Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылы №10 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Калекеев У.А. Сабақ жоспары № 77 Сабақ тақырыбы: Күрделі эстафеталар Сабақ мақсаты: 1.Оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылығы артады, ойын техникасы мен жақсы танысып, оларды меңгеруге қолайлы жағдай жасалынады. 2.Оқушылар өздерін сергек ұстап, қимыл-қозғалысын жеделдетуге дағдыланады. 3.Бір нәрсеге зейін салып, жан-жаққа жалтақтамай тыңғылықты әрекеттенуге үйренеді. Сабақ типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Пән аралық байланыс: Математика, физика, геометрия Өтілетін орны: Спорт залы Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, секундомер, доптар, қарсылықтар, гимнастикалық төсеніштер Сабақ мазмұны Уақыты реті Әдістемелік нұсқаулар I.Ұйымдастыру Сапқа тұрғызу, амандасу, кезекшінің мәліметін қабылдау, түгендеу. Түзел, тік тұр, оңға, бір адым алға бас, айнал бұйрығы Бір қалыпта жүгіру Оң қаптал сол қапталдап жүгіру, Тізені көтеріп жүгіру, Аяқтарды артқа,кеуде алдыда жүгіру Спорт зал бойлап жүру, терең дем алушы,дем шығарушы жаттығулар жасату Жүріп жасалатын жаттығулар: Қолдар жоғары созулы, аяқтың ұшында жүру Қолдар желкеде өкшеде жүру Қолдар белде аяқтың сыртында жүру, спорт зал бойлап жүру Орында тұрып теп бұйрығы, қолдар жанымызға созулы, ара қашықтық сақта, оңға бұрыл бұйрығы Жалпы дамытушы жаттығулар жасату 1-жаттығу бастапқы қалып Аяқтар иық кендігінде ашулы 1-қолды алдыға соз 2-қолды жоғары соз 3-қолды жанымызға соз 4-қолды төменге түсір 2-жаттығу Аяқ иық кеңдігінде ашулы Қолдар белде басты оңға төрт рет солға төрт рет айналдырамыз 3-жаттығу Басты алдыға екі рет еңкейту, артқа екі рет шалқайту 4-жаттығу Бастапқы қалып екі қол иықта,иықты алдыға артқа айналдыру төрт реттен 5-жаттығу Оң қол жоғарыда сол қол белде,аяқтар иық кеңдігінде ашулы,түзу тұрып,кеудені солға екі рет қисайту,оңға екі рет қисайту 6-жаттығу Оң қол жоғарыда, сол қол төменде ұстау қолдарды артқа, алға екі реттен сермеу 7-жаттығу Екі қолды айқастыра кеудеде ұстау,түзу тұрып екі рет артқа сермеу шынтақ бүгулі,оңға қарай кеудені бұрып,қолдарды жанымызға артқа сермеу,шынтақ бүгілмейді.Екі рет солға,екі рет оңға қарай 8-жаттығу Қолдар түзу жоғары созулы,аяқтар иық кеңдігінде ашулы,артқа екі рет шалқаямыз, алдыға екі рет еңкейеміз. 9-жаттығу Бастапқы қалып қолдар белде,аяқтар иық кеңдігінде ашулы,белді оңға төрт рет ,солға төрт рет айналдыру 10-жаттығу Қолдарды тізеге қойып, тізе жартылай бүгулі. Кеудені еңкейтіп,тізені сыртқа төрт рет,ішке төрт рет айналдыру. 11-жаттығу Қолдар белде,аяқтар қосулы, тізені солға екі рет оңға екі рет итеру 12-жаттығу Бастапқы қалып қол белде аяқ иық кеңдігінде Қолды алдыға созып отыру,тұрғанда қолдарды белге қою. II.Үй тапсырмасын тексеру Оқушыларды сапқа тұрғызып, үй тапсырмасын сұрау 1 . Баскетбол ойыны қай жерде,қашан пайда болған ? Баскетбол ойыны Америка құрама штатында 1891 жылы пайда болған. 2. Баскетбол добының ауырлығы қанша грамм ? Қыздар үшін 450-550 грамм, ұлдар үшін 550-650 грамм 3. Баскетбол ойынында неше тайм және неше минуттан ойналады ? Баскетбол ойынында 2 тайм 20 минуттан ойналады. 