Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Қолөнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Жанаргүл Кәкімқзы Шарапиденова
№ 22 орта мектебінің технология пән мұғалімі
Павлодар қаласы

Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шеберлі өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген . Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тәрбие беру технология пән мұғалімдеріне жүктелген.
Сол себептен технология сабағында жұмысты түрлендіріп, оқушының көніл-күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай әр баламен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру оқыту үрдісінде маңызды орын алу керек. Қыз баланы өз бетімен жұмыс істеуге және ұқыптылыққа, тағайындылыққа, төзімділікке, жинақылыққа тәрбиелеуге сабақта көп мүмкіндік бар. Әр оқушының сабақ үстінде шет қалмауы үнемі назарда болуға тиісті.
Сабақ барасында қыздарды тігінге үйретудегі, өнерге баулудағы мақсатым – халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстыру, шығармашылық жұмыстарында мұғалімнің көмегімен өнер түрін таңдау, ойлау қабілетін арттыруға көңіл аудару.
« Өнер - таусылмас қазына, жұтамас байлық» – дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнеріне бай халық деп айтуға болады,оны атап айтсақ : құрақ құрау, ою салу, ағаш өңдеу, сырмақ жасау, жіп иіру,тоқыма тоқу, киіз басу, кесте тігу, тері өңдеу, ши тоқу өнерлеріімен ерекшеленеді.

«Аяғына қарап асын іш, шешесене қарап қызын ал» демекші, қыз балаға ине сабақтап кесте тігу, тоқыма тоқу, құрақ құрау, моншақпен жұмыс жасау, іс тігу – қолөнердің тұрмыстағы қажеттілігін түсініп меңгеруге зор септігін береді. Өнер - адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Қолөнерден білім берудің әрбір түріне тоқтайтын болсақ :
Құрақ-құрау өнері Бүгінгі күнде ата-бабамыздың айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Құрақ құрау барысында оқушылардың ой-өрісін жанжақты дамытуға әсері мол. Құрақ құрауда оқушылар түрлі геометриялық фигураларды басын құрастыруды игеріп , үшбұрыштың қабырғасы мен төртбұрыш таңбасының бір-біріне тең болуын, өлшемі арасындағы байланыстылықты есептеуді үйренеді . Ал құрақ композициясын құрастыру мен түстердің үйлесімділігін табуда бейнелеу өнерінің білімін пайдаланамыз.

Ою өрнек - қолөнер бұйымдары бүгінгі тұрмысымызда сирек қолданылатындықтан, оқушылар оның атын естігеннен көп есте сақтамайды, сондықтан оюдың шығу тарихын, аңыз- әңгімелер арқылы жеткізе отырып,тәжірибиеде жиі қолдануымыз керек . Ою оя білген оқушы шеберлікке, өрнекті матаға үйлесімді, сәйкесті орынды қолдануға үйренеді.
Ою- өрнек жасауда өзіндік қағидалары бар. Олар: композиция, колорит, симметрия, ритм. Композиция дегеніміз өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз ою- өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.Осы жерде әр түстің нышаны бар. Мысалы, көк түс - аспанның, қызыл түс - оттың, ақ түс - ақиқаттың, сары түс – ақыл-парасаттың, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Симметрия дегеніміз - ою- өрнектің екі жағының тең болуы. Ритм дегеніміз - ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі деп атайды.

Кесте –қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі . Ертеде халқымыз киімде, үй тұрмысында қолданатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген.Бүгінгі күнде кесте өнерін ұлттық киімдерде және ұлттық бұйымдарында ғана қолданылады.
Кесте тігу барысында төзімділікті, шыдамдылықты талап етеді және адам бойына, әсіресе, бойжеткендерге сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп деп айтуға болады.

Адам баласы ерте заманнан бері жан-жануарлардың етін тамақ , терісі мен жүнінен киім тігіп , сүйегі мен мүйізінен еңбек құралдарын , тұрмысқа қажетті бұйымдар жасады . Ата-бабаларымыз қолөнерді адам тіршілігінің әр саласына икемдеп , теріні көркемдеу тәсілі арқылы өзіндік ерекшеліктерімен түрлі формадағы торсық , саба , мес құты ыдыстарын жасаған.. Қазіргі күнде, әсіресе, қала мектептерінде ескіден жаңа бұйым жасап шығаруымызға болады . Қолданысқа қажетсіз заттардан бұйым жасап шығару оқушыларды үнемшілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді, фантазиялық ой-өрісі дамиды.

Тоқу өнері –қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған.Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жасалып, жылылыққа, сұлулыққа, әсемдікке жетелеуде. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды. Осы тоқу әдісінің өзі оған қуаныш әкеледі. Себебі, түрлі- түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, алуан сән мен фасондар шеберлігін, ой -өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Тоқыма тоқу кезінде адамның көңіл-күйі сабасына түсіп, бір сәт өзімен-өзі болып, шаршағаны басылады. Әрі еңбек, әрі ермек. Оның үстіне мынадай қымбатшылық заманда өз киімін өз тоқып алса, ол да әжептеуір үнем.

Әшекейлерді түсіре білу - үлкен өнер. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті күнде ине ұстап, киім тігіп отырғандардың өзі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады.Бұл заңды да, өйткені әшекей салу - өнер.
Әшекейлеудің түрлері көп. Олар – бұрау, көз салу, жону, бастыру, бедерлеу, өру, теру, кестелеу, сызу, құю, бояу, зерделеу, жапсырмалау, бисірлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте ,құрылыста, мәдениет саласында, сәулет өнерінде жалпы әлем өнерінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ..

Соның ішінде көп кездесетін түрі – кестелеу, жапсырмалау, бисерлеу өнері.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады.Мысалы,тұмарша, ұлттық сөмкелерді, әмиян, ұлттық қоржын, алқа, шашбау,қазіргі кезде ұялы телефондарға арналған қапшықтарды әшекейлеп тігеміз. Бисер тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Сызбамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді үйлесімді орната білуге үйретеді.
Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру үшін 5-10 минут үзіліс жасау тиімді. Бисерді таңдау – үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты маржан моншақтың қандай түрін, қанша мөлшерде алуды, қандай түсін таңдауды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті тандай білу қажет.
Өнер - адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Қолөнер бұйымдарын жасау барысында қазіргі жастарға берер тәлім-тәрбиесі , пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып , өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасай білуге, шеберлікке , қолөнер шығармашылықтарын дамытады.
Категория: Технология | Добавил: kulmaira (2014-04-05) | Автор: Жанаргүл Кәкімқзы Шарапиденова E
Просмотров: 2902 | Теги: Қолөнер, технология, Жанаргүл | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 7:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru