Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Мектеп шеберханасындағы қауіпсіздік техникасы
Жусупов Оразбай Хасенович, № 22 орта мектебінің технология пән мұғалімі,Павлодар қаласы
Сабақтың тақырыбы: Мектеп шеберханасындағы қауіпсіздік техникасы
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды металл өңдеу жұмыстарының негізгі түрлерімен, мектеп шеберханасындағы жабдықтармен таныстыру; мектептегі ішкі тәртіп ержелері мен оқушыларға арналған ережелерді оқып-үйрену;
Дамытушылық: мектеп шеберханаларындағы қауіпсіздік техникасы ережелерімен оқып-үйрену (қауіпсіздік техникасы ережелерімен жалпы таныстыру).
Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: дайындамалар, әртүрлі тетіктердің жиынтығы, өлшегіш құрал-саймандар, кескіш құрал саймандардың әр алуан түрлері, ҚТ (қауіпсіздік техникасы) жөніндегі плакаттар, көрнекті құралдар.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе бөлім
1. Сабақтын тақырыбын және мақсатын хабарлау.
2. Өткен материалды қайталау.
- Аталған тетікті дайындау үшін қандай материал таңдап алынды?
- Жону жұмыстарын орындау кезінде қандай ережелер сақталуы тиіс?
ІІ. Жаңа материалды баяндау
Жұмыс орнын ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады: қызмет көрсетудің ыңғайлылығы, ұйымдық-техникалық қондырғылармен жарақатануы, еңбек процесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмысты ұтымды жоспарлау.
Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының барлық тақырыптарын оқып-үйренуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың жұмыс орнына мынадай негізгі талаптар қойылады:
- барлық құралдар оқушының жанына, бірақ оның қозғалыстарына бөгет болмайтындай мүмкін болатын жақын жерге жинақталуға тиіс;
- құрал-саймандар мен айлабұйымдарды сол қолмен алуға болатындай етіп, сол жаққа қойған жөн;
- ауыр заттарды оларды екі қолмен алуға қолайлы болатындай етіп орналастыру қажет;
- құжаттаманы (сызбалар, технологиялық және нұсқаулық карталар, т.б.) пайдалану үшін ыңғайлы және ластанудан қорғалған жерде ұстаған жөн.
Жұмыс істеуші денесінің ыңғайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін жұмыс бетінің биіктігін дұрыс таңдау керек.Жонудың, әрлеудің, бұрғылаудың нақты операциялары мен әдістерін орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіз жұмыс ережелерін мұқият оқып үйренеміз.
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаудың, арнаулы киім киюдің маңыздылығы, сондай-ақ жұмыс кезіндегі сақтық пен ұқыптылық жөнінде еске салады, сонымен бірге оқу шеберханалардың ішкі тәртібін сақтау туралы айтады, жұмыс кезіндегі, жұмысқа дейінгі және жұмыстан кейінгі ҚТ-ын жеке-жеке түсіндіреді.
Бұдан кейін мұғалім жұмыс істейтін білдектерді көрсете отырып, жарақаттар алмас үшін, киімді қысқының шығып тұрған бөліктері іліп кетпес үшін, жоңқаның кесіп кетпеуі үшін өзін қалай ұстау керек екендігін түсіндіреді,т.б.Бұдан басқа мұғалім ток етіп тұрған электр сымдары мен ажыратқыштардың ашық бөліктеріне неліктен жанасуға болмайтындығын, электр қозғалтқыштағы ақаулықты, электр сымдарындағы зақымдануды байқап қалғанда не істеу қажет екендігін де түсіндіреді.
Қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама:
1. Білдекті мұғалімнің рұқсатынсыз іске қоспау.
2. Кескіштерді сенімді бекіту.
3. Дайындаманың бүтіндігін тексеру.
4. Жұмыс басталардың алдында барлық заттарды орналастыру, оң қолмен алатындарды - өзінен оңға қарай, ал жиірек пайдаланатын заттарды
(мысалы, қысқынның кілті) сирегірек пайданылатын заттарға (мысалы, кескіш тұтқасының кілті) қарағанда өзімізге жақынырақ қоямыз.
5. Жұмыс құралын тексеру.
6. Киімді ретке келтіру, барлық түймелерді түймелеу, ұзын шаштарды береттің (бас киімінің) астына жасыру.
7. Жұмыс кезінде еш нәрсеге көңіл бөлмеу және білдектен алыстап кетіп қалмау.
8. Кескішті қысқыға жақын апармау.
9. Айналып тұрған қысқыны, дайындаманы қолмен тоқтатпау.
10. Білдектің ақаулығы туралы мұғалімге баяндау.
Жұмыс орнын әрқашанда тазалықта ұстау маңызды, өйткені ластық пен ретсіздік жұмыс уақытын жоғалтуға, ақаулы өнімге, жазатайым оқиғаларға, білдектің мерзімінен ерте тозуына әкеп соғады. Жұмыс орнындағы еденнің тегіс және таза болуы қажет және жағар салқындатқыш сұйықтық майлары төгіліп, жайылған жерлері болмауы керек. Шеберханадағы ауа температурасы 15-180С аралығында болуға тиіс.
ІІІ. Практикалық жұмыс
Мұғалім оқушыларға тапсырма береді.
Оқушылар тақтаға шығып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық туралы әңгімелейді.
ІV. Сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбектң қорғау жөніндегі ережелерді сақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді.
Категория: Технология | Добавил: kulmaira (2014-11-21) | Автор: Жусупов Оразбай, технология E
Просмотров: 5526 | Теги: Кульмайра, Жусупов Оразбай, технология | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 9:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru