Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология |
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Көпбейінді №3 мектеп – гимназиясы» КММ Усманова Насима Матигулловна Тақырыбы: Марципан дайындау технологиясы Мақсаты: Б: Оқушылар марципан дайындау технологиясымен танысып, оны әзірлеу тәсілдерін меңгереді Д: Оқушылардың топпен жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттері мен ақпараттық құзыреттіліктері артады Т: Оқушылар тағамдар әзірлеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, санитарлық – гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиеленеді Типі: Аралас сабақ Құрал – жабдықтар: Асханалық құрал – жабдықтар, блендер Пәнаралық байланыс: Физика, тарих, орыс тілі, биология Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру: - Сәлемдесу - Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру - Оқушыларды түгендеу 2. Өткен тақырыптарды қайталау Графикалық диктант Оқушыларға графикалық диктантты орындау шарты мен бағалау көрсеткіштері хабарланады 1. Тамақтану мәдениеті дегеніміз – адамның тамақтану уақытында өзін мәдениетті ұстауы, дұрыс тамақтана білуі. (иә) 2. Тағамдарды ортақ табақтан арнайы қасықпен алмаса да болады. (жоқ) 3. Тамақтанып болған соң асханалық құралдарды бос тарелкаға салады. (иә) 4. Тамақтанып болған соң сулықты орындыққа іліп кетеді. (жоқ) 5. Крем мен глазурьдің бір – бірінен айырмашылығы жоқ. (жоқ) 6. Крем - қант пен дәмді қоспалар қосылған тамаша дәмдік сапасы бар қоспа. (иә) 7. Ыстық ыдыстарды арнайы ұстағыштармен ұстайды. (иә) 8. Адамға пышақты сабынан ұстап береді. (жоқ) 9. Түбі қисық, тұтқасы сынық ыдыстарды да қолдана беруге болады. (жоқ) 10. Пышақты мүшелеу тақтасынан жоғары көтеруге болады. (жоқ) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау 3. Жаңа сабақ Марципан деген не? Оны қалай әзірлеуге болады? Оқушылардың дайындап келген рефераттары тыңдалады. Оқушылардың мәліметтерін толықтырып, негізгі ұғымдарды дәптерге жазғызылады. Марципан ( неміс – Marzipan, итальян – Marzapane) - кондитерлік өнім. Нағыз марципан – бұл миндаль ұнының қант шәрбәтімен қоспасы. Кей жағдайларда марципан деп – басқа жаңғақтардан әзірленген массаны да атайды. Бірінші ұйғарым бойынша марципанды әзірлеуге аштық себеп болған. Себебі нан пісіру үшін миндаль ғана бар болған. Келесі ұйғарым бойынша марципан ем қолдану ретінде дәрілік қызмет атқарған, себебі ол жүйке жүйесінің қызметін жақсарту үшін бірден – бір ем. Марципан әзірлеу үшін қажетті негізгі азықтар: -Миндаль ( тәтті, ащы) -Қант -Су -Миндаль эссенциясы Кейбір жағдайларда: дәмдеуіштер, бояғыштар, жұмыртқа қосымша қолданылады. Марципан әзірлеу тәсілдері: суық (қант ұлпасымен), ыстық (қант шәрбәтімен). Әзір марципан біртекті және жабысқақ болады. Марципан берілген формасын сақтау үшін оны нан илегендей илеу қажет. Бейнефильм көру: «Марципанды ыстық тәсілмен әзірлеу» Ас бөлмесінде жұмыс істегенде қолданылатын қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер? 4. Сарамандық жұмыс Оқушылар екі топқа бөлініп, ыстық және суық тәсілдермен марципан әзірлейді. Дайын марципанды қорғайды, дәмін татады, баға береді. Оқушылардың тағам әзірлеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауына, санитарлық- гигиеналық талаптарды орындауына назар аударамын. Сарамандық жұмыс (1 топ) Марципанды ыстық тәсілмен әзірлеу технологиясы Марципан әзірлеуге қажетті азықтар: Миндаль – 100 гр Қант – 150 гр Су – 40 мл Миндаль эссенциясы – 2 – 3 тамшы Жұмыс реті: 1.Марципан әзірлеу үшін қабығы аршылған миндаль қажет. Миндальдың қабығын аршу үшін оны 1 минутқа қайнап тұрған суға салады.Уақыт өткен соң миндальды судан алып, қабығын аршиды. 2.Қабығы аршылған миндальды қызып тұрған табаға салып, сәл ғана кептіру үшін, қуырады. 3.Қуырылған миндальды блендермен ұнтақтайды. 4.Түбі қалың ыдысқа қантты салып, үстіне суды құйып, қант шәрбәтін әзірлейді. 5.Әзір шәрбәтке миндаль ұнтағын салып, үзбей араластыра 2 – 3 минут отта пісіреді. 6.Дайын массаны алдын – ала майланған тарелкаға салып, суытады да, блендерге салып, миндаль эссенциясын қосып тағы араластырады. 7.Егер үгітілетін болса марципанға біраз су құйып, тағы да араластыру қажет. 8. Әзір марципан біртекті және жабысқақ болады. Марципан берілген формасын сақтау үшін оны нан илегендей илеу қажет. 9.Дайын марципаннан әртүрлі фигуралар жасап, дастарханға ұсынуға болады. Сарамандық жұмыс (2 топ) Марципанды суық тәсілмен әзірлеу технологиясы Марципан әзірлеуге қажетті азық – түліктер: Миндаль – 100 гр Қант ұнтағы – 150 гр Су – 70 - 80 мл Миндаль эссенциясы – 2 – 3 тамшы Жұмыс реті: 1.Марципан әзірлеу үшін қабығы аршылған миндаль қажет. Миндальдың қабығын аршу үшін оны 1 минутқа қайнап тұрған суға салады.Уақыт өткен соң миндальды судан алып, қабығын аршиды. 2.Қабығы аршылған миндальды қызып тұрған табаға салып, сәл ғана қуырады. 3.Қуырылған миндальды блендермен ұнтақтайды. 4.Миндаль ұнтағын қант ұнтағымен араластырады. 5.Әбден араласқан массаға суды құйып, блендермен араластырады. 6.Миндаль эссенциясын қосып, тағы араластырады. 7.Егер үгітілетін болса марципанға біраз су құйып, тағы да араластыру қажет. 8. Әзір марципан біртекті және жабысқақ болады. Марципан берілген формасын сақтау үшін оны нан илегендей илеу қажет. 9.Дайын марципаннан әртүрлі фигуралар жасап, дастарханға ұсынуға болады. 5. Бекіту Марципан деген не? Марципанның Отаны қай ел? Марципан әзірлеу үшін қандай азықтар қажет? Қосымша қандай азықтар қолданылады? Марципан әзірлеудің қандай тәсілдерін білесіңдер? 6. Қорытындылау - Бағалау (талдау жасау) - Үйге тапсырма беру (Марципан әзірлеуде қолданылатын пайдалы кеңестер жазу) - Жұмыс орнын жинау | |
Просмотров: 3769 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|