Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

Мектеп жағдайында ұлттық спорт ойындарын дамыту
МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ

Ұлттық спорт түрлерін мектеп жағдайында өткізудің ерекшеліктері.

Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2010 жылғы жоғары оқу орындарының «Дене мәдениеті және спорт» мамандығына арналған жаңа стандартында «Ұлттық спорт түрлері» базалық пән ретінде, «Ұлттық спорт түрлерін мектепте жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері» кәсіптендіру пәні ретінде берілген. Қазақстанда қоныстанған халықтардың ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде негізгі тұрғылықты халық, жер иесі қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін мектептерде жүргізудің танымдық, тарихи және патриоттық негіздері бар. Сонау біздің заманымызға дейінгі сақ және ғұндар, онан бері қазақ хандығы кезеңінен бері осы ұлттық спорт түрлері дамып, жетіліп осы кездерге дейін маңызын жоғалтпай келді.
Ұлттық спорт түрлері – дене тәрбиесі жүйесі арқасында біздің ата-бабаларымыз білектің күші, найзаның үшімен осынау кең даланы ұрпақтарына арнап, қорғап, сақтап қалды.
Батыр бабаларымыздан мирас болып қалған осы ұлттық спорт түрлерін біз осы қазіргі заманда сақтауымыз, түрлендіруіміз, жаңартуымыз, қазіргі заманға сай лайықтауымыз керек. Сол арқылы жастарымызды күштілікке, мықтылыққа, батылдыққа, батырлыққа, шыдамдылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытта жүргізілетін көп жұмыстардың ішіндегі бір негізгісі, маңыздысы мектептерде дене тәрбиесі сабақтарында, сыныптан тыс спорт-сауықтыру жұмыстарында, жарыстарда ұлттық спорт түрлерін насихаттап, кең қолдану.
Қазіргі кезеңге дейін жеткен ұлттық спорт түрлерін біз шартты түрде үш топқа бөлдік. Олар: ат үсті спорт түрлері, жекпе-жек спорт түрлері және ақыл-логикалық спорт түрлері.
Ат үсті спорт түрлеріне жататындар: бәйге, қыз қуу, теңге алу, жамбы ату, көкпар спорттары.
Жекпе-жек спорт түріне жататындар: қазақша күрес, аударыспақ, сайыс.
Ақыл-логикалық спорт түрлеріне жататындар: дойбы, тоғызқұмалақ.

Осы ұлттық спорт түрлерін қазіргі кездегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізу әдістемесі Қазақстан Американ Еркін универсиетінің «дене мәдениеті және спорт» мамандығының 4 курс студентерімен «Ұлттық спорт түрлерін мектепте жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздері» пәні сабағында және №16 мектептің дене тәрбиесі сабақтары, сыныптан тыс жұмыстары кездерінде эксперименттік сынақтан өткізілді.
Ұлттық спорт түрі қазақша күресті төрт түрлі жолмен өткізуге болады:
А. Ұлттық спорт түрі қазақша күресті жылдық жоспар кестесіне спорттың бір түрі ретінде 10 сағат көлемінде енгізуге болады. Кеңес заманы кезінде күрес дене тәрбиесі мектеп бағдарламасына спорттың бір түрі болып енгізілген болатын. ЖОО-да 3 курста спорттық күрес базалық пәндер қатарында жүргізілген. Қазақша күрестен сабақ өткізу әдістемесі құрастырылған.
Ә. Қазақша қүрестен үйірме ұйымдастыру.
Б. Сабақтың негізгі бөлімінде күшті дамыту үшін қозғалмалы ойын түрінде және өзін өзі қорғау ретінде қолдануға болады.
В. Қазақша күрестен жарыс ұйымдастырып, өткізу.

Тоғызқұмалақ спорт түрін мектеп жағдайында өткізу әдістемесі.
1. Тоғызқұмалақты мектеп дене тәрбиесі жұмыстарына енгізудің 5 түрі бар:
А. Ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақты дене тәрбиесі сабағының жылдық жоспар кестесіне спорттың бір түрі ретінде 10 сағат көлемінде енгізуге болады. Оны қыста ауа-райының суық кездерінде тоқсандық жоспар кестесінің 3 тоқсанына қою қажет. Қазіргі кезде дене тәрбиесі сабағы кезінде тоғызқұмалақ ойынының техникасы мен тактикасын жүйелі үйрету мен жетілдіру әдістемесі құрастырылуда.
Ә. Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындары секілді қарсыласыңды логикалық ойлау сипатында жеңу ойын түрлерінен үйірмелер ұйымдастыру.
Б. Дене тәрбиесі сабақтары кезінде сабақтан босатылған оқушыларды бос отырғызбай тоғызқұмалақ ойынын ойнатуға болады.
В. Дене тәрбиесі сабақтарында волейбол, баскетболдан екі жақты ойын ойнап жатқанда кезек тосқан оқушыларға ойнатуға болады.
Д. Тоғызқұмалақтан бастауыш, орта, жоғары сыныптар арасында жарыстар өткізу.

