Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Сабақ тақырыбы: Эстафеталық ойын Өткізетін орны: Спорт алаңы Сабақтың мақсаты мен міндеттері: - Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке үйрету; - Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру; - Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, жалауша, т.б. Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау І. Дайындық бөлімі Сапқа тұрғызу - Түзел! - Тік тұр! - Саламатсыздар ма?! Жүру жаттығулары: -қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру; -қол алда, жартылай отырып жүру; -қол желкеде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу; - Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу; - Сол қол алда, артпен жүгіру; - Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру; - Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру. Жалпы дамыту жаттығулары: - Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз; - Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып-тұру. 20 мин. Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау. Қолды бүкпей, толық айналдыру Аяқты бүкпей орындау Денені тік ұстау Қолды бүкпей, толық қисаю ІІ. Негізгі бөлім Эстафеталық ойын: - Оқушыларды 3-4 командаға бөліп, сөре сызығының сыртында, әр команданың арасы 2-3 метрден лекте (колоннада) тұрады. Әрбір команданың алдыңғы жағына 10-20 метр қашықтыққа барып, айналып кері қайтатын жалауша орнатылады. Оқушылар белгі берілген кезде әр команданың бірінші тұрған оқушылары бір мезетте өз жалаушаларын айнала жүгіріп барып келіп, екінші ойыншыға эстафетаны беріп, лектің соңына барып тұрады. 20 мин. Эстафета барысында оқушылардың дұрыс орындауын және басқа нәрселерге алаңдамауын қадағалау ІІІ. Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу - Түзел! - Тік тұр! - Еркін тұрыңдар! Үйге тапсырма беру; Жүйелі түрде бағалау; Оқушылармен қоштасу. 5 мин. Қателіктерін айтып, ескерту | |
Просмотров: 918 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|