Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Ертегілер әлемінде
КМҚК «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ». Балқаш – 2011 жыл.

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕ»

Орындаған: ҚББҰ Буланбекова Бақыт Дюсенбайқызы

Түсініктеме хат!

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз-құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу-ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.
Оқушылаға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяандалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әнгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ертегілердің асыл қасиеттерінің бірі оның бай тілі.

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін және көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
Міндеттері:
1. Балаларға бейнелеу өнері тілінің негіздерін түсіндіру, шығарманың мазмұны мен пішінінің тұтастығын көруге, шығарманың және жанрдың әр түрін өз бетінше талдауға үйрету.
2. Үйірмелердің белсенділігін арттыру, танымдық және шығармашылық әрекетін дамыту.
3. Сарамандық жұмыстарды үйірмешілердің біліміне негіздеп құру.

Сабаққа қатысушылар: үйірме оқушылары.

Сабақтың өткізілу түрі: жинақтамалы.

Сабақ түрі: топпен және жеке.

Қолдануы және әдістері: ауызша көрнекті және жартылай іздемпаздық.

Техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, көрнекі бейнелеу құралдары, дыбыстық слайд фильмдер.

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталарын мен қызығушылықтырын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге, еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
ІІ. Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен танысу.
ІІІ. Өткен сабағымызда бейнелеу өнері жөнінде сөз қозғағанбыз қазір сол сабағымызды бекіте кетсек, сонымен сіздерге қойылатын сұрақ:
Мұғалім:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыздар? (графика, кескіндеме, мүсін, дизайн қолөнері, сәулет өнері)
2. Бейнелеуге қажетті түсініктер? (түс, пішін, рең, үйлестіру)
3. Бояу түрлері? (акварель, гуаш, қарындаштар)
4. Жарық көлеңке деген не?
5. Рең түрлері дегеніміз не? (жылы – ашық, суық – қою түстер)
6. Бейнелеу өнері қандай өнерлермен тығыз байланысты? (театр, кино, опера, балет, ән – күй, көркем әдебиет т/б)
7. Пейзажда бейнеленген? (табиғат)
8. Қазақ халқының ұлы суретшілерінің есімдерін ата? (Ә.Қастеев, С. Романов, Г.Исмайылова)
9. Натюрмортта не салынады? (өлі заттар)
10 Портрет дегеніміз не? (жекебейне)

Оқушы:
Ғажайып түс көрдім.
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді...
Мұғалім: Жаннұрдың бұл өлеңінен ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымызыдың тақырыбы да «Ертегі әлемінде» деп аталады.
Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен...
Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.
«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақтақыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.
Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

IV. Сергіту сәті:
Жаңылтпаштарды жылдам қайталап үйрену.
1. Шеше, неше кесе сынды кеше?
2. Екі семіз қозым бар,
Семіз сегіз, қозым бар.
3. Ай, ай Айдарбай
Иір мүйіз сиырды
Үйіне айдай бар.
4. Торта қойдым
Орта қойдым,
Торта қойдым
Жорта қойдым.
V. Сарамандық жұмыс – техникалық қауыпсыздық ережелерін қайталау. Топпен және жеке жұмыстар жасау. Оқушыларға жәрдемдесу.
VI. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
Ертегі дегеніміз не? Олардың жазылу мақсаттары? Қандай түрлері бар?
Сарамандық жұмыстың қорытындысында көрме ұйымдастырылады. Әр жұмысқа баға беріледі.
VIІ. Үйге тапсырма:
Келесі сабақтың тақырыбы «Дизайн». ПВА желімі, қайшы, түрлі түсті қағаздар әкелу.
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: Бахыт (2011-06-15) E
Просмотров: 15096 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru