Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

«Толағай» спорттық ойын сайысы
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы Ақбұлақ ауылы
«Ақбұлақ орта мектебі» КММ
дене тәрбиесі мұғалімі
Ақтанов Айдын

«Толағай» спорттық ойын сайысы
Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту,денсаулық туралы білімдерін, салауатты өмір салтын ұстануларын және өмірге деген көзқарасын қалыптатыру.Ата-аналардың мектеппен қатынастарын дамыту.Оқушылардың біргіп жұмыс атқарып,жауапкершіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс, эстетикалық пәндер апталығына байланысты тәрбие сағаты.
Сабақ әдісі:Ойын,сайыс
Пән аралық байланыс: Дене шынықтыру,қазақ әдебиет,волеология,т.б
Керек құрал- жабдықтар: доп,секірмек,шар,қап,т,б
Сабақ барысы:
І.Кіріспе:Құрметті ұстаздар, оқушылар,қонақтар және команда мүшелері.Осы апта, «эстетикалық пәндер апталығы»екендігін білесіңдер.Осы тақырыпқа байланысты бүгінгі біздің өткізгелі отырған шарамыз да денсаулық сақтау, оны күте білуге шарт.
Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық- ол тыныққан,
Жүйке – тамыр жүйесі.
Денсаулық-ол күлуің ,
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай-демекші,

Бүгінгі «Толағай»атты отбасылық ойын сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысқа әділ баға беретін, әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Өмір өзен ағып жатқан талассыз,
Осы сайыста керек мықты жарылыс,
Болмаса егер денсаулығың сол кезде,
Қаларсыздар жол ортада, шарасыз!-
дегендей 3 командаға ойын шартын түсіндіріп өтейін:
1- сайыс: Таныстыру(топтың аты,ұраны,эмблемасы)
2- сайыс: «Кенгуру»
3- сайыс: «Сүңгіп өт»
4- сайыс: «Баскетбол ойыны»
5- сайыс: «Арба»ойыны
6- сайыс: «Мергендер»
7 -сайыс: « Кім мықты»
8 -сайыс: «Оймен ойналатын ойындар»
Ал қанекей бір- бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз,
«Жеңіске жетеміз» деп,
Жанында ұран тастаймыз.
1сайыс:Таныстыруымызды бастайық(сайыскер бір- бірлеп ортаға шығып, топ атын, ұранымен таныстырып , орындарына тұрады.
1 команда: «Бірлік»тобы
2 команда: «Тұлпар» тобы
3 команда: «Жалын»тобы
2-сайыс: «Кенгуру» деп аталады.Бұл сайыста сайыскерлер екі аяқтарына қап киіп кенгуру секілді секіріп зал соңына барып қабырғадағы мақалдарды жалғастыру.
1 команда:
1)Бірінші байлық- денсаулық 2) Үшінші байлық- он саулық
3)Екінші байлық- ақжаулық
4) Денің сау болса
Жарлымын деме
Жолдасын көп болса
Жалғызбын деме
2 команда:
1)Денсаулық- зор байлық
2)Ауырып ем іздегенше- ауырмайтын жол ізде.
3)Шынықсаң- шымыр боласың
4)Тазалық- саулық негізі
Саулық – байлық негізі
3 команда:
1)Дені саудың-жаны сау
2)Көзің ауырса,қолыңды тый,
Ішің ауырса- аузыңды тый.
3)Күш -атасын танымас
4)Білекті бірді жығар-білімді мыңды жығар.

3 –сайыс: «Сүңгіп өт» деп аталады. Сүңгіп өт сайысында үңгірде өтіп секірткімен 10 рет секіріп топқа келеді.Келесі ойыншы жалғастырады.
4 – сайыс: «Баскетбол ойыны» Әр топтан бір ойыншы шелекті ұстайды, ал қалғандары соған доп лақтырады,допты командасына беріп ойынды жалғастырады.
5-сайыс: «Арба»ойыны деп аталады.Ойыншылар түгел қатысады.Ойынның шарты:шеңберді допқа тіреп арбаша жүргізіп істенге барып қайта келіп келесі ойыншыға береді.
6-сайыс: «Мергендер»деп аталады.Бұл сайыста доппен секіріп барып шарларды жарады.
7- сайыс: « Кім мықты» деп аталады.Бұл сайыста команданың командирлері гір тасын көтереді.
8-сайыс: «Оймен ойналатын ойындар»деп аталады. Бұл сайыста әр командаға логикалық сұрақтар қойылады.
1- команда:Жұмбақбай атай бір табақ алманы немерелеріне береді.Оларға екеуден берсе,біреуіне жетпей қалды,Жұмбақбай атайдың неше немересі бар, табақтағы алма нешеу?
Жауабы:3 немересі,4 алма
2- команда: Бір топ торғай ұшып келіп ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді, бір торғайға бұтақ жетпей қалады.Бір бұтаққа екі торғайдан қонып еді,бір бұтақ артық қалы. Сонда бұта нешеу, торғай нешеу?
Жауабы: торғай-4, бұтақ -3
3- команда:Қоршау орнату үшін 2м сайын 20 дінгек қазды.Қоршаудың ұзындығы қандай болмақ. Жауабы :36м
Ақын да басқан кезде әр кез үнге,
Қалың жұрт құлақ түрер әр сөзіне,
Денсаулығың көп емес біреу ғана,
Сондықтан оны бағалайық бар кезінде.
-Ал енді сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділқазыларға беріледі.(әділқазы алқасы сөз сөйлейді.)
Уа ,халайық назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да, демекші бүгінгі сайыскерлерге,алтын уақытымызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын.баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды.
Категория: Физическая культура | Добавил: гульнараж (2015-03-13)
Просмотров: 3142 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru