Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология |
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып- қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер- сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер “жал”, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар Айша-Бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар, Ахмет Иасауи кесенесі, 13 - 14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді. Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті. Қазақ ою-өрнектің негізгі түрлері: геометриялық, зооморфтық пен көгеріс және қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі). Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. ою-өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, өсімдік өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылык қару-құралдарында сақталып қалды. Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сақина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық (сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болды. Оюлар құрылысына, жазықтыққа, кеңістікке тұйықталу мәніне және образдардың негізгі мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: мысалы, мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануарлар, хайуанаттартар образын сипаттайтын оюлар; гүл, жапырақ, орман, тоғай, жер-суды бейнелейтін өсімдік тектес ою-өрнектер; тұрмыс шаруашылықтағы заттардың формаларын бейнелейтін үш, төрт, ромб және т.б. көп бұрышты геометриялық оюлар; Айды, Күнді, аспанды, бүкіл әлемді сипаттайтын космоногиялық ою-өрнектер. Ата-бабаларымыз осы топты құрылысына, мән-мазмұнына қарай атаулар беріп, оқып, танып бір-бірінен ажырата білген. Ою-өрнекті зертеп не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшылары, тарихшылары, этнографтары, археолог-ғалымдары, айта кетсек, Г.Н.Потанин, В.В.Стасов, П.С.Паласс т.б айтуға болады. Қазақ елінің топырағынан жаратылып, жоғары дәрежелі білім алып, қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф тарихшы, әдебиетші, өнер танушы аталарымыз Ш.Уалиханов, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, Т.К.Бәсенов т.б. жұмыстарын айта кетуімізге болады. Қазіргі таңда, жас елде көне өнер түріне сүйіспеншілік, оны үйрету процестері көптеген елді мекендерде, ауыл-қалаларда тез дами бастады. Мектертерде үйірмелер, арнаулы сабақтар жүргізіліп көрмелер ашылды. Көптеген шағын кәсіпорындар, кооперативтер киім, кілем, ыдыс, ағаш бұйымдарды жасауда ою-өрнектерді көптеп қолдана бастады. Оюдың өзіне тоқталатын болсақ заттың, бұйымдардың, жиһаздардың, ғимараттардың сыртқы пішініне, түріне, шығармашылық әуеніне ерекше мәнер, қосымша әсер беріп, қарпайым симметриялы элементтерден құрылып, ырғақ, теңеу, рең арқылы түзу жазықтықта немесе шаршы, ромб, шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлі өрнекті айтады. Заттың бұйымның сыртқы пішініне, алатын орнына, атқаратын қызметіне, пайдалану мақсатына және шикізат түрлеріне қарай ою-өрнекті ойып, бояп, қашап, құйып, бедерлеп, өріп, заттардың түр-пішініне үйлестіріп іске пайдаланған. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің кейбір ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері негізінде тани отырып, мынадай сызба түрінде көрсетуге болады. Қазақтың өрнекті әшекеймен істейтін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деген сөз қосарланып айтылады. Оюды кілемге, сырмаққа, текеметке, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй жиһаздарына, аяқкиімдерге, зергерлік бұйымдарға, сәулет ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады. Ою-өрнекті мектепке қолданудың өзі оқушылардың қол шеберліктерін дамытып, ой-өрісін кеңітіп, эстетикалық талғамдарын байытады. Және түзу сызық, қисық сызық, шеңбер сызғанда тигізер пайдасы мол. Сол сияқты симметрия туралы толық түсінулерге, көру, байқау қабілеттерін дамытуға, шексіздік туралы, композициялық құрылымның дұрыс орналасуын бақылауларына көп көмегі бар. Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді. «Атымда менің сырым бар»,- дегендей, әр ою- өрнектің астарында алуан мағыналы тарихи ақпарат жатыр. Мысалы, еліміздің туындағы ирек су оюы- өмір жолы, дөңгелек күн оюы - жарық өмір, құсқанат оюы- еркіндікте, қошқармүйіз оюы- молшылықты, тоқтықты, байлықты меңзейді, ал көк түс- ашық аспан, бейбітшілікі білдіреді. Мұнда «Біздің еліміз тәуелсіздікті нық ұстап тұрсын, елімізде молшылық, баршылық, бейбітшілік, бақытты өмір болсын», - деген арман тілек бар. | |
Просмотров: 4636 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|