Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық спорттық ролі мен мәні өте зор. Патриот деген өз елін және өз салт –дәстүрін біліп, қадірлейтін адам. Әрбір адам, әрбір халық өз ұрпағының болашағына жанашырлық жасап, өмірдін талабына сай тәлім –тәрбие беруге міндетті. Қазіргі таңдағы басты міндет өз жерін сүйетін, халқының тарихын білетін, тілің, дінін, дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу. Ұрпағының өнерлі, еңбексүйгіш, үлгілі абзал азамат болуын қадағалаған қазақ халқы бұғанасы енді қата бастаған қыз баланы төсек орнын жинауға, ыдыс-аяқ жууға, үй сыпыруға, ою –өрнек, кесте өрмек тоқуға, су әкелуге, ұл баланы –мал бағып күтуге, шөп шабуға, түрлі бұйым жасауға үйреткен. Ән айтқызып, қобыз бен домбыра тартқызып, өлең –жыр жаттауға, шабандоздыққа, жаңылтпаш айтқызып, жұмбақ жасыруға, ұлттық ойындарға баулыған. Баланың бірінші әрекеті-ойын сондықтан да ойын мән-мәнісі ерекше. Ойын –аламның өміріне қадам басардағы алғашқы адымды. Қазақ халқынын ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? Деп айтқандай баланың өміріне ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымдар да шұғылданады. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық көркем бейнелер арқылы ашып берді. Адам іс-әрекетінің ерекше түрімен бірі ойының пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс –әрекеттерін алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шыңдықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Педагогикалық бала ойынынан ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзегіндей қуаныш, реніш сезіміне болады. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай ''сөйтейік”, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды ойын деп түсінуінен. Бұған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау : А) ойын – тәрбие құралы арқылы ақыл – ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді. Ә) серік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. Б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. В) эстетикалық тәрбие беру құралы. Г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Демек ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным - түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды аландыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлт ойындарымыз баршылық. Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталатын болсақ, олардың әрқайсысының қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке – бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Сондықтан орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылады. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман – мақсаттарын, орныққан пікірлерін ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт – дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ерте бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс –тәсілдері, құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтың педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларда отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселе, қазақ ұлттық ойындары «Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», т.б балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Соңдықтан құрметті ағайын естен шығармаған жөн, «Білімді ұрпақ бақытымыз, білімсіз ұрпақ сорымыз». Қазіргі заманда бала дұрыс білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Егеменді Қазақстанды өркениетті елдердің қатарында кіру үшін білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеу керек. | |
Просмотров: 1255 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|