Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение |
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкері. Сабақтың мақсаты: Әр алуан ертегілер мазмұнына байланысты иллюстрациялық сурет салуға баулу. Сабақтың міндеттері: Білімділік – Ертегіні оқи отырып, мазмұнының желісіне ілесе отырып, бейнелеуге үйрету. Әр кейіпкердің бейнесін нақты сомдауға шеберліктерін шыңдау. Дамытушылық – оқушының пәнге деген қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын арттыру және компазициялық құрастыру қабілеттерін, көркемдік білімін жүйелі түрде дамыту. Елестету арқылы ойша бейнелеуге дағдыландыру. Тәрбиелік- оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың құрал –жабдықтары: Сурет альбомы, акварель бояғы, қылқалам, су құятын ыдыс, қарындаш, өшіргіш. Сабақтың жоспары: І. Кіріспе бөлім 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Білімдерін тексеру. ІІ. Негізгі бөлім 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 2. Машықтық жұмыс. ІІІ. Қорытынды бөлім 1. Сабақты қорытындылау. 2. Оқушылырдың білімдерін бағалау. 3. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру. Мақсат қою.Сабақ кезеңдерімен таныстыру. 2.Білім тексеру. Танымдық ойын. Сөзжұмбақ «Ертегі».Сұрақтары: - Қазақстанның халық суретшісі. (Қастеев) - Композицияның қазақша мағынасы. (Үйлестіру) - Елімізді қорғаған бабаларымыз. (Батыр) - Бояу түсі. (Рең) - Бейнелеу өнерінің бір түрі. (Графика) - Он саусағынан өнер тамған халық шеберлері. (Қолөнер) Үй тапсырмасы «Батырлардың қару-жарақ түрлерін бейнелеу» тақырыбы бойынша тексеру. II.1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Әлем халқы ертегіге өте бай.Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаларды көз алдына елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты. Ол шығарманы терең, шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. Әр бір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық, яғни ертегі- адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Енді суретшілердің сан алуан ертегілерге жасаған көп иллюстрацияларының кейбіріне назар аударайық. Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге иллюстрация жасауға –да аянбай ат салысып келеді.Иллюстрация дегеніміз- ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. Ертегіні балалар ес кіргеннен бастап тыңдап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып- білуге баулиды. Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер және тұрмыс –салт ертегілері. Ертегінің мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда мына талаптар ескеріледі (тақтаға тізімі ілінеді). 1. Ертегідегі басты кейіпкерлерді анықтап,оларды жеке парақтарға жобалап іздеу. 2. Ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер жасау. 3. әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріістерін бір жүйеге келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет. 4. Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі –түсті бояулары ашық-жарқын болуға тиіс. Енді осы талаптарды сақтай отыра жұмыс жасауға кірісейік. ( ертегі мәтінін таратамын). Тапсырма: өздеріне берілген ертегі немесе еркін тақырыптағы ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жасау. - ертегілер ерекшелігіне қарай неше топқа бөлінеді? - біз бүгін қандай ертегілерге иллюстрация жасадық? - иә, бірақ біз жұмысты қандай талаптарды сақтай отырып орындадық? - біз бүгінгі ертегілерде кездескен кейіпкерлерден жағымды , жағымсыз кейіпкерлерді тауып, олардың не үшін жағымды, не үшін жағымсыз екендігі жайлы сұрап, өмірмен байланыстыра отырып әр адам тәртіпті тәрбиелі білімді болу керек екендігін айтып сабақты қорытындылаймын. III. Қорытынды. Сабақ соңында оқушылардың білімдерін бағалап, үйге төмендегідей тапсырма беремін: әр оқушы ойдан ертегі құрастырып, сол ертегіге иллюстрация жасауы керек. Күн, ай және қораз. Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз аспанда өмір сүріпті. Бірде ең үлкен Күн адамдарға жарық, сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті: «Менің байқауымша сенің ешкімменде сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін! Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде ғана шығасың». Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: Ку-ка-ре-ку!-деп шақыратын болыпты. Онысы: Қайырлы таң, мейірімді аға!,-дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен. Арыстан мен түлкі. Арыстан қартайды. Аңдарды бұрыңғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатып: - Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты. Арыстан өзінің халін білуге келген аңдардың бірін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі үңгірден алысырақ тұрып: - Халіңіз қалай, тақсыр ! – деп көңілін сұрады. - Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің?- біраз сөйлесейік, - дейді арыстан. Түлкі: -Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, соңдықтан кіруге қорқып тұрғаным!- деп жүріп кетіпті. Көктем сәні. Таң атты. Барлық жан-жануар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан керіліп, созылып кешеуілдеп тұрды. Жайнап тұрған далаға көз салып, көңілденіп сала берді. -Жар салдыр, -дейді жолбарысқа. - Аң біткен жиналсын! Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті. -Бәріне бір сұрақ беремін, -дейді Арыстан. -Көктем сәні неде? -Жасыл желек, тоғай - деді Жолбарыс. -Тау мен тас, дала – деді Қасқыр. -Ашық аспан, салқын самал - деді Аю. -Шалқыған көңіл, шаттың шуақ - деді Түлкі -Күлкі, жігер –деді қоян. Сол уақытта елік орнынан лып етіп тұрып: - Мен айтатын ештеңе қалған жоқ, меніңше, Көктем сәні осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қосақ, көктемнің сәні шығады. Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Күшік пен мысық Қасқыр жортып келе жатып, ашығып, қаңғып жүрген күшікті кездестіреді: - Ей, күшік, мен сені жеймін ! –дейді қасқыр. - Қой, ағасы әуелі мені тойдыр, сосын жерсің, дейді күшік. Қасқыр: -Жарайды, маған ер, -дейді. Екеуі келе жатып, бір топ сиырға кездеседі. Қасқыр күшікке қарап: - Маған қарашы: менің көздерім құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен?-дейді. -Сенің көзің шоқтай, екі құлағың жылмиып, аузың арандай ашылып, құйрығың артқы аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан,- дейді күшік. -Мен не қылар екем, соны қара,-деп қасқыр бір бұзаудың тамағына жабысып, тұңшықтырып өлтіреді де, - мен тойдым, сенің етіңді жеуге шамам жоқ, -деп кетіп қалады. Күшік бұзаудың жемтігіне әбден тойып алып, ары қарай кете барады. Алдынан мысық шығады. Күшік мысыққа қасқырдан үйренген сұрақтарын қояды. Мысық : - Сенің көзің бозарып, құлақтарын салпиып, аузың аңқиып, тісің салақтап, құйрығын салбырап тұр-деп жауап береді. Сонда күшік: -Енді қара, мен не істер екенмін, көр!-дейді. Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде, түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалады, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық: - Ей , мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қйын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жеймін!-деген екен. | |
Просмотров: 5245 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|