Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы Дене шынықтыру пәні мұғалімі Салкинов Асқар Сайлауұлы Сабақ жоспары№54 Сыныбы: 1 «А» Сабақтың тақырыбы: Көңілді жарыс Сабақтың мақсаты: 1. Ойындар арқылы күш, иілгіштік, секіргіштік, тез аңғару және шапшаңдық сияқты дене қасиеттерін дамыту Тәрбиелік: Өзін-өзі тану» пәнімен ықпалдастыру; Жүгіру ұмтылу,секіру арқылы татулық тәртіпке қандай қиыншылық болса да мойымай ұйымшылдықпен адамгершілікке тәрбилеу: 5 «Т» қағйдасын қайталау Сабақтың түрі: үйрету, дайындық сабағы Қажетті құрал-жабдықтар: сағат (секундомер), ысқырық, доптар т.б. Сабақ өтілетін орны: спорт алаңы Қажетті құрал-жабдықтар: доптар, ысқырық, түрлі заттар Сабақтың мазмұны Дайындық бөлім 8-10 мин Оқушыларды сапқа тұрғызу Амандасу. Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Жеңіл атлетика спорты жөнінде оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың денсаулығын тексеру. Тамыр соғысын өлшеу. Саптық жаттығуларды орындау. «Оңға!» «Солға», «Айнал!» т.б. Негізгі бөлім Жүгіріп жарысу, екі командаға бөліну. БҚ. 1-2 ші командалар, жүгіру, фишканы айналып оң жағымен барып, сол жағымен қайту. Жүгігіріп матрастан аунап допты тастау. БҚ, 1-2 ші командалар жүгіріп барып, матрасқа алға аунап түсіп, допты алып нысанаға тастау, допты қойып, сол жағымен орнына оралу. Ұлттық ойын, асық жинау. Оңқай және солақай. 1-ші команда оң жақпен жүгіріп барып, шеңбердегі асықтың ішінен оңқай асықты алып келу 2-ші команда оң жақпен жүгіріп, шеңбердегі асақтың ішінен Солақай асықты тауып, сол жағымен орнына оралу. Қорытынды бөлім: Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызып, оқушылардың еңбегін бағалау, ескертулер жасау, қауыпсыздік ережесін сақтамаған оқушыларға ескерту жасау, қайталамауын қадағалау Үй тапсырмасы: Өтілген тақырып бойынша жаттығуларды қайталау | |
Просмотров: 629 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|