Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Жүргізуші: Барлық топ жиналсын! (ысқырық естіліп, қарақшы болып киінген балалар ортаға кіреді.) Жүргізуші: Балалар менің қолыма ерекше карта түсті, сол арқылы Флинттің қазына-байлықтарын табамыз. Біз соларды табуға жүрейік. Алға! Балалар: Алға! Жүргізуші: Саяхатымыз өте ауыр болады. Картада төрт арал белгіленген, солардың ішінен бізге байлықтар аралын табу керек. Ал Флинт байлықтары сиқырланып тасталған. Оны табу үшін тапқыр, мықты балалар керек. Дайынсыңдар ма? Балалар: Дайынбыз! Жүргізуші: Онда жолға шығайық! Теңіз шуы естіледі. Бала дүрбіге қарайды. -Жер, жер, мен жерді көріп тұрмын! (жүргізуші балалармен картаны қарайды). Жүргізуші: Біздің картада Күн мен Жаз аралы. Якорьды тастайық! Музыка, қызыл нәсілді балалар келеді. Қызыл нәсілді бала: Мына аралда не іздеп жүрсіңдер? Жүргізуші: Біз Флинттің қазына-байлықтарын іздеп жүрміз. Сендерде емес пе? Қызыл нәсілді: Жоқ! Бірақ, енді біздің жерімізден кету үшін, өздеріңнің қандай батыр, тапқыр, өнерпаз екендіктеріңді көрсетулерің керек. Жүргізуші: Өте жақсы! Олай болса біз "Жаттығамыз бәріміз" әнін айтып береміз. (Қарақшы, балалар әндерін айтады) Жүргізуші: Мынадай ыстыққа қалай шыдайсыңдар? Қызыл нәсілді: Біз ауа райының әр күйімен доспыз. Әсіресе, ыстықты жақсы көреміз. Ал енді, менің жасағанымды қайталаңдар (барлығы тізерлеп, қолдарын жайып, отыра қалады). О, ғажайып Күн! Бар әлемді жаратушы! Барлық қиындықтардан өтуге бізге күш берші! Сен жылу мен жарықтың, әлемнің көзісің! Жүргізуші: Алға! (ысқырық, пираттар әуені, теңіз шуы). Якорьді көтеріңдер! Әрі қарай жүземіз! (бала дүрбіге қарайды) -Жер! Жер! Мен жерді көріп тұрмын! Қарақшылар картаға қарайды. Жүргізуші: Күз бен дәрумендер аралы! Якорьды түсіріңдер! Аралға тоқтап, дәрумендермен әл-қуат жинап алуымыз керек! Қарақшы, балалар жағаға келеді. Ортаға жемістер костюмінде балалар шығады. Жүргізуші: -О, мына кереметті қараңдар! Сендер кімсіңдер? 1 бала: Бізде бар «А» дәрумен Күш беретін адамға Күзде пісіп толамыз Керекпіз біз әр жанға 2 бала: Басты дәрумен ол «С» Барлығымызға қажет Сақтадың ба есіңде Күнде жеу оны міндет 3 бала: Бізді жесең дәрумен Жинайсың сен бойыңа Табыламыз әр үйден Ой қосарсың ойыңа Жүргізуші: Дәрумендер біз қазына байлықтар аралын іздеп жүрміз. Дәрумен: Дәрумендер аралына қош келдіңіздер! Біздің жерімізде әрқашан күз болады, барлық жемістер пісіп тұрады. Қазына-байлықтарымыз ол-Дәрумендер! Күш-қуат беретін байлықтарымызды сыйға тартамыз. Сапарларыңызға сәттілік тілейміз! Жемістер қарақшыларға себетке салынған жемістерді береді. Дәрумендерге алғысын айтады, бәрі қоштасады.Теңіз шуы естіліп тұрады. Бала дүрбіге қарайды: - Мен ерекше арал көріп тұрмын, айналасы қар. Бұл Қыс аралы. Біреулер қолын көтеріп тұр. Балалар чукот биін орындайды. Жүргізуші: Солтүстік тұрғындары, сендерге рахмет! Суықта тұрсаңдар да өте көңілдісіңдер. Бірақ, бұл суыққа қалай шыдайсыңдар ? Чукча балалары бірге: Бізге ешқандай ауа райы кедергі емес. Суыққа шынығамыз, шыңдаламыз. Жүргізуші: Біздің балаларға да ешқандай ауа райы кедергі болмасын. Сау болыңдар! (теңіз шуы естіледі. Бала дүрбіге қарайды). Бала: Мен жерді көріп тұрмын! Бұл Көктем аралы! Байлықтар аралы! Жүргізуші: Міне , біз келіп те жеттік. Ал сандық, байлықтар қайда? Іздейік қане! «Гүлдер» биі. Балалар сандықты іздеп табады. Жүргізуші: Бұл Флинттің сандығы. Біз байлықтарды таптық! Сандық ашылады, ішінен хат алып шығады. Жүргізуші: Мында ештеңе жоқ , тек хат (оқиды). -Құрметті балалар! Менің қазынамды тауып алғандарыңа өте қуаныштымын. Сандықтың бос болғанына сендер өкпелемеңдер. Мен дүниедегі ең үлкен байлықтың - Денсаулық екеніне көзім жетті. Сол денсаулықты, балалар, мен сендерге тілеймін. Ортаға барлық балалар шығады.Барлығы бірге әнді орындайды: Аязда да тоңбаймыз, Аптапқа да төземіз. Жаңбырмен біз ойнаймыз, Суда еркін жүземіз. Денсаулық-басты байлық Сақтаймыз оны біз есте Дәруменмен достасып Жүреміз біз әр кезде Табиғаттың әр күйін, Біз көңілге жинаймыз. Дос боламыз олармен, Әнге қосып жырлаймыз! Балалар бастарын иіп, музыка әуенімен залдан шығады. | |
Просмотров: 872 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|