Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Ұлттық ою – өрнектерді технология сабақтарында қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
«Көпбейінді №3 мектеп – гимназиясы» КММ
Насима Матигулловна Усманова
Технология пәні мұғалімі
Ұлттық ою – өрнектерді технология сабақтарында қолдану
Қазіргі заман мектебінің басты мақсаты-күннен күнге дамып, нығайып келе жатқан мемлекетімізге әлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт алған, ұлт мәдениетін жетік меңгерген жас жеткіншектерді тәрбиелеу. Жас ұрпақты ұлттық сезім мен рухта тәрбиелеуде ою-өрнектердің алар орны ерекше. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды.
Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болған. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін көрсете білген. Келешек ұрпақ міндеті- өнердің осы бір киелі саласын әрі қарай дамыта отырып, көздің қарашығындай сақтау.
Бұл әдістемелік оқу құралы оқушыларға ою тілін түсінуге, өнерге жақын болуға, ата-бабадан қалған қолөнердің бұл саласын барынша ұлықтауға жол ашады. Ою-өрнек түрлерімен таныса отырып, оқушылар ою-өрнектердің қолданылу орнын болжап, бағамдайды.
Ою-өрнектердің формалық сипатын аса дәлдікпен ою, оны өзі орындайтын бұйымға дұрыс, талапқа сай орналастыруы оқушының эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілетін арттырады. Бұл әдістемелік оқу құралында оқушылар үшін оюларды қағаздан қиып үйренуге арналған ою нұсқаулары көрсетілген, сонымен қатар тест жұмыстары, ою туралы мақал-мәтелдер, деңгейлік тапсырмалар ұсынылған. Бұл оқушылар мен пән мұғалімдері үшін көмек. Сонымен қатар жас ұрпақты халық өнеріне баулып, ұлттық өнерді сақтауға септігін тигізеді.
Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі-ою-өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер қолданылады. Ою-өрнектер қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі.
Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Халқымыз молшылықты-дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды-арыстанға, қыран бүркітке теңеді. Сұлуды-ай мен күнге, хош иісті гүлге, құралайдың лағына, аққудың көркіне, ботаның көзіне, сұқсырдың мойнына теңеді. Әсемдікті аң-құстан, өсімдіктен, табиғаттан іздеді. Сол сұлулықты ою-өрнекке түсірді, дамытты.
Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасқан, халқымыздың тарихымен, өнерімен бірге ілгерілей дамып отырған. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет түрінде салған, осылайша бірте-бірте ою-өрнек пайда болған.
Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің
ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік.
Тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек заттарды әшекейлеу, тіпті, сонау тас дәуірінің соңғы кезінен-ақ басталғаны анық. Алғашқы адамдар тастан жасалған құралдарының бетін бедерлеп, әртүрлі әшекейлер салған. Бертін келе қола заманының тұсында адамдар қоладан, мыстан жасаған заттары мен қару-жарақтарын, лайдан құйылған керамикалық ыдыстарын өздерінше оюлармен айшықтай білген. Бұған дәлел –археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған «андронов мәдениетінің» сазбалшықтан өрнектеліп жасалған қыш құмыралары.
Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі. Дегенмен де қазақ халқының ою өнерінің өзіндік ерекшеліктерін атап өтпеуге, сірә болмас. Өйткені, қазақтың өмірімен біте қайнасып, ежелгі замандардан пайдаланылыпкеле жатқан киіз үйін алсақ, есігінен аттап кірмей жатып-ақ оюлар әлеміне саяхат басталады.
Ертеде ата-бабаларымыз ою өнерінің теориясы мен технологиясын жақсы меңгере білген. Халықтың ою жасаумен айналысатын көптеген шеберлері өздерінің туындыларын ешқандай да геометриялық немесе арнайы аспаптарсыз-ақ жасаған. Шеберлер ою тілінде көңіл-күйін, сол уақыттарда болып жатқан түрліше жағдайлар мен саясатқа лайық көріністерді жырлай білген. Қазақтың шебер қыздары сүйген жігіттеріне өздерінің махаббаттық ыстық сезімдерін орамалға түрлі-түсті жібекпен тігіп, кестелеп ою-өрнек тілімен жеткізген.
Халық арасында шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимараттар мен киім-кешектерді, қару-жарақты т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған.
Ою-өрнек өнерінің даму барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар . Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтың келбеті айқын танылады. Халықтың географиялық ортасына, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты ою-өрнек үлгілері әртүрлі жағдайда дамып, түрленіп отырады. Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мәдениетіне лайықты кейбір ою элементтері өздерінің бастапқы мәнін жойып, жаңа мағынада өмірге қайта оралып отыр. Бұл жағдай қазіргі заманда ою өнерінің өзіндік құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа өмірге лайық жаңа бағыт алып, жаңаша өріс тапқанын көрсетеді.
Ою-өрнек дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Ою сөзін латтынның «ornamentum» /орнамент/, ал өрнек сөзін орыстың «узор» баламасы ретінде қарауға болады. Ою-өрнек тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш өрнек. Халқымыздан бізге жеткен ою-өрнек үлгілері - бай мұра, сарқылмас қазына.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін көптеген ғалымдар зерттеген. Бүгінге дейін олардың бес жүзге дейін түрі анықталған. Дегенмен, қазақ қолөнерінің осы бір күрделі саласы әлі де ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттелуді қажет етеді.
Ертеде қазақ халқы өз қолөнерінде ою-өрнектерді кеңінен қолданған. Әдемі киімдер тігіп, үйдегі тұрмыстық бұйымдарды әсемдеп, зергерлік заттарды өрнектеген шеберлер де көп болған. Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айланып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деп айтқанындай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығынан ою-өрнектің небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Сол ою-өрнек әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес, ол халықтың арманы, мақсатының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі сан алуан, астары терең. «Атымда менің сырым бар» дегендей, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатыр.
Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде. Ендігі міндет-ұлттың дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.
Ғалымдар ою-өрнектерді бір жүйеге келтіру үшін төрт топқа топтастырған:
-зооморфтық (жануарлар әлеміне қатысты)
-өсімдіктер әлеміне қатысты
-космогониялық (аспан денелеріне қатысты)
-геометриялық
Геометриялық ою-өрнектер көбіне ағашты көркемдеп өңдеуде, үй-іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде қолданылады. Археологиялық қазбалардан табылған қыш құмыраларда да геометриялық өрнектер бейнеленген. Бұл өрнектер бұйымды айқындау үшін қоршала орналасады.
Қазақ ою-өрнектерінің ішінде ең көп тарағаны зооморфтық оюлар. Бұл өрнектер негізінен жануарларды, аңдарды, құстар мен су жануарларын, түрлі жәндіктер мен олардың дене мүшелерін бейнелейді.
Жан-жануарлар дүниесін бейнелейтін оюлар көбінде киізден жасалған бұйымдарда көптеп кездеседі. Олардың ішінде әсіресе мүйіз тектес өрнектер кеңінен тараған.
Космогониялық ою-өрнектер айды, күнді, аспанды, жалпы аспан әлемін, жұлдыздар дүниесін бейнелейді.
Өсімдіктер тобына жататын ою-өрнектер қоршаған ортаны, өсімдіктер дүниесін, туып өскен жердің табиғатын, қызылды-жасылды гүлге оранған қазақ даласының тамаша көріністерін бейнелейді.
Орындалу технологиясына байланысты ою-өрнектердің төмендегідей түрлері ажыратылады:
Ойма ою - тұтас заттың бетіне қайшымен ойып ою-өрнек жасау. Ойма оюлар сырмақ сыру өнерінде кеңінен қолданылады.
Қима ою - қағаздан, матадан, былғарыдан қиылып алынған ою-өрнек.
Сызба ою - тұтас қағаз бетіне, матаға қаламмен сызылады, сызылып жасалған ою-өрнек үлгілері.
Ою-өрнектерге қатысты терминдер
терминдер терминдердің мағынасы

Ою- өрнек
Латынның «ornamentum» деген сөзінен алынған. Орнамент - әшекейлеу, әсемдеу, сәндеу деген мағынаны білдіреді
Композиция Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру
Симметрия Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы
Колорит Ою-өрнектердегі бояу түстерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы
Ритм Ою-өрнектердегі бір элементтің қайталанып отыруы
Ою-өрнектердегі түстердің символдық мәні
түстер түстердің символдық мәні
ақ бақыт, қуаныш,тазалық
көк аспан
сары білім, даналық
қызыл күн, от,жылулық
жасыл көктем, жастық
қара жер,береке

Тест сұрақтары
№ сұрақтар жауаптар дұрыс жауап
1 Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін не қолданған А.қарындаш
Ә.уыз
Б. бор

Ә
2 Ою-өрнектердің қанша түрі белгілі А.300
Ә.400
Б.500
Б
3

Гүл оюы нені білдіреді А.бейбітшілік
Ә.қуаныш
Б.дархандық
Ә

4 Аңдарға байланысты ою-өрнек А.бөрікөз
Ә.алақұрт
Б.тайтұяқ
А

5 Геометриялық ою-өрнек А.құсмұрын
Ә.сүйір
Б.жауқазын
Ә
6 Қандай ою магиялық оюға жатады А.шимай
Ә.шиыршық
Б.тұмарша

Б
7 Кестелеу өнерінде көп қолданылатын ою А.жылан
Ә.қырық шақа
Б.алтын жіп мүйіз
Б
8 Үзілмес бақыт,мәңгілік нышаны қай оюмен өрнектеледі А.дөңгелек
Ә.өткізбе
Б.айшық

А
9 Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру қалай аталады А.композиция
Ә.колорит
Б.симметрия

А
10 Қос мүйіз ою-өрнегі қандай түрге жатады А.геометриялық
Ә.жануарлар әлемі
Б.аспан денелері

Ә
11 Ою-өрнектегі бір элементтің қайталанып отыруы А.колорит
Ә.симметрия
Б.ритм

Б
12 Ою-өрнектердегі сары түстің символдық мәні А.қуаныш,бақыт Ә.жастық,көктем Б.даналық, білім
Б
13 Аспан денелеріне қатысты ою-өрнек А.көбелек
Ә.айшық
Б.қазмойын
Ә
14 Басы, аяғы жоқ ою А.итқұйрық
Ә.сұлама
Б.тарақ
Ә
15 Ертеде жаңа туған нәрестеге арналған бұйымдарға қай ою салынған А.жануарлар әлемі
Ә.өсімдіктер әлемі
Б.аспан денелері
А
16 Ою-өрнектерде қуаныш пен бақытты қай түс білдіреді А.ақ
Ә.көк
Б.жасыл
А
17 Ертеде балалардың тақиясына көз тимесін деген ырыммен қай оюды салған А.итқұйрық
Ә.тайтұяқ
Б.жыланбас

Б
18 Көне әлемге байланысты өрнектер А.шұғыла
Ә.тышқан
Б.көбелек
А
19 Найман руының оюы қандай А.жебе
Ә.босаға
Б.үш айрық алау
Б
20 Аңдардың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнек А.түйемойын
Ә.түлкібас Б.қошқармүйіз Ә

Ою-өрнектердің атауларын көрсет
№ ою-өрнектердің түрлері ою-өрнектердің атауларын жаз
1 Өсімдіктер әлеміне қатысты өрнек
2 Малдың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнек
3 Қару-құралдарға байланысты ою-өрнек
4 Құстарға байланысты ою-өрнек
5 Геометриялық өрнек
6 Аспан әлеміне қатысты ою-өрнек
7 Аңдардың дене мүшелеріне байланысты өрнектер
8 Құрт-құмырсқаға байланысты ою-өрнек

Семантикалық картаны толтыр
№ ою-өрнек
түр-
лері

ою-
өр-
нек
атау-лары Құстар-ға
байланысты Өсімдік-тер
әлеміне
қатысты Аспан
әлеміне
қатысты Геомет
риялық
ою-
өрнек Қару-жарақтарға бай-ла-нысты
Құрт-құмыр-сқаға
бай-
ланыс-ты Малдар-
дың дене мүшелеріне
байланыс-ты Аңдар-дың дене
мүшеле-ріне байла-нысты
1 құмырсқа +

2 жіліншік +
3 бөрікөз +

4 қарғатұяқ +

5 жауқазын +

6 тұмарша +

7 кемпір-қосақ +
8 тарақ +

9 итқұйрық +

10 құстұмсық +

Ою-өрнектерге, өнерге байланысты мақал-мәтелдер
-Ойсыздан оюшы шықпайды.
-Оюды оя алмаған ойланбаған.
-Ою ойғанның ойы ұшқыр.
-Ою ойған, сызу да сызады.
-Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
-Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
-Балаңды өнерлі болсын десең, ұстаға қос.
-Дұрыс ойған ою бұруға келмес.
-Өнеріне қарай өрнегі.
-Өнерсізден құт қашар.
-Мәні бар істің сәні бар.
-Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген өшер.
-Заманды өнер жасайды.

Баяндамалар мен хабарламалар тақырыптары
- Ұлттық ою-өрнектердің даму тарихы.
- Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері.
- Ою-өрнек сырлары.
- Ұлттық киімдерде қолданылатын ою-өрнектер.
- Ою-өрнектерге қатысты ырымдар.
- Қазақ халқының ою – өрнектерінің басқа ұлт ою- өрнектерінен айырмашылығы мен ұқсастығы.

Түсіндірме сөздік
Қолөнер - халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениеті мен өнер туындысы.
Ою - бір бұйымның бетіне түсірілген нақыш, бедер, өрнек, әшекей.
Оюшы - әр түрлі ою-өрнек үлгісін жасаушы, қазақ ою-өрнегінің шебері.
Оюлау - әсем өрнек,әшекей салу, көрнектеу, ою жасау.
Ою салу - өрнек түсіру, әшекей жүргізу.
Оймалау - бір нәрсені ойып алу, кесу.
Әшекей - өрнек салу әдісінің бір түрі.

Әдебиеттер тізімі
Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері.
-Алматы: Алматыкітап ААҚ, 2003ж.

Шоқпарұлы Д. Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері.-Алматы: Алматыкітап, 2007ж.

Төлебаев С. Өмірбекова М. Ою-өрнектің жасалу жолдары.
-Алматы: Қағанат ЛТД, 1993ж.

Арзыкулова Ж.Н. Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу. //Мектептегі технология,2010ж,№6.

Маракулова К.Б. Ою-өрнек салып үйренейік. //Мектептегі технология, 2010ж, №6.

Мұхамеджанұлы З. Қазақтың кесте өнері. - Алматы кітап, 2008 ж.

Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. - Алматы кітап, 2007 ж.

Жанабаева Г.А. Қазақтың ою-өрнектері.- Өскемен,2000ж.
Категория: Технология | Добавил: molli (2014-04-29) | Автор: Усманова Насима Матигулловна
Просмотров: 3773 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 7:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru