Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Ашық сабақ "Шеңберлі құрақ"
Ниязалиева Мадина Қауымбекқызы
Технология пән мұғалімі
Тараз қаласы №27 орта мектебі
Тақырыбы: «Шеңберлі құрақ»
Мақсаты: Құрақ құрап үйрену
Білімділік: Мата қиындыларынан құрақ құрауды үйрену; «Құрақтарды» түстері бойынша таңдауға, қимаүлгіні пайдаланып бөлшектерді пішуге, сондай – ақ құрақ бұйындарын жасағанда пішімдерді бір блокқа біріктіре білуге үйрету.
Дамытушылық: құрақ құрау тарихынан мәлімет беру; сызба бойынша құрақ бұйымдарының пішім бөлшектерін дұрыс және дәл біріктіру.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу, жасалып жатқан жұмысқа шығармашылықпен қарауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру – иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих.
Құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивтік тақта, материалдар (түрлі – түстегі) және әртүрлі өлшемдегі мата қиындылары; пішім қима үлгілері; нұсқаулық карталар, дайын бұйымдардың үлгілері (панно, жастықшалар, майлықтар, ұстағыштар, сөмкелер, кілемшелер).
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды баяндау.
ІV.Сарамандық жұмысқа нұсқаулық.
V.Сарамандық жұмыс.
VI.Сабақты бекіту, қорытындылау.
VII.Үйге тарсырма.
VIII. Жұмыс орнын жинастыру.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырма ретінде құрақ құрау туралы мәлімет дайындап келу берілген болатын.
Қазір оқушылардың дайындап келген әңгімелерін тыңдап сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Сонымен қатар бірінші рет естіп отырған сөздерді дәптерлеріңе түртіп жазып отырындар.
1- Оқушы
2- Оқушы
3- Оқушы
Сонымен,
• Құрақ құрау қандай себептерге байланысты пайда болды?
• Қиындылардан қандай бұйымдар жасауға болады?
• Құрақ тігіндерін тағы қалай айтады?(Құрақ мозайкасы)
Дұрыс айтасындар, ерте заманда құрастырылған киімдерді кедей, нашар тұратын адамдарды киген. Ал қазіргі таңда құрастырылған киімдерді авангард стилінде пайдаланады. Сонымен қатар құрақ құрау өнері үздіксіз өсуде. Әр түрлі дәрежедегі көрмелер құрақпен жқмыс жасау өнеріне арналып келеді. Неше түрлі фестивальдар, байқаулар, көрмелер, мастер – кластар өткізілуде.
Енді мына суреттерге назар аудырыңдар.
Слайдтар көрсету: (Құрақ түрлері – дайын бұйымдар).
Құрақ құрау техникасы бірнеше түрге бөлінеді:
1. Шаршылардан құрау;
2. жолақтардан құрау;
3. үшбұрыштардан құрау.
Бірнешеуін көрсету.
Қазір сендермен топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Кім жылдам? (5-6 минут).
Алдыларындағы түрлі-түсті қағаз қиындыларын, өз ой-қиялдарыңмен құрақ жасайсындар. Түс үйлесімін сақтандар. Ал қағазға жапсырмалау арқылы әр топтың шығармашылық деңгейін байқаймыз.
(Оқушыларға жақын келіп жұмыстарын қарап шығу).
Жасаған жұмыстарыңды жоғары көтіріп көрсетіңдер немесе алға шығып көрсетсін.
(Әр топтың жұмысына қысқаша тоқталып өту).
Сұрақ: Әр топтан: Қандай геометриялық пішімдерді қолданып құрадыңдар?
Жарайсыңдар! Құрақтарың жақсы шықты.
Қазіргі таңда құрақ құрау арқылы сәнді бұйымдар жасауға болады. Соның бірі «Шеңберлі құрақ».
Слайд және жайын бұйымдарды көрсету.
Құрақ құрау өнерінің техникасын, жасау жолдарын жаңа әдістерін жаңа заманға сай етіп үйлестіру шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді.
«Өнерліге өріс кең!» демекші өрісіміз кеңейсін, үйренуден жалықпайық.
Енді осы құрақтың орындалу техникасын көріп, үйренеміз. (толық көрсетіп, түсіндіру)
1. Қағазбен көрсету;
2. Мата қиындысымен, ине – жіппен көрсету.
ІV. Сарамандық жұмысқа нұсқаулық.
А) құрал-жабдықтарымызда түгелдеп, ТҚ – қайталап шығайық. «Оқушылар ТҚЕ – айтып жатқанда – мата қиындыларын, нұсқау картасын таратып беру».
Б) жұмысқа психологиялық жайынжық «мен барлығын жасай аламын»-слайд.
«Мен барлығын жасай аламын» деп әр оқушы батыл болуы үшін мынадай сөздерді айтайық: Слайд - «мен барлығын жасай аламын»
1. Бүгінгі күн тамаша
2.Мен өзімді жақсы сезінудемін
3. Менің көніл-күйім керемет жақсы
4. Мен өзіме сенімдімін
5. Барлығы қолымнан келеді.
6. Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Ал қыздар «Көз қорқақ қол батыр » демекші жұмысымызды бастайық.
(Сабаққа қатысып отырған мұғалімдерге тарату).
V. Сарамандық жұмыс.
Алдыларыңда жұмыстың орындалу реті жазылған нұсқаулық картасы жатыр.
1. Мұқиат оқып, қарап шығыңдар.
2. Бұйымдарың әдемі, сапалы болып шығу үшін және сарамандық жұмыс орындау барысында қателіктер жібермеу үшін мыналарды есте сақтаңдар.
Слайд – «Назар аударыңдар!»
Оқушылардың жұмыстарын қарап шығу, қателіктерін түзеу.
Бітірген құрақтарын бір блокқа біріктіру.
1. Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету:
2. Жіберілген қателіктірін талдау жасау.
VI.Сабақты бекіту, қорытындылау.
Сабақ құпия санымен қорытындылады. Ол үшін 6 таңбалы санның біреуін таңдап, сұраққа жауап беру керек. (Жауап берілген тор көз ашылады).

С
а
б
а
қ
т
ы
ң 1

Мамандық

3

Талғампаз 5

Ойшыл Қ
о
р
ы
т
ы
н
д
ы
с
ы
ХХІ – ғасыр – білім-ілім ғасыры
2

Кәсіпкер 4

Іскер 6

Ұқыпты

Сұрақтар:
1. Жалғасын тап «Өнерліден үйрен, өнерсізден ...»
2. Құрақ құраудың қандай түрін білесің?
3. Жалғасын тап «Батыр адам қорқақты сүймес, шебер адам ... сүймес»
4. Мата қиындыларынан қандай бұйымдар жасауға болады?
5. «ПеичВорг » техникасы ең алғаш қай елден табылған? (Индия)
6. Құрақ құрауда қандай геометриялық пішімді қолданады?
Мұғалім: қол өнерінде жасалуының ұзақтығы мен қиындылығына қарамастан ұлттық өнерімізді жалғастырып, ұлттық мәдениетімізді көтеруге өз үлесімізді қоса берейік. Баға қою
VII. Үйге тарсырма.
Елімізде тұратын халықтардың сәндік қолданбалы шығармасы бойынща құрақтан бұйым эскизін жасау.
Категория: Технология | Добавил: Markiz (2014-03-30) | Автор: Ниязалиева Мадина Қауымбекқызы E
Просмотров: 2626 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2025-07-25, 2:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru