Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Тойымбаева Р. А. Ою - өрнектің түрлері
Технология. 5-сынып.
Тақырыбы: Ою-өрнек түрлері
Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы білімдерін жүйелеп, ою түрлерін оюды үйренеді.
Міндеттері:
Білімділік: Ою-өрнектердің шығу тарихымен, түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, мазмұнымен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдылық көзқарасын, ой өрісін дамыту. Дағдылар мен икемділікті дамыту.
Тәрбиелік: Әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге, ұқыптылыққа, адалдыққа, адамгершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Топпен жұмыс, суретті-түсіндірмелі,сарамандық жұмыс.
Құрал-жаблдықтар мен көрнекіліктер:Интерактивті тақта, ою-өрнек салынған бұйымдар, ою-өрнек үлгілері, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, флипчарт.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Ою-өрнек түрлерінің кесінділерін құрастыру арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу.

I-топ «Зооморфтық»
II-топ «Ғарыштық»
III-топ «Өсімдік тектес»
IV-топ«Геометриялық»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ұяшықтардағы ою түрлерін таңдап алу арқылы,сұрақтарға жауап беру.
1. Зооморфтық оюларға қандай оюлар жатады?
2. Ғарыштық оюларға қандай оюлар жатады?
3. Геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектерді ата.
4. Өсімдік тектес ою-өрнектерді ата.
5. Құрал-жабдықтардың техникалық қауіпсіздік ережелері.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.
Қазақ ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою-өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс тіршілігенде кеңінен қолданылып, ежелгі заманнан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрінің бірі. Қазақ халқының ою-өрнек өнері сонау тас дәуірінен бастау алады. Жазу, сызу жоқ ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсірген. Бір кезде тасқа, сүйекке, ағашқа түсірілген ою-таңбалар келе-келе әр түрлі бұйымдарға түсіріле бастады.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір аймағының өзінің стильдік ерекшеліктері және үлгілері болған. Соған қарамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі- “мүйіз” тектес ою-өрнектер болып саналады. Өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған.
Ауыз әдебиетінде ою-өрнек туралы бүгінгі күнге жеткен «Ою хан мен Жою хан» деген бір аңыз бар. (Слайд арқылы «Ою хан мен Жою хан» ертегісін көрсету).
Ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы халықтың ою-өрнек, кесте, бедер, тоқыма, тігін өнерлерін меңгергені соншалық, үйлеренің іші-сырты, киім-кешектері, күнделікті қолданатын бұйымдары мен саймандары, түгелден оюланып, өрнектелген әдемі әрі көркем екен. Тағы бір таңданарлығы олар бір-бірімен ою тілінде сөйлесе алатын болыпты. Сондықтан да – Ою хан атаныпты.
Күндердің бір күнінде діні бөлек, бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды тағынан түсіріп, билікті өзі жүргізіпті. Ол енді салт, көне дәстүр, байырғы әдет, бұрынғы әдеп, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет мұраларының бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай, ұмыт бола беріпті. Бұрынғы өнердің мәні кетіп, сол өнерді жасаушы шеберлер азайып, біртіндеп жоғалуға айналыпты.
-Уа, хан ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, -деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондац адамдармен пікірлес болғандардың да көзін жоюға тырысыпты. Сондықтан да оны Жою хан деп атапты.
Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп-біліп, ел билеушіге мынадай ою хат жолдайды.
Одан Жою хан: -Хан ием, сен қазір үлкен күш иесі болып отырсың. Екі иығыңды қолдаушы екі әбжыланың бар. Сен өз басыңды ойлап, өз дәулетіңмен шектеліп қалған жансың. Күндердің күнінде сенің хандығың да, өзің де құбыжыққа айналасыңдар,- деген сөздерді оқиды.
Әйтсе де ол хаттағы сөздерді қаперіне алмай, өз білгенін істей береді. Бұрынғысынша халықты шөміштен қағып, аштыққа ұрындырады. Адамдар қырылады. Ою хан шыдай алмай, тағы да ою-хат жолдайды.
Жою хан бұл хаттың астарында: -“қырылған халық рухы ажал құсына айналып, сенің төбеңде отыр. Ал сенің көз алдыңда өлген адамдардың етін қарға, құзғын шоқып жеуде. Бүйте берсең, ажал құсына жем боласың”,-деген ащы шындық айтылғанын түсінеді. Түсінсе де, түсінбеген болады.
Бір күні жалғыз ұлы саятқа шығып, аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмаққа аттанады. Ол ойына алғанын істеп, аңдарды қырып-жойып келе жатқанында, бір жартастың басынан құлап өледі.
Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салады.
-Кімді кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,-деп жарлық берген соң, ешкімнің батыла бармайды.
Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің барғысы келетінін хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға аттандырады.
Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал-сайманны алып, орманды аралып келе жатып, бір тастың астынан “Жойылсын, Жою хан!”-деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, оқ тиіп, жамбасы қираған сұртышқан жатады. Ою хан дереу жамбасын таңып, дәрі жағып, жөніне жібереді.
Ою хан жолында кезіккен жаралы аң-құстың бәрін емдеп, дәрі береді. Қанаты сынған үкіні емдеп тұрып:
-Орманнан Жою ханның баласын көрдің бе?-деп сұрайды.
-Қанымпезер хан баласы жолында кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмай болғанда, мен оның екі көзін шығарып жібердім. Өйткені ол жаралағанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр,- дейді үкі.
Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне қайтып келгеннен кейін оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де, әлгі сырмақты Жою ханның алдына жайып тастайды. Жою хан сырмақтың оюына қарап, ойланып ұзақ отырып, ондағы оқиғаны іштей былайша тарқатады:
-Балам биік-биік тауларды асып терең-терең сулардан өтіп қалың жыныс орманды аралап күндіз де, түнде де талмай көп жортқан екен. Жүрген жолында бұғы кездесіпті, алдынан қодас шыққан көрінеді, тау тағысы арқар да жолығыпты. Сорлы балам жолбарыспен де арпалысыпты. Ұшқан құстармен де беттесіп, суда жүрген балыққа да ұшырасыпты. Жорғалаған тышқан да қарсы келгенге ұқсайды. Қайран ұлым, алып күш иесі екеніңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпейсің? Тірімісің, өлімісің? Тоқта мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінеді, жжаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
Кенет Жою хан орнынан атып тұрып:
-О, жалған! Өлтірем!!! –деп қылышын суырып алып, Ою ханға сөйледі.
-Сонда Ою хан: - Дат, тақсыр! Сенің «Кімде кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын» деген жарлығың бар емес пе еді? – дейді
-Иә,бар! –дейді қаһарлы хан.
- Ендеше, балаңның өлгенін мен де, халық та сенің өз аузыңнан естіп тұрмыз. «Ханның екі айтқаны-өлгені» алынса, сенің басың алынуы, - дейді Ою хан бүкіл халық оны қолпаштай жөнелді. Сөйтіп, Жою ханның өз жарлығы өз басын алуға себепкер болады.
Ою ханды ел-жұрты ақ киізге орап хан көтеріп, ақ боз үйге отырғызып, ақ түйе сойып, ұлан асыр той жасапты.
Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, байырғы өнерін қайта жаңғырта бастапты.
-Осымен Ою хан мен Жою хан жөніндегі ертегі аяқталды. Бұл ертегіні өздерің оқыған қандай аңыздарға ұқсастығы бар? Бұл ертегілерден қандай қортынды шығаруға болады. (оқушылар сөзі)
-Домбыра шерту, ою-өрнек ою үлкен өнер. Халқымыздың ұлттық өнері. Тілмен айтуға болмайтын, тілмен шешуге болмайтын жағдайда, өнермен ою-өрнекпен жеткізуге болады.
Сергіту сәті.Бейне көрініс.
ІV. Сарамандық жұмыс: Постермен жұмыс. Түрлі-түсті қағаздармен ою оюды үйрену. Сырмақ жасау.
V. Ағымдағы нұсқаулық.
-Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
-Техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау
VІ. Қорытындылау: Кері байланыс парағын толтыру. Не білдім? Нені білгім келеді?
VІІ. Соңғы нұсқаулық
-Сабақты қорытындылау.
-Баға қою
VIII. Үйге: Ою-өрнек түрлерін ою.
ІХ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Категория: Технология | Добавил: @liy@ (2014-02-03) | Автор: Раушан E
Просмотров: 2849 | Комментарии: 1 | Теги: өрнек, Раушан Адаскановна, Ою | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 7:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru