Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура |
Учитель физической культуры: Ахметкалиев Ж.А. Сыныбы: 6 «а» Тақырыбы: Спотр ойыны. \Волейбол\ «Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау,беру техникаларын үйрену» Сабақ мақсаты :Оқушылардың денсаулығын арттыру,әржақты дене бітімін жетілдіру. Біліктілік: Балаларға әрдайым талаптарды орындау, денсаулығының мықты шымыр болуын және ойынға қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың бойында дене тәрбиесімен өз бетінше шұғылдануға қажет дағдылар мен икемділік, ептілікті қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушылардың білімін, қабілетін, санасын одан әрі тереңдетіп ойлау қабілетін жетілдіру. Өтетін орыны: Мектеп спорт залы. Керекті құрал жабдықтар: Спорт киімі, ысқыруық, волейбол доптары, музыка. Сабақ бөлімі Сабақ мазмұны Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқаулар I К.Б Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақ мақсатын айту. Орнында бұрылу жаттығулары: оңға, солға, кері бұрылу. Арнайы жүріс жаттығулары. 1.Қол жоғары, аяқ үшімен жүру 2.Қол белде, аяқ өкшесімен жүру Спорттық жүріс. Аяқты артқа сермеп жүгіру. Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Жай жүріс, демді қалпына келтіру. Спорт зал ортасына екіге бөлініп тұру. Қара жорға биінің қимылын көрсету. 10-15 Тыныштық сақтау Жаппай бірдей сәлемдесу Жаттығуларды бірдей орындауын қадағалау Саптан шықпай жүгіру, жаттығу орындау. Биді бірдей қалыспай орындау II Н.Б 1.Допты жоғарыдан қабылдау тәсілі. Допты жоғарыдан қабылдау, жоғарыдан келген допты екі қолмен тек саусақтармен қабылдау керек, екі қолды жоғары ұстауы керек. 2.Допты төменнен қабылдау. Шабуылдан келген немесе тордан асыру шабуылынан (подача) келген допты екі қолды бірге төмен ұстап төменнен қабылдау керек. 3.Допты қайтарып беру техникасы. Допты төменнен және жоғарыдан қабылдап, келесі ойыншыға нақты, түзу жоғары беру техникаларын меңгеру. 20-25 Берілген жаттығуды бұлжытпай орындау керек. Допты қабылдау кезінде секірмеу керек. Берілген жаттығуды бұлжытпай орындау керек. III Қ.Б Сапқа тұрғызу зейінді жетілдіру ойынын өткізу. Сабақты қортындылау. Бағалау. Үй тапсырмасы. 3-5 Тыныштық сақтау,зейін қою. «Келісілді» Директордың оқу-әдістемелік жұмысының орынбасары ________ Д.Т.Сулейменова Спорт ойыны. \Волейбол\ « Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау, беру техникаларын үйрену» Пән мұғалімі: Ж.А.Ахметкалиев Семей-2012 | |
Просмотров: 1471 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|