Ұлттық спорт түрі – қыз қуу дене тәрбиесі сабақтарында ойын түрінде өткізіледі. Спорт түрінің негізгі элементтері толығымен сақталады.
Спортзалда сөре және мәре сызығы сызылып белгіленеді. Ер бала сөре сызығында, қыз бала сөре сызығынан 3 метр алда тұрады. Төрешінің берген белгісімен қыз бала алдыға жүгіреді де, ер бала қызды қуып жетіп, қыздың арқасындағы бекітілген шағын орамалды жұлып алуға тырысады. Кері қайтарда жігіт қашады, қыз қуып жетіп, белбеумен соғады.

Секундомермен орамалды жұлып алу мен белбеумен ұру уақыты есептеледі, егер жете алмаса, мәреден өткен уақыты есептеледі. Барлық жұптар жүгіріп өткеннен кейін уақыт нәтижелері бойынша алған орындары анықталады. Бұл спорт түрлерімен жаттығу арқылы оқушылардың жылдамдық, ептілік қасиеттері дамиды.

Мектептің дене тәрбиесі сабағында ұлттық спорт түрі – көкпарды өткізу әдістемесі.
Спорт залдың екі жақ шетіндегі ортасына 0,4 метрлік шеңбер сызылады, ол қазандық деп аталады. Спортзалдың ортасына толтырылған доп немесе ешкінің макеті тасталынады. Оқушылар екі топқа бөлініп, қарама қарсы сызық бойына қазандықтың жан-жағына сапқа тұрады. Оқушылардың саны төрт немесе бес адам ғана болуы қажет. Төрешінің белгісі бойынша көкпаршылар ешкінің макетіне тұра жүгіреді, бұрын келгені іліп алып қарсыластың қазандығына ұмтылады немесе басқа ойышыларға пас береді.

Жарыс мақсаты қарсыластың қазандығына ешкіні қолмен салу. Жарыс ережесі бойынша допты немесе ешкі макетін қазандыққа лақтырып салуға болмайды. Жарыс регби ойынының ережесіне ұқсас өткізіледі. Ойын жастарына байланысты 5-10 минутқа созылады. Қазандыққа көп доп салған оқушылар жеңген болып есептеледі. Бұл спорт түрін ойнау арқылы оқушылардың күш, төзімділік, ептілік қасиеттері дамиды, олар батылдық, қажырлылық, қайсарлық қасиеттерге тәрбиеленеді.
Мектептің дене тәрбиесі сабағында ұлттық спорт түрі – аударыспақты өткізу әдістемесі. Спорт залда диаметрі 3-5 метр шеңбер сызылады. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топ ішінде дене бітімдері, бойлары, салмақтары бойынша біреулері ат, екіншілері сайыскер болып бөлінеді. Сайыскерлер аттарына мініп (бір-бірлерінің арқаларына отырады, ат болған оқушы сайыскердің санының астынан қолымен құшақтап, көтеріп алады) қарсыласын қолынан, желкесінен тартып атынан аударып алуға тырысады. Атынан ауып, аяғы жерге тиген оқушы жеңілген болып есептеледі. Күрессіз, себепсіз шеңбер сыртына қашқан сайыскерге айып ұпайы салынады.
Сайыс уақытын оқушылардың жастарына баланысты 2-3 минуттарға соза беруге болады. Уақыт өткен кезде сайыскерлер таза жеңіске жете алмаса, жеңімпаз ұпайы санымен анықталады. Үш рет себепсіз шеңберден қашқан сайыскер жеңілген болып есептеледі. Жарысты осы ережемен командалық және жеке жеңімпаздарды анықтау түрінде жүргізе беруге болады. Бұл спорт түрін ойнау арқылы оқушылардың күш, төзімділік, ептілік қасиеттері дамиды.
Мектептің дене тәрбиесі сабағында ұлттық спорт түрі – бәйге және жорға жарысын өткізу әдістемесі. Спорт залдың бұрыштарына толтырылған доптар қойылады. Оқушылар бір-екі санымен саналып, екі-екіден бөлінеді. Бөлінген екі оқушының жақсы жүгіретіні ат, екіншісі шабандоз болып аталады. Ат болған оқушының желкесі арқылы екі қолтығынан 1,5 метрлік белбеу өткізіліп екі ұшы шабандоздың қолына беріледі. Ат пен шабандоздың арасы 0,5 немесе бір метрдей боуы қажет. Спорт залды бір айналу шеңбері шартты түрде бір шақырым болып есептеледі. Ойыншылар ат, шабандоз ролдерін ойнап уақыт бойынша спорт залды айналып 5-25 шақырымға жарыса жүгіреді (қашықтық ұзақтығы жастарына байланысты). Жақсы уақыт көрсетіп, ереже бұзбай жүгірген оқушылар жеңімпаз болып есептеледі. Қойылған доптардың ішімен жүгірген, шабандоздан аттары озып кеткен оқушыларға айып ұпайы белгіленіп, уақыттарына уақыт қосылады немесе жарыстан шығарылады.