4. Баскетбол алаңының өлшемі неше метр болады? Баскетбол алаңының өлшемі 14 х 28 метр болады. 5.Баскетбол ойынында неше адам ойнайды ? Баскетбол ойынында 5 адам ойнайды. 6.Волейбол ойыны қай елде және қашан пайда болған ? Волейбол ойыны Америка құрама штатында 1895 жылы пайда болған. 7. Волейбол ойынында неше адам ойнайды ? Волейбол ойынында 6 адам ойнайды. 8.Волейбол ойыны алаңы өлшемі қанша болады ? Волейбол ойыны алаңы өлшемі 9 х 18 метр болады . 9. Волейбол добы ауырлығы қанша грамм болады ? Волейбол добы ауырлығы 280 грамм болады. 10.Волейбол ойыны неше партия ойналады ? Волейбол ойыны 5 партиядан 25 ке дейін ойналады. 12-15мин 1 1 100 м 100 м 50 м 50 м 40-50 м 4-5 рет 20-25 м 20-25 м 1-2 рет 1-2 рет 5-6рет 4-5 рет 4-5рет 4-5 рет 4-5 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 4-5 рет 10 рет Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару. Берілген бұйрық бойынша орындау керек. Қатардан шықпау керек. Жүгіргенде қолдың үйлесімді қимылдауын жіті қадағалау Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау Көзді жұмбау Шынтақты тізеге тигізбеу Тізені бір-біріне тигізбеу Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау Қатарда тұрғанда ара қашықтықты сақтау. Сұрақтарға оқушылардың дұрыс жауап беруін қадағалау . III.Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау немесе білімді актуалдау. Оқушыларды сапқа тұрғызып, бүгінгі өтілетін тақырыптың қысқаша түсіндіріп өту. Күрделі эстефета ойындар барысында жүйелілікті қатаң сақтау керек. IV.Жаңа материалды түсіндіру Тақырып бойынша оқушыларға түсінік беру,үйрету көрсетіп беру.Оқушыларды сапқа тұрғызып,екі топқа бөліп,әр топқа ат қойу.Жарыс шарттарын айтып түсіндіру және көрсетіп беру. Топтарға оқушылардың өздері аттарын қойу. V. Жаңа сабақты бекіту. 1. Белгіленген жерден допты жерге ыршытып алып қайту . 2. Баскетбол добын жерге ыршытып, баскетбол торына тастап жүгіріп қайту. 3.Белгіленген жерден қарсылықтар арасынан өтіп, жүгіріп қайту. 4. Гимнастикалық төсеніште алға домалап, гимнастикалық орындықтардың үстімен жүгіріп өтіп,белгіленген жерден жүгіріп қайту. 5. Баскетбол добымен бірге гимнастикалық төсеніште алға домалап,белгіленген жерге допты қойып, скакалкада 10 рет секіріп қайту. VI. Жаңа өткен және бұрынғы өткен сабақтарды жүйелеу сабақты қорыту Оқушыларды сапқа тұрғызып,өтілген сабақтардағы нәтижелерін түсіндіру,бүгінгі сабақтағы жеткен нәтижелерін айту. VII.Үйге тапсырма VIII. Сабақты қорыту және сабақ нәтижесін бағалау Оқушыларды сапқа тұрғызу, дем алуға арналған жаттығулар жасау Сабақты қортындылау Оқушыларды бағалау Қоштасу. 20-25мин 1-2рет 1 рет 1 рет 1 рет 1 рет 5 мин 1 рет 1 рет 1 рет Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау Жаттығуларды орындаушы оқушыларға кедергі келтірмеу керек . Әр топқа жетекші тағайындау Эстафеталы жарысы барысында, оқушылар бір-біріне кедергі келтірмеу Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау. Оқушылардың бағаларын айту Қатарда тұру Сапта тұру Жалпы дамытушы жаттығулар Эстафеталы ойындар жарысы | |
Просмотров: 2528 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|