Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Сынып: 2 Мұғалім: Жудурукова Гульсана Орынбековна Пән: бейнелеу өнері Тақырыбы:Жануарлар мүсіні. Балықтар Мақсаты : балық мүсінің жасауға үйрету Міндеттері: 1.Балықтардың тіршілігі, олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру, мүсінің жасауға үйрету 2.Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын байыта отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың қиялдарын, көркемдік , шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Балықтардың маңызын түсіндіре отырып,оларды қорғауға баулу. Сабақтың түрі:аралас сабақ Сабақтың көрнекіліктері: балықтар суреті,балықтарды жабсыратын шаблон. Қажетті құралдар: ермексаз, тақташа Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1) Сабаққа дайындықтарын тексеру -Балалар,казір бізде бейнелеу өнері сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық. 2) Ойын «Түсті нүктелер» Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Мен түрлі түсті магниттерді бір қатарға тізіп жапсырамын. Сендер сол ретін естеріне сақтандар, ал одан кейін араластырып жіберемін. Сендердің міндеттерін сол алғашқы ретімен қайтадан орнына келтіру. II. Жаңа сабақ 1) Сабақтың мақсатын жариялау Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін. - Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер? - Үй және жабайы жануарлар. - Үй жануарларын атап беріндерші? - Ал жабайы жануарлар? Жақсы. Балалар, бүгін біз мүсін өнерімен танысамыз. Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Бейнелеу өнерінде жануарларды бейнелесек - ол анималистік жанр болып табылады. Анималистік жанр (лат. anіmat — хайуанат деген сөзінен шыққан) — графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнеленетін мәнер. Қазақстан суретшілері А. ж-да елеулі шығармалар берген. Мыс., Ә.Қастеев “Бие сауу” (1936), Ә.Ысмайылов “Дала жайрандары” (1972), С. Айтбаев “Жайлаудағы түйелер” (1976) картиналарын осы жанрға жатқызуға болады. -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет. Қанаты бар ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды. (Балық) -Тамаша.Қанеки хормен шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балық) -Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Жануарларды мүсіндеу.Балықтар»екен. 2) Жаңа сабақты түсіндіру Мұғалімнің түсіндірмесі Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету) 1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады. 2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. 3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады 4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. 5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды. Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар уланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі. -Балалар,сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады? Ертіс өзені -Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен? ІІІ.Сергіту сәті Бойды бүкпей тік ұста, еркін тұрып тыныста жай оң қолды, оң жаққа, жай сол қолды, сол жаққа қолды айналдыр бұлданбай екі шеңбер сызғандай сәл тынығып байқа да он шақты рет қайтала IV. Оқушылардың жұмыстары -Ал енді ,Біз сендермен мынадай жұмыс жасап көрейік.Қазір біз балық мүсінің орындаймыз. Мүсін ол бейнелеу өнерінің бір түрі. Балықтың денесің, балықтың қанаты,құйрығын,көзін,мұрнын қосып ермексаздан жасауға болады.Ол сендердің қиялдарына байланысты .(балалардың балықтарын тақтаға іліп қою) Ү.Сабақты бекіту - Ү.Қорытындылау. Сонымен, 1.балықтар қайда өмір сүреді екен? 2.балық қалай тыныс алады. 3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады? 4.қандай балықтармен таныстық? 5,Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? 6.несімен? -Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін. Бағалау. Үйге тапсырма: ермексаздан бұйым жасау | |
Просмотров: 4807 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|