Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны
Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны.

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеүде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-ғұрпын,салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады.Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз.Халық педогогикасының бір саласы-ұлт ойындары.Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап,қызық құып,уақыт өткізу үшін емес,белгілі бірбілімділік тәрбиелік мақсат көздейтінінде.Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады.1)Ойын- сауық ойындары.2)Оймен келетін ойындар.3)Дене шынықтыру спорт ойындары.Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды икемділікке,төзімділік пен шапшаңдыққа,тапқырлық пен алғырлыққа,дәлдік пен ептілікке баулыйтынын айтады.Дене шынықтыру сабағы жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеудің белсенді құралы ретінде мектепте берілетін барлық білім негіздерімен астасып,жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы мен отан қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін қүрайды.
Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе-күнгі сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін.Ойындарды негізінен сабақтың басында да,ортасында да,соңында да пайдалануға болады.Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға,одан қайта ойынға,одан қайта негізгі материалға өтемін.сабақтын аяғын ойынмен аяқтаймын.Мысалы:(қолдың,аяқтың,екуденің негізгі қалыптары мен қозғалыстар)тақырыбына байланысты жаттығулар өткен кезде «Мысық пен тышқан» ойынын пайдалануға болады.Бұл ойын балалардың тыныс мүшелері мен бұлшық еттерінің жетілуіне,жүгіруге үйретеді.Олардың жеңіске деген ерік,қайраттарын шыңдауға батылдыққа,тапқырлыққа баулиды. «Жүгіру және жүру» тақырыбын өткенде «Құтқару» ойынын ойнатамыз.Алғашқы сабақтарды програмаға сай өткізіп,оқушылар программаны дағдылы меңгергеннен кейін оны қалыптастыру ,бекіту мақсатында «Құтқару»ойынын ойнатамын.Ойын жүйріктікке,тапқырлыққа негізделген. «Сапка тұру және қайта –өзгерту»тақырыбында «Қасқыр қақпан» ойынын ойнатамын бұл ойынды сабақтын бірінші жартысында пайдалануға болады.Осы ойын оқушыларға сап құрып тұруды үйретеді,математикада үйренген сандарын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.Шапшаң жүгіру,икемділікпен,айлакерлікке,шешімділікке,мөлшерлей білуге үйретеді.Осы сияқты «Жүру және жүгіру» тақырыбында «Жаяу жарыс»,Секіру» тақырыбын өткенде «Сыңар аяқ»,Лақтыру» тақырыбында кім алысқа лақтырады ойындарын ойнатамын. Бұл ойындардың мақсаты оқушылардың барлық денелерін қозғалысқа келтіруді қамтамасыз етеді. Коллектив болып бірлесудің нәтижесінде жеңіске жетүге деген ерік қайратын шыңдау, олардың өз коллективі алдындағы жауапкершілігін арттыру және төзімділікке тәрбиелеу болып табылады. Ал «Секіру» тақырыбында халқымыздың ежелгі ойындарының бірі «Қарғымақ» ойынын ойнатамын, аталған тақырыптың алғашқы сабақтарында оқушылар секіру жаттығуларын меңгеріп біраз тәжірибе жинағаннан кейін ойналады, ойын көбінесе сабақтын екінші жартысында пайдаланылады. Осы сияқты «Гимнастикасы» тақырыбында «Үлек» пен «Тайлақ» ойының ойнатамын. Бұл ойын байырғы халықтың ойыны, ойын өте қарапайым, мұнда оқушылардың гимнастикалық жаттығуларға лайық барлық түрі бар.
Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне,күш қозғалыс дамуына байланысты өзгерістер енгізіліп,ойын күрделене түседі.Әдетте арнайы берілген жаттығулар оқушыларға қиын соғады,олар оны орындай алмайды,ал ойын түрінде өтсе онда олар қиындықты тез меңгереді.Егерде оқушылар өздерін еркін ұстап,сабаққа бар бейімдерін беріп,белсене қатысса,онда бұл сәтсіздікті тез жеңүге болады.Ондай құралдардың бірі-халық ойындарын дене шынықтыру сабағында пайдалану.5-7 сыныбындағы дене шынықтыру сабағы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімнің негізінде өрістетіледі.Олай болса бұл сыныптардағы дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындарды бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы жүргіземіз.Қорыта айтқанда денешынықтыру сабағына ұлт ойындарын қолдануға болады деп ойлаймын,ол сабақтың маңызын арттырып,сапасын көтере түседі.Менің пікірімше ұлт ойындары дене шынықтыру сабағында оқушыларды өзінше әрекеттенуге,қабылдау мүшелерінің жұмысын арттырады және ойлай білу,мақсатқа жету,өзін-өзі ұстай білуге үйретеді.Өзіне-өзі сенуге,белсенділікке тәрбиелейді,ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды.

Источник: http://files.gameworld.kz/8uhssmuz98.html
Категория: Физическая культура | Добавил: ФизрукиСШ18 (2012-02-07) | Автор: Исембаев М.Т., Атентаев Г.П. E
Просмотров: 6344 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru