Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Желімдеу технологиясы
Прназаров Дауиржан Амангалиевич, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: Желімдеу технологиясы
Сыныбы: 7 «Б»
Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 6,7, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Бағдаршам» әдісі:
Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Желім түрлері
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім жылдам» ойыны (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
Желім түрлерін атаңдар. Казеин, шел, нитрожелім т.б.
Малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан әзірленетін желім түрі. Сүйек желімі
Шел желімі суды өз көлемінен неше есе артық сіңіреді. 6-10 есе
Қарағайдан, шыршадан, қайыңнан жасалған заттарды желімдеуге арналған желім. Казеин желімі
Ылғал тимейтін бөлшектерге ғана қолданылатын желім түрлерін ата. Казеин және шел желімі
Сүт белоктарының негізінде майы алынған сүзбеден жасалған желім. Казеин желімі
Нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштердегі ерітіндісінен жасалатын желім. Нитрожелім

IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Желімдеу технологиясы
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді.
Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, преске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ престен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады.
Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – желім қабатының қалыңдығы шамаммен 0,1 мм болуы тиіс.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады.
Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.
Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Керекті жеріне аздап қана жақ .
2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат.
3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла.
4. Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас.
5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.
6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: шарбақты, кертікті-тиекті материалдарды құрастырып-бекітуді үйрену.
Шарбақты, кертікті-тиекті материалдарды құрастырып-бекіту кезінде олардың жартысы дерлік өздері кигізілетін ойықтар мен тесіктерден шығып, көрініп тұруы тиіс. Оларды желім жағылып болғаннан кейін тиісті орындарына қағып кіргізіп, престің астына бастырып қояды. Бірақ бұл кезде бөлшектердің дұрыс құрастырылып бекітілгеніне толық көз жеткізіп алу қажет.
Престің астына алып, бастыра желімдеу былай жүргізіледі.
1. Әуелі жақсы жонып, қиюластырылған тақталарды таңдап, іріктеп аллыңдар.
2. Олар қалқанда қалай тұруы керектігіне қарай рет-ретімен орналастырыңдар.
3. Тиісті жақтарына желім жағыңдар.
4. Бұрандама қысқыштың көмегімен жақсылап бекітіңдер.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Сиқырлы торша» ойыны
Желім қабатының қалыңдығы неше мм болуы тиіс? 0,1мм
Ағаш материалдарының дымқылдығы неше пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді? 8-10%
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі не деп аталады? Желімдеу технологиясы
Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек? 18-25°
Құрал-саймандармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережесі. Құрал-саймандардың дұрыстығын тексеру.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Шығармашылық шарт» ойыны:
Қабілетті немесе тілек білдірген оқушыларға міндетті тапсырмамен қоса шығармашылық шарт тапсырылады. Ол щарт бойынша оқушы сол тапсырмаға байланысты сөзжұмбақ құрастырып, қызықты деректер жинауы немесе тірек белгі жасап, әзіл сурет дайындау қажет.
Категория: Технология | Добавил: dauir89 (2013-05-05) | Автор: Прназаров Дауиржан Амангалиевич E
Просмотров: 2466 | Теги: dauir89 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru