Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Сабақтың тақырыбы: 400 метрге уақытқа жүгіру. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар 400 метрге уақытқа жүгіру ережелерімен танысады. Дамытушылық: Оқушылар дене шынықтыру сабағына деген қызығушылықтарын арттырады. Тәрбиелік: Оқушылар шапшаңдыққа, төзімділікке үйренеді. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Жалауша, секундомер, ысқырық. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 2. Бой жазу жаттығулары (5 минут) 1. Саптық және назар аудару жаттығулары: Оң-ға, Сол-ға, Айнал! 2. Жүру барысында жасалатын жаттығулар: Аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отыру, толық отыру, 3. Жүгіру барысында жасалатын жаттығулар: Тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа лақтырып жүгіру, оң иық алға, сол иық алға. 4. Жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ аяқ иық көлемінде, қол белде 1-4 басты оң жаққа айналдыру, 5-8 басты сол жаққа айналдыру. Б.қ аяқ иық көлемінде, қол иықта 1-4 иықты алға айналдыру, 5-8 иықты артқа айналдыру. Б.қ аяқ иық көлемінде қол белде 1-4 белді оң айналдыру, 5-8 белді солға айналдыру. Б.қ – аяқ иық көлемінде қол белде. Оң аяқ ұшымен (10 рет). Сол аяқ ұшымен (10 рет). Қос аяқпен (10 рет) ІІ. Жаңа сабақ. 400 метр қашықтыққа уақытқа жүгіру ережелерімен таныстыру. 400 м қашықтыққа жүгіру айналмалы жолы бар стадионда немесе спорт алаңындағы жүгіру жолында өткізіледі. Жүгіру төменгі сөреден басталады. 400 – 600 м жүгіргенде әрбір жүгіруші жеке жолмен (өз жолымен) жүгіреді. Өйткені екінші не үшінші жолмен жүгірушінің жолы бірінші жолмен жүгірген жүгірушінің жолынан ұзынырақ болады. Сондықтан, 2- және 3-жолмен жүгірушілердің жолы 1-жолмен салыстырғанда қанша ұзын болса, бұл жолдарда жүгірушілердің сөрелері сонша метр алға қарай шығарылуы керек. Бұл жолдардың ұзындығы әрбір жолдың ішкі жақ шетінен 20 см қалдырылып барып өлшенеді. Сөреден шыққаннан кейін адымды кең ашып, жылдамдықты да арттыра беру керек. Шапшаңдықты ұзақ сақтаудың бірден бір кепілі денені бос ұстап еркін жүгіру. Мәреге жақындағанда жоғары жылдамдықты сақтай отырып, ақырғы адымда денені алға қарай еңкейте, сөре сызығынан жүгіріп өту керек. Егерде жүгіруші мәреге бірнеше адым қалғанда қашықтықты қысқртам және уақытты ұтам деп секірсе, ол қатты қателеседі.себебі мұндай сәтте жүгіруші тепе теңдікті жоғалтып, кей жағдайда құлап қалуы да мүмкін. Мұндайда жылдамдық өсу орнына бәсеңдейді. Екі не бірнеше мәреге қатар жеткен жағдайда, яғни тең сайыста кеудені еңкейтудің немесе иықты бұра қоюдың маңызы зор. Осындай қозғалыс көп ретте жеңіске жеткізеді. 1. Оқушыларды сөре сызығына тұрғызу. 2. 400 м қашықтыққа тізені жоғары көтеріп жүгіріп өту. Еркін тыныс алу. Әдістемелік нұсқау: 1. Оқушылар жүгіру кезінде ара-қашықтықты сақтау. 2. Бір-біріне кедергі жасамау. 3. Сөре сызығын баспау. ІІІ. Сабақты қорытындылау, бекіту. ІV. Оқушылар білімін бағалау. | |
Просмотров: 1991 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|