Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақтың ұлттық ойындары
Сыныптан тыс жұмыс
6 «А» сынып
Өткізген дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Жакупов Ерлан Байжуманович
«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«№32 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс ісшараның мақсаты:
1. Ұлттық ойындарының мазмұнын, ережелерін және ойнау тәсілдерін үйрету
2. Қозғалыс қабілетін дамыту.
3. Дене жағынан қалыптасудың бейімделуіне тәрбиелеу
Сабақ өтетін орны: спорт зал
Өтетін уақыты: 19.02.2015 жыл, сағат 13.00
Керекті құрал жабдықтар: арқан, түйілген мата, теңге, орамал, қамшы, ағаш ат.
І. Кіріспе бөлім
ә) Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға»
а) Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, сабақтын мақсатын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
б) Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды топқа бөлу. Топ аттарын жариялау.
1. Тұлпар тобы
2. Арғымақ тобы
1. Жаяу «Бәйге» ойыны. Ойын ережелерін хабарлап түсіндіру, үлгісін көрсету
«Бәйге» деп аталатын ойын кәдімгі жүгруден тұрады.
Қазіргі спорт және дене шынықтырудағы бағдарламаларды салыстырғанда кәдімгі марафон жүгірісі деуге болады. Өйткені марафонға да сансыз, есепсіз адам қатыса береді және ол да қашық жерлерге, шақырымдарға жүгіру болып табылады. Әрине, қазіргі марафонды қазақтың ұлттық ойындарымен салыстыру қиындау, дегенмен атамыз қазақ кезінде жаяу емес, ойындарды ат үстінде жүріп ойнаған ғой. Сондықтан, қазіргі жағдайда, заманда атпен емес, жаяу жарысып та, ойнаса да жеткілікті және оны денсаулықты нығайтуға деген үлесі зор. Ал, «Бәйге» ойыны былайша айтқанда ат шабыс, ол кәдімгі дене шынықтыру сабағында қолданып жүрген кросс жүгірісі де, бұл ойындардың қатарына жатады. Өйткені бұнда да, оқушылар өзара жарысады, орын алуға, бірінші келуге таласады. Бұл да оқушылардың шыдамдылықты, төзімділікті, ептілікті, намысқорлықты т.б. қазақта бар қасиеттерді көрсетуіне себеп болады. Бұны ойын ретінде де, сабақ ретінде де алуға болады. Өйткені, ол тек жүгіруден тұрады.
2. Теңге алу ойыны. Ойын ережелерін хабарлап түсіндіру, үлгісін көрсету
Керекті құралдар: ағаш ат, тереңдеу ыдыс, тастар.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді.
Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан 2-3 м. Еденге белгілер қойылады. Оған екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының бұйрығы бойынша шаба түседі де, теңгелерді іліп алып, сөреге келеді. Белгі тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Бұл ойын жылдамдықты дамытады, тез әрі дәл әрекет етуге үйретеді.
3. Жаяу көкпар ойыны. Ойын ережелерін хабарлап түсіндіру, үлгісін көрсету
Алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ак, шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады. Ойын оқушылардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі.
4. «Қыз қуу» ойыны.
а/ Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы ұлттық ойындардың мазмұны мен мәнін түсіндіріп, ойын тәртібін айту.
Оқушылар санау арқылы 1-2 бөлініп бірі «Жігіттер» тобы, бірі «Қыздар» тобы болып бөлінеді. Сөреге әр топтан бір-бір оқушы шақырылады. Ойын сөреден және мәреден тұрады. Берілген белгі бойынша сөреде жігіт 5-6 адым жерде тұрған қызды қуып жетіп, қасындағы түйілген орамалды шешіп алуы тиіс.
Мәреге дейін жетіп алса ер балалар тобына 1 ұпай түседі. Егер жете алмаса ойын тоқталмайды. Ендігі жерде қыз қолындағы қамшы есебінде ұстаған басы түйілген орамалмен ұл баланы мәреден сөреге дейін қуып жетіп, ұруы тиіс. Ер бала оған жеткізбей қашып құтылуы керек. Егер де қыз бала қуып жетіп ұрса, қыз балалар тобына 1 ұпай түседі. Осылай ойын жалғаса береді. . «Қыз қуу» ойынын мен дене шынықтыру сабағында, әсіресе жеңіл атлетика тақырыптарында көбірек қолданып жүрмін, өйткені менің байқауымша, балалар бұл ойында өте жақсы көреді, тез көңілденіп, жігерленіп, қызығып ойнайды. Бұнда, ортаға немесе сөреге 1 ұл бала және 1 қыз баланы шығарамын. Ойын сөреден – мәреден тұрады. Берілген белгі бойынша сөреде жігіт (ұл бала) 5-6 м. қашықтан, 8-10 м.
5. «Арқан тарту» Ойын ережелерін хабарлап түсіндіру, үлгісін көрсету Керекті құрал: арқан. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен 5-6 ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі таяқша дайындап алу қажет. Тақтайдың ортасынан арқан өтетін тесік болуы керек. Енді қарды жентектеп аққалаға ұқсайтын үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, арқанды өткізеді. Содан кейін екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Таяқшаны алған топ жеңіп шыққан болып шығады. Бұл ойын күш-қуатын анықтауға, еңбек етуге үйретеді.
Қорытынды бөлім
1. Оқушылардың жетістігін бағалаудың қорытындысын әділқазы алқасы шығарады. Әр ойын нәтижесі бойынша марапаттау жүргізіледі.
|