Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

Методическая разработка по физической культуре
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ИНДУСТРИЯ- ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ» КММ

«Бекітемін» директордың ОЖ бойынша орынбасары __________ Ережепова Ж.А. «___»_____________2018ж.

Ашық сабақтың
әдістемелік әзірлемесі


Тақырып : «Волейбол. Допты беру, соғу және алу үйрету.Тапсырма бойынша ойын»
Пән : Дене шынықтыру

Топ: 9ТМ18к

Мамандығы: 1504000 «Ферма шаруашылығы»

Біліктілігі: 1504082 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің трактор машинисі»

Дене тәрбие оқытушысы: Темиржанов А.М .

«ЖББП» ПЦК отырысында
қаралды және мақұлданды
Хаттама № 3 «8» қазан 2018 ж.
ПЦК төрағасы«ЖББП» Келісілді:
___________ Тихоненко С.А. Колледж әдіскері Чиркова Е.В.______



2018-2019 жыл
Түсіндірме хат

Берілген әдістемелік әзірлеме барлық мамандықтарға арналған. Ашық сабақ 1504000 «Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша)» - 1504082 «Трактор-машинисі» мамандығы бойынша жүргізіледі.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының «Спорт ойындары» бөлімі, тақырыбы «Волейбол. Допты беру, соғу және алу».
Берілген тақырып конгнитивті және іскерлік компетенцияларды қалыптастыруға ықпал тигізеді:
Конгнитивті компетенциялар:
Шабуылдағы ойын техникасын білу
Қорғаныстағы ойын техникасын білу.
Ойын тактикасының элементтері.

Іскерлік компетенциялар:
Волейболшы тұрысын орындау, орын ауыстыру, допты беру, шабуыл соққысы.
Волейболшы тұрысын орындау, орын ауыстыру, допты қабылдау;
Шабуылдағы тактикалық жеке және топтық әрекеттерді орындау;

Сабақтың әдістемелік мақсаты: студент ағзасының барлық функционалды жүйелері, аз уақыт мөлшерінде жұмысқа қосылуын қамтамасыз ететін, әрекетті физикалық тапсырмалар әдістемесін көрсету.

Оқытушы алдындағы міндеттер:
1. Студенттерді тақырыпты меңгеруге дайындау;
2. Допты жоғары беру және алу ережелерін қабылдауын және ұғынуын қамтамасыз ету;
3. Қолдану деңгейінде, алған білімдерін және әрекет тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз ету.

Сабақта қолданылатын әдістер мен нысандары:
әдістер: ауызша, көрнекі, түсіндірме – көрнекі, тәжірибелік, өзін-өзі бақылау әдісі.
нысандар:жаппай жұмыс, өздік жұмысы, жеке жұмысы, ойын тәсілдері.

Сабақ жоспары

Күні : 07.11.2018 ж
Топ : № 9ТМ18к
Дене тәрбиесі бойынша № 35-36
Тақырыбы: Волейбол. Допты беру, соғу және алу үйрету. Тапсырма бойынша ойын
Мақсаты: Оқушыларға волейбол ойынының айла-тәсілдерін үйрету, допты беру, соғу және алу үйрету, командалық ауыз біршілікті нығайту.
Міндетері:
Білімдік: Волейбол. Допты беру, соғу және алу , қорғаныста ойнау әдісін және тактикалық ойын үлгісін үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіпке, командалық ұйымшылдыққа, өз бетімен спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, қабілеті мен икемділігін, күш-қуатын дамыту.
Пәнаралық байланыс : Физика «Ұшу қашықтығы»
Сабақ түрі : Аралас
Қүрал жабдық : Доп, ысқырық.
Өтетін орын : Спорт залы
Уақыт: 90мин

р/с Сабақтық мазмұны Уақыты Әдістік нұсқалар
1

2

3

Кіріспе-дайындық бөлімі

1.Сапқа тұрғызу, амандасу, түгендеу
Сабақтың мақсатын жариялау

2. Саптағы жаттығулар, спорттық жүріс, жүгіріс

3.Қозғалудағы жеңіл дене жаттығулары.

4.Тынысты қалпына келтіру
жаттығулары.

5.Орындағы жеңіл дене жаттығуы.

Бастапқы жаттығу: қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүреміз, қолды желкеге қойып, өкшемен жүреміз.

Қолды белге қойып, аяқтың қырымен сырт жағымен және іш жағымен жүреміз.

Қолды белге қойып, басты алдыға- артқа, солға-оңға бұрамыз.

Басты оң жаққа және солжаққа айналдырамыз.

Қолды алдыға қойып, жұдырықты іш жаққа сыртқа айналдырамыз.

Қолды алдыға созып, шынтақты іш жаққа, сырт жаққа айналдырамыз.

Қолды алдыға қойып, тізені көтеріп жүгіреміз.
Қолды артқа қойып, аяқты қолға жеткіземіз.

Оң жақ және сол жақ жүгіріс.

Артпен жүгіріс, оң жақ пен сол жаққа қарап жүгіреміз.
Қолды белге қойып, қос аяқпен секіреміз.
Бір аяқпен секіру, оң аяқпен және сол аяқпен секіреміз.
Екі тізені кеудеге көтеріп, секіреміз.
Секіріп, қолды үстіге көтеріп артқа созыламыз
Жылдамдыққа жүгіреміз.

Демді қалпына келтіреміз.

Кеудені жерден көтеру

Отырып тұру

Пресс жасау

Бір орында жүгіру

Негізгі бөлім
Волейбол. Допты беру, соғу және алуды үйрету
Тапсырма бойынша ойын
1) Топпен орындалатын жаттығулар.
Оқушыларды екі қатарға бөліп, қарама қарсы тұрғызып, жұппен жаттығу жасау. Екі оқушыға бір доп беріледі, 3 метр арақашықтықта қарама-қарсы тұрып, жұппен жұмыс істейді:
— өз үстіне екі рет көтеріп қарсы жаққа беру.
— допты бір біріне үстінен соғу.
— допты бір біріне астынан соғу.

Допты екі қолмен өз үстіне соғуды тапсыру.
2) Топпен орындалатын жаттығулары, шағын ережемен волейбол ойнау 6х6

Қорытынды бөлім
1.Сапқа тұрғызу
2.Сабақты қорытындылау.
3.Үй тапсырмасы
4.Оқушылардан сұрақ:
5.Қоштасу, киіну. 35 минут

1-3 рет

3-5 рет

1-3 рет

1-3 рет

1-3 рет

1-3рет

1-3 рет
1-3 рет

1-3 рет
1-3 рет
1-3 рет

1-3 рет
1-3 рет
1-3 рет
1-3 рет

20 рет

20 рет

20 рет

1-3 рет

50 минут

2-3рет

2-3рет
2-3рет

2-3рет

5 минут

Формаға, тәртіпке назар аудару.

Оқушыларды түгендеу

Жаттығуды дұрыс орындау. Аяқ алысын бақылау.
Денені тік ұстаймыз.Басты көтереміз.
Денені тік ұстау.

Қолдарын түзу және нақты орындау.

Жаттығуды нақты орыңдау

Жаттығуды дұрыс орындау

Әрекетті дұрыс орындау.


Әрекетті дұрыс орындау.

Ойынның ережесіне назар аудару.

Жаттығуды дұрыс орындау

Әрекетті дұрыс орындау

Топтық ойынның ережесін бұзбау.

Бір сызық бойын.
Жекелеген оқушыларға нұсқау беру.
Сабақтағы белсенді студенттерге баға қою.
Үйге тапсырма беру.

«Волейболдағы допты беру әдістемесі» тақырыбының әдістемелік ұсынысы
Волейболды «миллиондардың ойыны» деп атайды, себебі бұл бүкіл әлемде , әсіресе, біздің елде ең кең тараған командалық ойын.

Бұл спорттың түрі түрлі жастағы, түрлі дәрежедегі, әлеуметтік деңгейі түрлі адамдардың сүйіспеншілігіне ие .
Ойынның негізгі элементі- допты ұсыну, екпіні және жарысқа деген көңіл- күй болып табылады.
Допты беру– техникалық тәсіл , оның көмегімен ойыншы допты ойынға енгізеді.
Допты беру - бұл осы элементті орындау шеберлігі арқылы әрбір ойыншы жеке және бүкіл команда болып құрған жалпы командалық психологияның негізі. Егер ұсыну күшті, дәл және тұрақты болса, онда ойыншының техникалық дайындығы жақсы деп айтуға болады.

Допты беру- ойынның маңызды сәті болып табылады, ол қарсылас команданың ойыншыларына өздерінің әрекеттерін және алдын-ала айрықша сәттерін үйлестіруге және жүзеге асыруға, сәйкесінше, осы ойынның алдын-ала келісілген жоспарын орындауға мүмкіндік бермейді.

Жаттығу кезінде ұсынуды үнемі, жеке ойыншынының ұру техникасын, топтың қимыл-қозғалысын жаттықтырып, жетілдіріп отыру керек.
Волейболда ұсынулар келесідей:
1. төменнен тікелей беру;


2. төменгі жаннан беру;

3. жоғарыдан тікелей беру;


Ойында жетістікке жету үшін ұсынудың қай түрін таңдау керек?
Допты ұсынудың төрт түрінің ішінде бүгінгі күні волейболдағы жоғарыдан беру көп қолданылады.
Неліктен:
- допты ұсынушы алаңқайды көріп тұрады, демек, қарсыластың күшінің орналасуын да жақсы байқайды;
- ойын техникасын жақсы меңгерген жағдайда, допты ұсынушы ойыншы өзі белгілеген ойыншыға допты береді, мұнымен қарсыластың ойын жоспарын бұзады;
- жоғарғы тікелей ұсыну тегеурінді болатындықтан, қарсыластың допты тосып алуын қиындатады.
Волейболда тегеурінді тікелей ұсынуға ештеңе тең келмейді. Онымен, мысалы тегеурінді жаннан ұсыну бәсекелесе алады. Бірақ, бұл бола бермейді, себебі, жаннан ұсыну аяқтарды жылжытуда және допты соғуда қиындық тудырады.
Жоғарғы тікелей ұсыну волейболда төрт тәсілмен орындалады:
1) қолды бүге отырып допты жоғары лақтырумен;
2) иық пен қолды жанға бұрумен;
3) допты бастан асыра дақтырумен;
4) қолды тік ұстап ұсыну.
Ұсынудың сапасы мен тегеуріні допты қолмен соққанға дейін қай жерде тұрғанына байланысты болады.
Сондықтан допты ұсынудың техникасына ерекше мән беру керек.
Ойыншының тұрысы, допты соғуы сияқты барлық негізгі сәттерге назар аудару қажет.
Техникалық тікелей ұсыну волейболда келесі әдіспен жүзеге асырылады:
1. Бастапқы қалып: ойыншы сол аяғымен нық тұрады, ал оң аяғын сол аяқтың өкшесі тұрған сызыққа тірейді.
2. Ойыншы сол қолын бүге отырып допты иегінің , яғни бетінің төменгі бөлігінің деңгейінде ұстап тұрады. Сонымен қатар оң қолы көтерулі болады.
3. Бастау оң аяқтан басталады: бірінші қадам жасалады, еденге тиіп тұрған өкшесі алдыда болады, жылдам сол аяқпен екінші қадам жасалады, тағы да өкшеге тіреледі. Доп алдыға созылған алақынынан 30 немесе 40 см биіктікке лақтырылады.
4. Ойыншының барлық қозғалысы және оның әрекеттері бір қозғалысқа біріктірілсе дұрыс болады.