Жорға жарысы да осы ереже бойынша өткізіледі, бірақ ат және шабандоз жүгіргенде оң аяқтарымен оң аяқтары, сол аяқтарымен сол аяқтары бірдей алынып жүгірулері қажет болады. Аяқтары бірдей алынып жүгірмесе ол жұп жорға жарысының ережесі бойынша жарыстан шығарылады. Бұл спорт түрін қолдану арқылы оқушылардың төзімділік, жылдамдық-төзімділік қасиеттері дамиды

Мектептің дене тәрбиесі сабағында ұлттық спорт түрі – жамбы атуды өткізу әдістемесі. Спорт залдың қабырғасына дөңгелектеліп 1 ден 10-ға дейін нысана сызылады. Нысанадан 10-15 метр (жастарына, жыныстарына байланысты қашықтықты ұлғайтуға болады) жерге сызық белгіленеді. Оқушылар ақырын жүгіріп келіп, үлкен теннис добын лақтырып, нысананы көздеп жаттығады. Жүгіріп келіп допты нысанаға лақтыру техникасы гранаты лақтыру техникасына ұқсас. Төрт-бес сабақ кезінде лақтыру техникасын үйрету және жетілдіруден кейін нысанаға лақтырудан бақылау сынақтарын алуға болады.
Жарыс түрінде өткізілетін жамбы ату сынағында ортадағы ондық нысана жамбы болып есептеледі. әрбір оқушыға бес теннис добы беріледі. Оның екеуі лақтырып көру, үшеуі сынақ тапсыруға арналады. Негізгі үш лақтырудың нысанаға тигізгені бойынша ұпай саны анықталады. Мысалы, 10 + 8 + 3 = 21 ұпай. Осылай барлық оқушылар жамбы атып болғанан соң ұпай сандары бойынша жеңімпаздар анықталады. Бұл спорт түрін ойнау арқылы оқушылардың қмиыл дәлдігі, үйлесімділігі, ептілік қасиеттері дамиды.

Жарыстың жеңімпазын анықтау жолы: Ең тез жылдамдықпен келген спортшыға 100 ұпай беріледі, одан кейін келгендерге әр 0,1 секундына бір ұпай кемітіледі. Әрбір іліп алған жүлдеге 20 ұпай қосылады.
Спорт залдың жоғары бөлігіне сөре сызығы сызылады, төменгі жағына тығыздалған доп немесе айналып өтуге болатын әртүрлі заттар қойылады. Сөреден шыға жүгірер жолдың бойына бір жерге, қайтар жолға екі жерге шытқа түйілген темір тенгелер тасталады. Оқушылар ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі екіден (сыныптағы оқушылар саны көп болса жүгірушілер санын көбейтуге болады) бар екпіндерімен жүгіріп барып үш жерде жатқан теңгелерді іліп алып, мәре сызығынан тезірек жүгіріп өтуге тырысады.
Ойын жүргізуші олардың уақыттарын белгілеп, тенгені алғандарын қадағалап тұрады. Барлық оқушылар жүгіріп өткенен соң жылдам жүгіргендердің алған орындары анықталады. Бұл спорт түрлерімен жаттығу арқылы оқушылардың жылдамдық, ептілік қасиеттері дамиды.
Қорытынды. Қазақтың ұлттық спорт түрлерін қазіргі кездегі мектеп жағдайында өткізудің осындай әдістемелік ерекшеліктері бар. Сабақ басында оқушыларға ұлттық спорт түрлерінің тарихын, бұрынғы, қазіргі ережелерін, маңызын айту, олардың өз ұлтына деген мақтаныш, патриоттық сезімдерін оятудың үлкен маңызы бар.

Источник: http://Физкультура
Категория: Физическая культура | Добавил: banu (2014-01-08) | Автор: banu E
Просмотров: 3081 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 11:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru