Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология |
Прназаров Дауиржан Амангалиевич, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы. Сыныбы: 6 «Б» Пәні: Технология Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы. Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру. Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету. Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салтдәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті». Құралдары: ермексаз, ДВП, үшқат, пышақ түрлері Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика. Пайдаланған әдебиет: технология 5, 6-сынып. Е.Дүйсенбаев, А.Балғожаев. оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Қызылорда, 2006ж. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 2. Сынып тазалығын тексеру. 3. Оқушы назарын сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын тексеру Пышақ қынын тігу. Үй тұрмысында қолданылатын теріден жасалған кейбір мүліктер және оларды жасаудың халықтық технологиясы. «Бағдаршам» әдісі: Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес. III. Үй тапсырмасын бекіту «Жұптық сұрақ-жауап» әдісі: Сұрақтрды мұғалім қояды, ал оқушылар жұптасып, бір-бірін бағалайды немесе «+», «-» белгісін қойып отырады. Келесі нұсқамен жұмыс кезінде жауап беруші оқушы бағалаушыға айналады.(сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау). Бөстек дегеніміз не? Адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш. Мес дегеніміз не? Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған ыдыс. Саба дегеніміз не? Мал терісінен тігілетін ыдыс, ол қымыз, шұбат ашыту үшін пайдаланылады. Бұлқыншақ дегеніміз не? Жылқы терісінен жасалатын ыдыс. Тарамыс дегеніміз не? Теріден, көннен, былғарыдан жасалған бұйымдарды тігетін, ірі қараның сіңірінен алынған берік жіп-таспа. Пышақ қынын кескенде қиындыларының есептеу үшін қандай пәнді қолданады? Бұйымның қабы қандай шикізаттардан жасалады? Тігістің қандай түрлерін білесің? Теріні илеу мен шикідей өңдеудің айырмашылығы неде? Олардан жасалатын бұйымдарды ата. IV. Жаңа сабақты даярлау. Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы. «Қызықты сұрақ» әдісі: Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: неліктен? Ол кім, бұл не? Сипатында болып келеді. Өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? Оларды ата. Өрнек бөліктерін қандай мақсатта жапсырмалаймыз? Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Қошқардың мүйізінен үйрендім. Ә. Қастеев. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды. Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері. Екіншісі – басқа халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері. Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері. Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады: 1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер. Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі. Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі. Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады. Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі. Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек. 2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер. Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек. Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі. 3. Космогониялық ою - өрнектер. Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек. 4. Геометриялық ою - өрнектер. Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек. Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады. Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі. Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. Сергіту сәті. Видео ролик (ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарына ою-өрнекті жапсырмалау өнері). V Сарамандық жұмыс. Белгілі бір бұйымға сауатты түрде өрнектерді ою үшін, оның мәнерін, ойылу ырғағын айыра білуіміз қажет. Осы мақсатта жапсырмалау өнері өрнектердің элементтерін нақтылы түрде сауатты өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, белгілі бір өрнектің бөлігін сызбаға түсіріп, мұғалімге тексертіп алғаннан кейін, ермексазбен өрнек үлгісін жапсырмалаймыз. Жапсырмалауды бірнеше тәсілмен орындауға болады, олар: өрнек қыры тікбұрышты 90°-та жапсырмалау; дөңес, жартылай домалақ түрінде; өрнек қыры тікбұрышты, беті ойық әдіспен және беті тегіс, ал шеті 45°-та еңіс күйінде жапсырмалау. Белгілі бір әдісті таңдағаннан кейін, өрнек бөлігін арнаулы бір ұшқаттың немесе ДВП кесіндісінің үстіне, тіпті қатты қатырма қағаздың үстіне жапсырмалаймыз. Ол үшін, біріншіден, ермексаздың қажетті бөлігін үзіп алып, домалақтап ширатамыз да, мұғалім тексерген өрнек үстіне шекара сызығы бойымен орнықтырамыз. Жапсырмалау кезінде ермексаз болмаса, оны саз балшық алмастыра алады. Бірақ ол үшін саз балшықты бір тәулік тындырып қою керек. Мерзім бойынша тынбаған саз балшық икемге көнбейді. Жапсырмалау кезінде үшкір пышақ қажет. Жапсырмалау кезінде құрал-саймандарды түгендеп ал. Берілген сызбадан басқа өрнек бөліктерін өз бетіңше жапсырмала. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету. Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау. Жаңа сабақты бекіту «Өзіндік мысал» ойыны: Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды. Қорытынды. «Пайымдау сұрақтары» әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды. Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с Бір сұраққа біренше оқушы жауап беруі мүмкін. Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызады? Жапсырмалаудың қанша әдісі бар? VII Үйге тапсырма. «Үйге тапсырманы талдау» әдісі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек? Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру. Ағаш бетіне ермексазбен ою - өрнек жапсырмалау. | |
Просмотров: 4422 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|