5. Доптың ұшуы тиіс бағытына қарама-қарсы орналасқан тұсынан соққы жасау қажет.
6. Соққы қолдың алақанымен жасалуы керек (тек қана алақанымен), ойыншының білезігі білезік қосындысында мықты болуы керек ( «мықты білезік»), ол үшін оны барынша шынықтыру керек. Соққы кезінде қол түзу тұруы тиіс.
Допқа дұрыс соққы жасалғаннан кейін, қол доптың таңдалған бағытына қарай еркін қозғалуы тиіс.
7. Доп әдетте бір қолмен және сәл алдынан 50 см биіктікте тігінен көтеріледі, , соққы доптың ұшу жолының ең биік нүктесіне жүргізілуі керек.
Жоғары тікелей ұсынудың волейболда секірудегі беру сияқты өзге де түрлері бар, олар техникалық жағынан күрделі , бірақ ұсынуда күшті және жылдамырақ болу сияқты қосымша мүмкіншіліктер береді.
Оның техникасы мынада:
- тегеурінді ұсыну екпінмен секіруден кейін орындалады, екпінмен жүгірудің өзі тікелей сызықта, торға перпендикуляр түрде орындалады және әдетте екі қадамнан тұрады.
- бірінші қадам ойыншыны допқа жеткізеді. Жылдам және ұзақ екінші қадам соққы жасайтын қадам болып есептеледі. Ол ойыншыны секіруге бағыттайды.
- бірінші қадамды орындаған кезде, ойыншы екі қолды мүмкіндігінше артқа және биікке көтереді; екінші қадам кезінде ол қолын алға жылжытады.
- секіру кезінде соққы жасайтын қол алдыға және биікке қозғалуын жалғастырады; сонымен қатар шынтақты иықтан жоғары көтереді. Екінші қол алдыға көлдеңенінен созылады, бұл ойыншының тепе-теңдікті сақтауын қамтамасыз етеді- соққының өзі доптың қозғалыс траекториясының ең биік нүктесінде жүргізіледі.
Айта кету керек, бұл ұсынудың түрі тек тәжірибелі ойыншылар мен шеберлердің топтарында ғана қолданылады және ұсыну мен шабуылдаушы соққының үйлескен түрін көрсетеді .
Допты ұсыну бірдей және стандартты болуы мүмкін емес, қарсылас топтың ойыншылары стандартты, алдын-ала болжанған доптарды қабылдауға жылдам үйренеді. Ойыншылар ұсыну мен шабуылдың тәсілдерін үнемі өзгерте отыра қарсыласқа психологиялық қысым көрсете алады.
Допты ұсынудың алдында барлық ойыншылардың психологиялық жағынан дайын болуы маңызды.
Жоғарғы тікелей ұсыну, әсіресе секіруде барлық күштердің барынша шоғырлануын талап етеді. Шабуылдаушы допты ұсынатын орынға бара жатып, ойынның барысын, қарсыластың күшінің орналасуын бағамдап, жылдам жинақталуы керек.
Егер допты беру кезінде қателік жіберілсе, қарсыласта тез және автоматты түрде «жолы болу» рефлексі пайда болады да, ойынның басында болатын қарапайым бөгеліп қалушылық жоғалып, эмоциональді көтерім пайда болады . Волейбол командалардың қайсысы ойында жоғары ритмді бірінші қармап және оны ойынның аяғына дейін ұстай алуы маңызды болатын жарыс түрі болып табылады.
Белгілі болғандай, ойыншы ұсынудың түрлі тактикалық әдістерін қаншалықты шебер меңгерсе, оның шеберлігі соншалықты жоғары және команданың тұтастай ойыны сәтті болады.
Допты ұсыну тактикасында допты ойынға дұрыс және жақсы енгізу аз, сонымен қатар оны қарсыластың қағып алуын қиындату керек, яғни , допты беруде доптың тордың ар жағындағы команданың ең әлсіз ойыншысына беруге тырысу керек.
Осылайша, ойын қарапайым көрінгенмен, оның техникасын меңгеру үнемі жаттығуды талап етеді және волейболдағы басты мәселе ретінде допты беруге ерекше назар аудару керек.
Категория: Физическая культура | Добавил: chirk0va (2018-11-20) | Автор: Чиркова Елена Васильевна E
Просмотров: 384 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 11:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru