Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

2-сәбилер тобына арналған ойын-сауық кеші
2-сәбилер тобына арналған ойын-сауық кеші
Тақырыбы: «Сиқырлы дәрумен»
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, достыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу, спортқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру, жанашылдық сезімін ояту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, саяхат, тапсырмаларды орындау, сұрақ-жауап.
Құрал жабдықтар: гимнастикалық орындық, ұзын жіп, бұдыр жол, томаршалар, шыршалар.
Кейіпкерлер: Әтеш, Қоян, Аю. Барысы:
Д/ш нұсқаушысы: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сиқырлы дәрумен». Екінші сәбилер тобының балаларын ортаға шақырайық. (иттің үргені, сиырдың мөңірегені, әтештің әуені, балапандардың шиқылдағаны, музыка әуені жүреді)
Музыка әуенімен балалар дене шынықтыру залына саппен кіреді.
Д/ш нұсқаушысы: - Сәлеметсіндер ме, көңілді балалар! Балалар: - Сәлеметсіз бе. (үн таспадан бір дыбыс естіледі)
Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, тыңдаңдаршы, бұл не шу? Көмекке шақырған дыбыс сияқты.( Кенеттен есік ашылып, Әтеш жылап кіреді) -Балалар, бұл Әтеш қой. Неге жылайсың? Не болып қалды?
Әтеш: Менің тамағым қатты ауырады. Енді ешқашан ән айта алмаймын. Сендерді кім оятады?
Д/ш нұсқаушысы: -Әтеш, қиналма. Мүмкін, біз саған көмек бере алармыз? Не қалайсың? Әтеш: Маған сиқырлы дәрумен ғана көмектеседі, сол дәруменді тапсаңдар , мен жазыламын.
Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, Әтешке көмектесеміз бе? Ол дәруменді қайдан табамыз? Әтеш: Ол дәрумен тек қана Аюда бар. Аюға жету үшін көптеген кедергілерден өтулерің керек.
Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, біз кедергілерден қорықпаймыз ғой? Ал балалар, сапарға шығу алдында күш жинап алайық. Пойызға барып отырайық (музыка әуені жүреді, пойыз жаттығуы орындалады).
Д/ш нұсқаушысы жене әтеш балалармен бірге сапарға аттанады. Алдынан көпір көрінеді. Д/ш нұсқаушысы: -Балалар, алдымызда көпір тұр, сол көпірден өтейік. (балалар гимнастикалық орындықтың үстімен өтеді) -Енді қайда барамыз? Алдарынан қоян шығады. Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қайда бара жатырсыңдар? Д/ш нұсқаушысы: -Біз балабақшадан келе жатырмыз. Аюды іздеп жүрміз. Қоян: Сендерге Аю не үшін керек?
Д/ш нұсқаушысы: -Біздің Әтешіміз ауырып қалды, Аюдан сиқырлы дәрумен сұрайық деп едік.
Қоян: -Балалар, сендер мен сияқты секіру білесіңдер ме? Балалар: Ия, біз сен сияқты секіру білеміз (балалар еденде жатқан таяқшалардан секіреді).
Қоян: Рахмет, балалар, алдарыңнан үңгір тұрады, сол үңгірден сүрінбей өтулерің керек (балалар үңгірден өтеді). Қоян балалармен қоштасып кетеді. Сапар ары қарай жалғасады.
Алдынан үлкен үйме көрінеді. Балалар жақындағанда үймеден Жылан шығады.
Жылан: Кім мені оятты?
Д/ш нұсқаушысы: -Кешіріңіз, біз Аюға баратын жолды іздеп жүрміз, сіз бізге көмек бересіз бе?
Жылан: Жарайды, мен сияқты жыланша жүрсеңдер, сендерге көмектесемін.
Д/ш нұсқаушысы:
Жылан, біздің балалар тапсырмаңызды қалай орындады?
Жылан: Тамаша! Жарайсыңдар, балалар. Тура мен сияқты жүресіңдер екен. Менің үйіме қараңдаршы, әдемі ме? Сендермен ойын ойнағым келеді. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше балалар «Өз үйіңді тап» ойынын ойнайық.
Ойын «Өз үйіңді тап» Жылан: Рахмет, балалар, жақсы ойнайсыңдар екен. Енді мына жолмен барсаңдар, Аюмен кездесесіңдер.
Д/ш нұсқаушысы: Жылан, саған көп рахмет. Жолымызды әрі қарай жалғастырайық. Жылан: Сау болыңдар, балалар. (балалар жыланмен қоштасып кетеді)
Д/ш нұсқаушысы: Балалар сапқа тұрып, мына жолмен жүрейік. Қараңдаршы, баққа да жеттік.
Алдарынан Аю шығады.
Д/ш нұсқаушысы: - Сәлеметсің бе, Аю?
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер не істеп жүрсіңдер? Балалардың саған өтініші бар. Біздің Әтешіміз ауырып, дауысы шықпай қалды. Сізден сиқырлы дәрумен сұрауға келдік.
Аю: - Жарайсыңдар,балалар! Сендер достықтың, ұйымшылдықтың, шапшаңдықтың арқасында көп кедергілерден сүрінбей өтіп ,маған жеттіңдер.Үнемі көмек беруге дайын болыңдар. Менің бағымда сиқырлы дәрумендер өседі. Менімен бірге баққа жүріңдер (балалар баққа барып, гүлдерді көреді). Мына гүлдерді иіскеп, үрлеп көріңдерші, балалар (балалар гүлді үрлейді, гүл ашылады, оның ішінде ыдыста бал тұрады). Менде сиқырлы, балдай тәтті дәрумен бар. Әтеш, сен мына балды жесең, тамағын жазылып әнші боласын. Мінекей, алағой (балды әтешке береді, ол қуана жеп, ауруынан жазылады).
Әтеш: Рахмет Аю, саған! Балалар, сендер менімен бірге жолға шықтыңдар, кедергілерден қорықпай өтіп, маған берген көмектеріңе, рахмет. Енді мен бұрап қойған сағаттай,
Айқайлаймын таң атпай.
КУ-КА-РЕ-КУ! КУ-КА-РЕ-КУ!
Мен енді ешқашан ауырмаймын! Сендер де ауырмаңдар!
Аю: Балалар, сендер батылдық таныттыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Мінекей әтеш, сен ала ғой, балаларға бере ғой (балаларға сыйлық береді)
Д/ш нұсқаушысы: Аю, саған көптен-көп рахмет, енді біз балабақшамызға барайық.
Аю: Балалар, сау болыңдар! (балалар сапқа тұрып, музыка әуенімен кетеді)
Д/ш нұсқаушысы: Балалар, бүгін сендер Әтешке көмек көрсеттіңдер. Сендерге саяхат ұнады ма? Әрдайым мейрімді болып, қиын сәттерде бір-біріңе жәрдем бере біліңдер. Сап, түзел! Тік тұр! Балалар, біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!(музыка әуенімен балалар қоштасып, саппен залдан шығады).
Категория: Физическая культура | Добавил: kibatova75 (2015-12-28) | Автор: Кибатова Бейнегуль Женисовна E
Просмотров: 2246 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 12:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru