Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі – мазмұны мен сапасына сай ма?
Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі –
мазмұны мен сапасына сай ма?

Еліміздің білім берумен ғылымды дамыту жоспарларын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрдайым өзінің басты назарынды ұстап келеді. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетті.
2007 жылы қабылданған «Білім туралы» заң білім берудің қалыпты жұмыс істеуіне оң ықпал етті. Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді.
Осыған орай «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйырығымен, педагог қызметкерлерді аттестаудың және ережесі күшіне енді.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңі – біліктілік тестілеу, екінші кезеңі – педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қортындыларын талдамалық жалпылау.
Осы бұйрықтың №2 пунктінде «Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б.Қалабаев) педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ тапсырмалардың дайындығын қамтамассыз етсін» деп атап көрсетілген болатын.
Аттестаттаудың бірінші кезеңі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша кешенді компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізілді. Осы жаңа ереженің 15-ші пунктінде «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларын әзірлеуге, мазмұны мен сапасына жауапты» деп жазылған. Ал шындығында ол солай болды ма?
Қазақстан Республикасының заң намалары мен педагогика және психология негіздері бойынша сұрақтардың жауаптарына сын айтуымыз негіссіз болар. Ал пәндік білім негіздерінде, дәлірек айтсақ қазақ мектептеріндегі ұл балаларға арналған технология пәні бойынша компьютерге енгізілген сұрақтардың дұрыс тандалмағаны, сапасының төмендігі, ең өкініштісі – көптеген сұрақтардың қате жауаптарының берілгені, тест сұрақтарын әзірлеуде жауапты адамдардың өз жұмыстарына жауапсыз қарағаны байқалып тұр.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін, жаттығу ретінде берілген кешенді компьютерлік тестілеу әдісінің сұрақтары мен жауаптарына жүгінейік. Негізінен сұрақтар 5–9 сыныптың «Технология» оқулықтарынан алынған. Осы тест сұрақтарын дайын жауаптарымен оқып, талдап саралай келе мынадай өрескел қателерге көз жеткіздік.
Жаттығу үшін берілген екі нұсқада (вариант) 80 сұрақ бар. Кейбіреу қайталанып отырады. Осы берілген екі нұсқадағы тестілеу сұрақтарының компьютерге 50 пайызынан артығының қате жауаптары енгізілген. Мысалы,
1. Ылғал ғимаратта жұмыс кезінде көшірме шам қуаты неше вольттан аспау керек? Дұрыс жауабы: 12-36 В. Технология 8 класс, 122 бет. Компьютерде: 24-48 В.
2. Метрлік ойманы қандай әріппен белгілейді? Дұрыс жауабы: М. Технология 6 класс, 35 бет. Копмьютерде: О.
3. Станок орнатылған тірек қандай металдан жасалады? Дұрыс жауабы: Шойыннан. Технология 7 класс, 116 бет. Компьютерде: Қорғасын.
4. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабат алынады, ол қалай аталады? Дұрыс жауабы: Жоңқа. Технология 5 класс, 27 бет. Компьютерде: Қалдық.
5. Қай сүргінің жүзі доға болып келеді? Дұрыс жауабы: Шерхебель. Технология 5 класс, 28 бет. Компьютерде: Сүргі.
6. Екі кісілік үлкен араның ұзындығы кем дегенде қанша мм болады? Дұрыс жауабы: 1000мм. Технология 6 класс, 73 бет. Компьютерде: 90мм.
7. Ойманың (бұранданың) неше түрі бар? Дұрыс жауабы: 2. Технология 6 класс, 35 бет. Компьютерде: 4.
8. Жұқа ДВП, фанера материалдарын кесіп оятын ара түрі. Дұрыс жауабы: Қыл ара. Технология 8 класс, 83 бет. Компьютерде: Екі жақыт ара.
9. Электр плитасын, үтікті, шайнектерді қыздаратын элементтік аты. Дұрыс жауабы: Нихрон немесе фехраль. Технология 8 класс, 120 бет. Компьютерде: Трансформатор.
10. Кебежені не үшін қолданады? Дұрыс жауабы: Азық-түлік салуға. Технология 6 класс, 106 бет. Компьютерде: Құрал-сайман салуға.

Міне осылай тізбектей берсек, берілген 80 сұрақтың 42-нің қате жауаптары енгізілген. Сонымен қатар мазмұныныа сай келмейтін сапасыз сұрақтарда кездеседі. Мысалы,
1. Бидай, тары, ірі тұздарды ұнтақтауға арналған бұйымды белгілеңіз. Дұрыс жауабы: Келі-келсап. Компьютерде: Оқтау.
2. Ертеректе сәукеленің орнына ұзатылар қыз киетін баскиім қалай аталғанын белгілеңіз. Дұрыс жауабы: оқулықта жоқ. Компьютерде: Тымақ.
3. Алтын адамды безендірген әшекей заттардың саны. Компьютерде: 4000.

Ал алдынғы екі сұрақтартың ұл баларға арналған технология пәніне қатысы жоғы былай тұрсын, жауаптарының өзі күмән туғызады. Осы тест сұрақтары 2010 жылы 24 желтоқсанда Семей қаласының №47 мектебінде өткен технология пәні мұғалімдерінің қалалаық семинарында талданып, қателері көрсетіліп, тиісті хаттамада толтырылды. Тест сұрақтарының сапасының өте төмендігі, керексіз сұрақтардың кіріп кеткені, ең бастысы қате жауаптарының енгізілгені деп атап көрсетілген болатын.
Біздің қолымызда тест сұрақтарының толық нұсқасы жоқ. Егерде бола қалса талдап, нәтижесін жазып шығатын едік. Енді осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Әр нұсқада орта есеппен 20 сұраққа қате жауап берілген. Яғни, берілген тест сұрақтарын 50 пайыздан артығының қате жауаптары белгіленген деген тұжырымға келеміз. Сондықтан да, қазақ мектептеріндегі ұл баларға арналған технология пәні негіздерінің біліктілік тестілеуінің сұрақтары мен жауаптары жарамсыз деп танылуы керек. Осы біліктілік тестілеуінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер, дұрыс жауаптары енгізілген кешенді компьютерлік әдіспен немесе қағаз түріндегі нұсқада қайтадан біліктілік тестілеуден өткізсе әділ болар еді.
Категория: Технология | Добавил: Muratbek111 (2014-01-06) | Автор: Мукушев Муратбек Агзашевич E
Просмотров: 5121 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru