Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
ШҚО Семей қаласы «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік – эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешені» КММ Турдыкулов Думан Бактибекович-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу «Табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге нәр береді,бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады» Ұлы славян педагогы Ян Амос Каменский. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 »атты халыққа жолдауында:«Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Осындай алға қойылып отырған міндеттерді жүзеге асыруға дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі мен спорт шешуші рөл атқарады. Дене тәрбиесі-адам денесінің оның қимыл қозғалысының сапасын арттыруға арналған тәрбиенің бір түрі.Осы арқылы адамның педагогикалық, қоғамдық, табиғатты тану сияқты рухани қажеттіліктері өседі.ХІХ, ХХ ғасырларда өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары- А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Е.Букин, М.Бабажанов, А.Байтұрсынов, С. Мұқанов өздерінің шығармаларында жас ұрпақтың дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді, адамның дене бітімінің дамуына, халықтың сана-сезімінің көтерілуіне ықпал жасайтындығын жазды. Дене тәрбиесі-тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы, баланың денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл–ойын арттырады.Мұғалімнің немесе жаттықтырушының басшылығымен күнсайын дене шынықтырумен айналысып жүрген жасөспірім тек қана денсаулығын жетілдіріп қоймайды. Сонымен қатар адамгершілік рухта тәрбиеленеді. Мұғалім күнделікті сабақтарда да оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыруды жолға қойып, балаларға дұрыс бағыт бағдар көрсетіп отыруы тиіс. Еліміздің келешегі, осы жастарымыздың қолында.Осы жас ұрпақтың дене тәрбиесінен жалпы білімінің болуы, олардың ой-өрісін жан-жақты дамытумен бірге, кездескен қиыншылықтардың қандайын болса да жеңіп шығуға дағдыландырады,коллективте қатаң тәртіп сақтау ережелерін орындау дағдысына тәрбиелейді. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі-белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды өзара белсенді болуға үйрету,сабақты жақсы меңгеріп алуы үшін тиімді әдістердің бірі.Ол үшін мұғалім оқушылардан берілген қандай да болса тапсырманы табандылық пен орындауды,өздігінен жұмыс істей білуді, ұйымшылдық пен белсенділікті талап етеді.Жеңіл атлетика,дала жарысы, спорт ойындары,суда жүзу,ұлттық ойындар,гимнастика сияқты спорт түрлерін тек қана практика жүзінде үйренгенімен қоймай,бұл ойындардың ережесі туралы өзбетінше ізденіп, пайда болу тарихына үңіліп, Дүниежүзілік және Қазақстандық спорт қозғалысынан хабардар болу сияқты тапсырмаларды орындап, сабақтан тыс кезде сайыс сабақ, «Дөңгелек үстел», «Дене тәрбиесінің тарихы» апталығы, «Көңілді старттар», «Тоғызқұмалақ –үш күндігі», «Былғары доп» сияқты іс-шараларды өздері ұйымдастырып өткізе алады. Мұғалім олардың жұмыстарын орындауын бақылаушы және кеңесші болады. Оқушылардың «Дене тәрбиесі-адамды қалыптастыратын пән» атты тақырыпта сайыс түрінде ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жоспары төмендегідей болды: Сынып үш топқа бөлініп,әр топ өзіне топ басшысын тағайындайды.Топқа ат қойылып, төсбелгі жасайды.Әр топ өзінің ұраны мен бастап, топ мүшелерін таныстырады. Сайыс ережесі: А.Сәлемдесу, таныстыру Ә.Берілген тақырыпта баяндама қорғау Б. «Бәйге» сұрақтары В.Гимнастикалық жаттығу немесе аэробика көрсету Г. «Тұлғаны танып біл!» Д. «Жас төреші» Ж.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді бағалау Қ.Қорытынды. Топтарға сайыс ережесін алдын ала беріп қояды.Баяндама дайындау керек тақырыптардың тізімі мұғаліммен бірігіп жасалынып қояды.Топтар ішінен тақырыпты таңдап алып,дайындала бастайды. Мысалы: «Қазақтың ұлттық спорт ойындары», «Үстел теннисінің ережесі», «Баскетболдың тарихы», «Бадментон – қызықты ойын», «Азиада және Қазақстан» «Қазақ даласының батыры» т.с көптеген тақырыптарды ұсынуға болады. «Бәйге» сұрақтары үш топқа түрлендіріліп қойылды.Мысалы: 1. «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ алған қазақтың даңқты чемпионы кім? 2. Қазақстанның дене тәрбиесінің Жоғары кеңесі қашан құрылды? 3. Ең алғаш Бүкілқазақстандық спартакиада қай қалада,қашан өткізілді? 4. Волейбол сөзінің мағынасы? 5. Қазақстанда ең алғаш ашылған дене тәрбиесі техникумы? 6. Тұңғыш рет «Спорт шебері» атағын алған боксшымыз? 7. ҚР «Дене тәрбиесі және спорт туралы»заң қашан қабылданды? 8. Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері қайсылар? 9. Дүниежүзілік олимпиада ойындары қай кезден басталды? 10. .«Тоғызқұмалақ» ойынында құмалақтың саны? т.б Гимнастика немесе аэробиканы музыканың сүйемелдеуімен орындайды. «Тұлғаны танып біл»деген турда Дүниежүзілік және Қазақстандық даңқты чемпиондардың суреттерін нөмірлеп көрсетпей қояды .Бір оқушы нөмір таңдап, сол нөмірдегі суретті топ мүшелеріне алып барады. Топ болып суреттегі тұлға туралы әңгіме дайындап,бірін-бірі жалғастыра отырып баяндайды. Мұнда Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов,Дәулет Тұрлыханов,Илья Ильин,Бақыт Сәрсекбаев, Әлия Юсупова,Пеле,Марадонна т.б суреттерін қоюға болады. «Жас төреші» ойынында үлестірме карталарда спорт ойындарының аттары беріледі.Мысалы: Баскетбол,волейбол,футбол,теннис,тоғызұалақ,қол добы т.б. Топ басшылары таңдап алып,қай спорт ойыны кездессе соның төрешісі қалай болатынын ,есебін қалай жазатынын баяндайды.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді топтар тобының аты мен байланысты жасайды.Қорытындыда әрбір кезеңде қойылған ұпайлар қосылып, жеңімпаз топ анықталады. Қорытынды бағалау парағы: р/с А Ә Б В Г Д Ж Қ І топ ІІ топ ІІІ топ Берілген ұпай 5 10 5 5 5 10 5 40 Берілген уақыт 2 мин 3 мин 1мин 2мин 2 мин 3мин 2мин 45 мин Дене тәрбиесі сабағында оқушыларды өзара белсенді болуға дағдыландыру негізінде көптеген жақсы нәтижелерге жетуге болады. Сабақтың негізгі бөлімі – ойын. Ойын кезінде ұжымшылдық көзге түседі. Сондықтан мұғалім оқушылармен өткізілетін ойынды дұрыс таңдап,оны түрлендіре отырып өткізуге тиіс. Ол үшін ойынның ережесін қиындатып, ойыншылардың бір-бірімен байланысын жақсартып,жауапкершілігін арттыру үшін күрделі міндеттер жүктеуі қажет. Сондай-ақ ойынды басқарушыны, капитандар мен төрешілерді ауыстырып отыру керек. Олардың кемшіліктері мен жетістіктерін дер кезінде ескеріп немесе балалардан сұрап анықтап отырған жөн.Ойынға төрешілік етудің, оған қатысушыларды нақтылы іске жұмылдыра отырып,уақытты тиімді пайдалануға және ойын процесінде кездесетін факторларды қалт жібермей,дер кезінде байқап отыруға дағдыландырудың тәрбиелік мәні зор. Мысалы,баскетбол ойынын өткізу кезінде төреші бір мезгілде алуан түрлі факторларды байқап,атап айтқанда,ойыншының аяғы допқа тиді ме, жоқ па,ол өзінің «қарсыласын» итеріп жіберген жоқ па, осыларды дер кезінде көріп, оған ескертулер жасай білуі қажет.