру арқылы эмоцияларын анықтау. Қорытыңдылау: Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою. Менің жеке суретші ретіндегі ұлы тұлғалардың портретін салған шығармашылық жұмыстарым.Сүйінбай,Жамбыл портреттері. Үйге тапсырма:Портрет арқылы адам мінезінің бейнесін салып келу. Бағалау.Сабаққа оқушылардың белсенді қатысқандарын бірлесе отырып талдап,бағалау. | |
Просмотров: 860 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|