Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Ұлттық ойын Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық рухқа тәрбиелеу, қозғалыс сапасын дамыту. Көрнекі: Ысқырық, шыбықтар, орамал, арқан т.б қуралдар. Кезеңдер Сабақтың барысы Жаттығу орындау уақыты Сабақта назар аударатын жағдай Ұйымдастыру кезең Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен танысу, жаттығу жасау, орында `оңғa`,` солға` бұрылу, алға жүру. 1.екі қол белде аяқ ұшымен жүру 2.екі қол белде өкшемен жүру 3.жылдам жүру 4. Жеңіл жүгіру 5.тізені алға көтеріп жүру 6.аяқты артқа көтеріп жүгіру 7.екі қол белде аяқты алдыға түзу тастап жүгіру 8.аяқты артқа көтеріп жүгіру 9.әрбір адымдап секіріп жүгіру 10.екі қол белде жартылай отырып жүру 11.толық отырып жүгір 12.Дем алуға арналған жаттығулар. 10-12 минут Оқушылар бұрылған кезде дұрыс бұрылу қадағалау. Дененің тік ұстауын қадағалау. Қолдың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Денені тік ұстап жүру керек. Жаттығуды дұрыс жасау керек. Аяқты бүкпеу қажет. Мүмкіндігінше жоғары секіру керек. Кеудені тік ұстау абзал. Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аудару. Негізгі бөлім Ұлттық ойын «Теңге алу» 30 минут Ойынға қатысушылар 2 топқа бөлінеді.Әрқайсысы жеке-жеке шыбық мінеді. Ойын кезегі басталатын жерге көлденең сызық сызылады.Одан әрі 20-30 м-дей жерден тереңдігі 15-20 см 2 шұңқыр қатар қазылады. Шұңқыр тас сиятындай және сайыскерге ыңғайлы етіп қазылады.Шұңқырға үлкендігі бармақтай тастар салынады.Ойынға қатысушылардың соңына қарай 2 топтан 2 сайыс. Сайыскерлер бір-біріне кедергі жасамау керек. Ойын бастаушының белгісі бойынша басталады. Шұңқырдың жанында бөгелуге немесе тоқтауға болмайды. Жеңген топқа баға беру. Ойыншылар неғұрлым көп кер шығады да сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұнқырға жетіп қол сұғып жібереді де тасты іліп алады да мәреге қарай қайта шабады. Қай топ көп тас жинаса , сол топ жеңімпаз аталады. «Соқыр теке» 15 минут Ойыншылар дөңгелене тұра қалып орталарына көзі орамалмен тағылады соқыр текені шығарады . Ойыншы бір орында тұра бермей,түртпесе де ұстатпай қашып жүру керек «Соқыр Теке» ұстап алған ойыншы оның орнын алмастырады. Ойыншылармен «Соқыр Теке» шеңберден шықпаулары керек. «Білектеу» Қарама –қарсы стол жанында отырған екі оқушы оң қолдарын тіреп алақандарымен ұстасады.Белгі бойынша стол басында Отырған оқушылар бір-бірінің қолдарын жыға қарсыласының қол сыртын столға күшпен жығуға тырысады. 15 мин Белгіленген уақыттан бұрын білектесуді бастауға болмайды. Білектесу кезінде шынтақты орнынан жылжытуға,көтеруге орнынан көтеруге болмайды.салмақ дәрежелері 38кг -44 кг 52-56 кг Қортынды бөлім Сапқа тұрғызу. Организмді бастапқы қалпына түсіруге арналған тыныс жолдарына әсер етуші арнайы жаттығулар жасау (демді ішке алып, сыртқа шығару, бір қалыпты жүру) Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма. Оқушыларға бір-бірден жаттығу дайындап келуді тапсыру. 3-5 мин Дұрыс тыныс алу білу, сапта арақашықтықты сақтап , түзу тұру. | |
Просмотров: 695 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|