Төреші болған оқушылар,өзінің білімін одан әрі жетілдіру мақсатында,өздігінен үнемі спорт пен шұғылданып жүреді. Осылай болса балалар сабақта кездескен қиыншылықтарды жеңуге бірте-бірте дағдыланады. Күш-жігерін барынша жұмсап,өз бетінше дайындалады. Бір-бірінің жаттығуларды дұрыс орындауына бақылау жасайды. Сыныпты сабаққа әзірлеу тобының жетекшісі болады. Ол сабақ сайын ауысып тұрады. Сабақ алдында керекті құрал-жабдықтарды даярлау,кезекшіні анықтау,сынып оқушыларын сапқа тұрғызу,түгендеу,қызықты ойын жаттығуларды дайындап келу, топқа бөлу сияқты жұмыстарды атқарады. «Денің сауда жүгірмесең,ауырғанда жаныңды сақтау үшін жүгіресің»-деген грек ғалымы Геродот. Дене тәрбиесі - денсаулықты нығайтып,адамды қалыптастыратын пән деугеде болады. Дене тәрбиесін жан-жақты байытып,оның қолданымын кеңейтіп,маңызын арттыра түсуге бүкіл мектеп ұжымы және ата-аналар болып жұмылған дұрыс. Егерде біз мектеп оқушыларының күнделікті өмірін зер сала,зерттейтін болсақ, олардың спорт жұмыстарына араласа жүріп,өз бетінше жұмыс қабілеттерінің күн сайын дамып,олардың тапсырылған жұмысты орындауда инициативасы мен өзара белсенділігі артып отыратындығын байқаймыз. Балалардың кейбіреулері азда болса ұйымдастырушылық талантымен танылса,екінші біреулерінің ұстаздық мамандықты таңдайтынын байқаймыз.Әрине оқушылардың бойындағы қабілеттілікпен шектелу жеткіліксіз.Әр біреунің өзіне тән дарынын дамыта отырып,болашақта сол қалаған мамандығын жете меңгеретіндей етіп тәрбиелеу керек. Шәкірттерге дене тәрбиесін беруде мына мәселелерді ерекше ескерген жөн: -балалардың денсаулығын нығайту; -бала ағзасын жан-жақты шынықтыру; -жұмысқа деген іскерлік қабілетін дамыту; -табандылыққа,батылдыққа,шапшаңдыққа баулу; -ұлттық ойындарды меңгерту; -дене қозғалыстарын одан әрі жетілдіру; -жеке басының және қоғамның гигиеналық талаптарды мүлтіксіз орындауға назар аудару қажет. Оқушылар неғұрлым дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына көбірек қамтылса ,мұғалім балалардың шығармашылық қабілетін үнемі қолдап, дамытып отырса, олардың өз бетінше жұмыс істеуге ынта жігері арта түседі. Мұның өзі оқу-сабақ үлгерімін арттыруға, олардың мектеп ережесін қатаң сақтауына зор ықпал жасайды.Бұл қазіргі таңда метептің оқу - тәрбие жұмысындағы өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттер 1.А.Құлназаров,Ө.Жолымбетов «Қазақстан –спортшылар елі» Алматы-2009 2.Е.Төлемісов «Шынықтыру мектебі» Алматы-1974 3.М.Жұмабаев «Пидагогика» Алматы «Рауан»-1993 4.Семенов Л. «Советы тренерам» Москва-1980 5.А.Гомельский «Тактика баскетбола» москва-1966 6. «Қазақ спорты» газеті. 20.09.2011 1.Тегі, аты- жөні: Маканов Қасымхан Жаңабайұлы 2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ 3.Мекеме, лауазымы: «Шұбарсу» жалпы орта мектебі,дене тәрбиесі пәні мұғалімі. 4.Мекен – жайы: Ордабасы ауданы,Шұбарсу елді мекені 5.Мақала тақырыбы: «Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу» 6.Секция: Әдістемелік жұмыстар және тәрбие мәселелері. 7.Керекті техникалық құралдар: Компьютер,интерактивті тақта 8.Жатақхана орындарын дайындау қажеттігі: жоқ Мен Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын. | |
Просмотров: 1124 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|