Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
«Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» Тәрбиешілерге арналған мереке Д/ш нұсқаушысы: – Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, әріптестер! Сіздерді келе жатқан 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін. Егеменді еліміз гүлдене берсін! Сіздерге арналған «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Әділ қазылар алқасымен таныстыру. Музыка ойналады. Д/ш нұсқаушысы: - Қане, спортшылар! Тік тұр! Жүргізушіге қарай басыңды бұр! Тік тұр! Оңға бұрыл! Тәрбиешілер бір тізбекпен алға жүреді. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасату. «Биші әйел» – аяқтың ұшымен, табанмен жүру. «Балапан» – өкшемен жүру, «Пони» – ауыстырмалы қадам, «Күркетауық» – тізені бүгіп жүру. Жүгіруге арналған жаттығулар: «Құс» – аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру. «Құлыншақ» – тізені жоғары көтере жүгіру, «Жылан» – әдісі бойынша, «Балапандар» – шашыраңқы жүгіру. Секіруге арналған жаттығулар: «Қоян» – екі аяқпен секіру, «Бақа» – отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру, «Қайшы» – аяқты айқастыра секіру «Зырылдауық» – өзін айнала секіру. Жалпы дамыту жаттығулары музыка әуені сүйемелдеуімен орындалады. Тәрбиешілер ілгері жүреді, екі колоннаға сапқа тұрады. Осы сайысқа баға беруші әділқазылар алқасымен таныстыру. Д/ш нұсқаушысы: – «Сәлем – сөздің анасы» -деген нақыл сөз бар. Екі топ өздерін таныстырып жіберсін. 1 - сайысымыз сұрақ-жауап. 1 сұрақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қай жылы алды және егемендігімізге неше жыл толды? Жауап: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 24 жыл толды. 2-сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторы кім және әнұран қашан бекітілді? Жауап: Сөзін жазған: Жұмекен Нажімеденов , Нұрсұлтан Назарбаев. Компазитор: Шәмші Қалдаяқов. Бекітілді 2006 ж 6 қаңтарда. 3-сұрақ Өткен ғасырларда өмір сүрген ел басқарушы, халқымызды тәуелсіздікке бастаған қазақ жандары кімдер? Жауап: Халқымызды тәуелсіздікке бастаған хандарымыз Абылай хан, Бөкей хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Керей хан. 4-сұрақ Қазақ халқының батырларын атаңыздар. Жауап: Қабанбай, Бөгенбай , Наурызбай, Саурық, Райымбек, Қарасай батырлар 5-сұрақ Жеті қазынаға не жатады? Жауап: Жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, бөрен мылтық, алмас қылыш, ер жігіт, сұлу әйел. 6-сұрақ 2012 ж Лондонда өткен олимпиадаға қатысқан Қазақстан елінің чемпиондарын атаңыздар? Жауап: – Илья Ильин, Мая Манеза, Светлана Подабедова, Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Серік Сапиев, Ольга Рыпокова. 7-сайыс: Отан туралы мақал-мәтел сайысы. Д/ш нұсқаушысы: - Сұрақ-жауап сайысының бағалары. 1-эстафета: «Баскетбол» ( баскетбол шитіне допты кедергілер арасымен тура апарып түсіру). 2-эстафета: «Орамалды ілу» (тартылып тұрған жіпке орамалдарды ілу). 3-эстафета: «Бубенді соқ» (шведтік қабырғаға мініп бубенді соғу). 4- эстафета: «Чехарда» (бір-бірінің үстінен секіріп өту). 5 - эстафета: «Тікенек доппен» ( допты тамақтың астына қойып, бір-біріне беру. Белгіленген жерге дейін бару, кері қайту). 6- стафета: «Қаппен секіру». 7-эстафета: «Шарды жару» (екі-екіден арқаларымен тұрады, орталарында шар, белгіге дейін барып, шарды жару керек). Әр тапсырманың соңында әділқазы алқасы сайысқа қатысушыларды бағалап ұпай сандарын көрсетіп отырады. Д/ш нұсқаушысы: - Құрметті сайысқа қатысушылар, сөз кезегін әділқазы алқасына берейік. Әділқазы алқасы өздерінің қорытынды бағаларын айтып, сайысқа қатысушыларды құттықтап марапаттайды. Д/ш нұсқаушысы: - Құрметті әріптестер, қонақтар! Бүгінгі мерекеміз өз мәресіне келіп жетті. Сіздерге зор денсаулық, күш- қуат тілейміз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Келесі спорттық мерекелерде кездескенше аман-сау болыңыздар! Источник: http://kibatova_75@mail.ru | |
Просмотров: 600 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|