Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

Жарыс алдындағы дайындық
Жарыс алдындағы дайындық.
Ұзақ уакыт және белсенді түрде дайындалған боксшы үшін ең жауапты кезең, ол – жарыс.
Жарысқа дайындалудың өзіндік түрлері мен принциптері болады, алайда,әр боксшының жеке қасиеттерін де (мінезі, әдеттері, психологиялық жағдайы, физикалық дайындығы) естен шығармаған жөн. Боксты жаңадан бастаушы тек жеңіске жету үшін ғана емес , өзінің аз уақыт аралығында қандай дәрежеде үйренгенін корсету үшін де барын салып айқасады. Ал ел, әлем біріншіліктеріне дайындалып жүрген боксшы әдемі бокс корсетуді емес, қарсыласын жеңуді, сонымен бірге айқын басымдықпен жеңуді ойлайды. Мұның бәрі бсекелерге жан-жақты дайындықпен баруды қажет етеді.
Арнайы дайындықтар жарысқа 10-15 күн қалғанда, жарыс алды дйындықтардың соңғы кезеңінде басталады. Ол техника-тактикалық, физикалық, психологиялық дайындықтарды камтиды.
Физикалық дайындық.
Физикалық дайындық боксшының жекпе-жек кезіндегі денсаулығының мықтылығы, озін-озі жақсы сезінуі. Боксшының өзін жайсыз сезінуі оның сенімділігін жоғалтып, жекпе жек кезіндегі бабы дұрыс болмауы мүмкін. Боксшының өзін жайсыз сезінуі туралы бапкерге немесе команда жаттықтырушысына хабарлауы тиіс. Науқас боксшының жарысқа қатысуына қатаң тиым салынады.
Физикалық дайындық ұзақ уақытты қажет етеді. Күш-қуатты, төзімділікті, шапшаңдықты және баска дене қасиеттерін жетілдіру үшін бүкіл спорттық ғұмырында боксшы дене дайындығына үлкен көңіл бөліп, орасан зор еңбек ету керек. Жарысалдындағы 10-15 күнде боксшы дене дайындығынан гөрі, спорттық калпын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлу қажет. Мысалы, дайындық кезеңдерінде күніне 3000м жүгіретін болса, жарыс алды кезеңінде 800м дейін жүгіруге болады. Бұрын қалыптасқан жаттығу ырғағын жарысқа 2-3 күн қалғанда бузып, өзгертудің қажеті жоқ. Және жаңа бір техникалық әдіс-тәсілдерді үйрете бастауға болмайды.
Дене дайындығы, жылдамдығы, төзімділігі және арақашықтықты сақтау қасиеттері жақсы жетілген боксшылар үшін жарыс алдындағы күндерде бұрын жетілдірілген техникасы мен тактикасына арқа сүйейді. Сондықтан да техника мен тактиканы жетілдру жұмыстары жарыс алды кезеңінің бас кезіндегі жұптасып немесе жекелей түрдегі (бапкермен орындалатын жаттығулар) ырғақтан ауытқымайды. Тек тактикалық тапсырмаларды аздап өзгертуге болады: жұптық жаттығулар жеңлдетілген түрде, ұпай жинау мақсатында орындалады. Жаттығудың жарысқа 2-3 күн қалғанда үзілмеуін қатаң қадағалау керек.
Психологиялық дайындық
Жарысқа дайындалу барысында психологиялық дайындық маңызды рөл атқарады. Рингке көтерілген боксшыға, әсіресе жаңадан бастаушы боксшыға кез-келген жағдай психолгиялық тұрғыда әсер етуі мүмкін: жарыс көрермендері, төрешілер, спортшыларды таныстыру сәті, қарсыласы және тағы басқалар.
Боксшылар алдағы жекпе-жектерді ойлап бір күн немесе
бірнеше күн бұрын мазасыздануы мүмкін. Кейбірелері сөзден қалып, томаға-тұйық күй кешуі мумкін. Ал, кейбіреулері сөзшең, сөзуар болып кетеді. Копшілігі тамаққа тәбеті тартпай, салмақ жоғалтуы мүмкін. Кейде боксшылар жекпе-жекке дейін «жанып кетіп» жатады.
Жарысқа тыңғылықты, дүрыс дайындалу үшін мыналарды орындау қажет:
-соңғы күндері жарыс уақытымен жаттығу;
-күнделікті уақытта ұйқтау, тамақтану, демалу және жаттығу;
-жарыс уақытында салмақ тастап, тамақтан тиылмау үшін өз салмағынды бір қалыпта ұстау;
-тактикалық жоспар құру мақсатында өз қарсыласыңды алдын-ала білу(жұдырықтасу мәнерін, физикалық дайындығын);
-жарыс күндері қимыл-қозғалыстың, таңғы жаттығудың мөлшерін азайтту;
-жарыс күндері, жекпе-жектерден бос уақытта алдағы жекпе-жектерді ойлап мазасызданбау үшін көбірек саябақтарда қыдырып, маражайларға барып, театр, киноларға барып, қаламен танысып көңілдідемалу;
-жекпе-жекке түсерде өзіңнің және қарсыласыңның мүмкіндігін сергек түрде саралай отырып, сенімді түрде шығу қажет.
Қыздыру жаттығулары жүйке-психология үрдістің калыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Қыздыру жаттығулары орталық жүйке жүйесін оятып, сезімталдықты күшейтеді, ішкі ағзалардың қызметін жақсартып, бөгде ойдардан аулақ болуға көмектеседі. Сонымен қатар, қыздыру жаттығулары жекпе-жек кезіндегі түрлі жарақаттардан сақтайды.
Категория: Физическая культура | Добавил: Irina_n (2014-02-04) | Автор: Умбеткулов Бейбит Кенжебаевич E
Просмотров: 3807 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2025-07-22, 6:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru