Қазақ қолөнерінің пайдасы мол Атам қазақ бала тәрбиесінде өмір тіршілігінің ертеңгі келешегіне ерекше мән берген.Бала кезінен көзі көргенді көңілге тоқып,қолы үйреніп істей алатындай болуға бейімдендіріледі. Ұл бала болса үш өнерді,қыз бала болса үш өнерді білу парыз дейді екен.Сондағы бұл үш өнер не?Ұл бала таспа тіліп,өрім өре білу ,шаш алып,мал сойып оны мүшелей білуі қажет.Ал қыз бала ине сабақтап,кесте тігу,ұршық ұстап,жіп иіру,арқау құрып,қап тоқуды үйренуі керек болған.Осындай қазақ арасындағы ортаға тән үш өнердің өзекті мәні тұрмыстағы өз қажетін өзі біліп,оны меңгеруге баулығаны болмақ.Мысалы,бір қамшының төрт таспа,алты таспа,сегіз таспа,он екі таспа болып кете баратын өрімі де болған.Бұйра қамшы,сарыала қайшы,тобылғы сапты қамшы,бұзау тіс,дойыр,дырау қамшы т.б. болып аталған.Ал тігін жөнінде басқасын айтпағанда:қайып тігу,қарбып тігу,бүріп тігу сияқты кете баратыны бар.Өнерде өлшем жоқ.Өнердегі өлшем ептілік, үйрену,жұртты сүйсіндіретін тамашасымен тамсандыруда жатыр.Өнер-әсемдіктің ең жоғарғы түрі,өйткені олтабиғаттың әсемдігін де,адам еңбегімен жасалған заттардың әсемдігін де,сол адамның ұлылығы мен сұлулығын да,оның ой-арманын да өз бойына жинақтап,жан-жақты бейнелей алады.Адам әсемдігін алдымен оның еңбегінен іздеу керек,өйткені адамның мәні,даңқы оның еңбегімен анықталады.Еңбек әсемдіктің өлшемі,біздің өміріміздің негізі.Еңбек-жер бетіндегі құндылықтың қайнар көзі.Еңбек –сарқылмас қуаттың,прогрестің, адам бақытының қайнар бұлағы,өмір өзегі.Өнерді заман алға қойып отырған талаптармен ұштастыра қараған жөн.Қайнар көзі басында,Өнердің көзі халықта»– дегендей ,халықсыз өнер,өнерсіз халық жоқ.Өнер өмірді сұлулықпен байытып,адамдардың эстетикалық қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Өнер жақсыға сүйсіндіреді,жаманнан безіндіреді.»Ұсталы ел озар,ұстазсыз ел азар» дегендей,қазақ мектептері жаңару үстінде.Сондықтан технология пәні мұғалімдеріне өз сабақтарында халық қолөнері негіздерін енгізу-қазіргі күн талабы.Технология саласы оқушыларды халық дәстүрімен,әдет-ғұрыптарының түрлерімен таныстыра отырып,ұлттық этика,эстетикалық қабілеттерін және әділеттік,инабаттылық дағдыларын қалыптастырады.Өзге халықтар сияқты қазақтың да балаларға қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «Сегіз қырлы,бір сырлы», өнегелі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып,насихаттап,үйреніп келген. Осы тұрғыда ежелгі гректің бір афоризмінде «Бала жаны-толтыратын бос ыдыс емес,тұтатуды қажет ететін алау» делінген екен.Ал өз халқымызда «Бұлақ көрсең ,көзін аш» дегендей,өнерге икемі бар,іскерлігі бар балалардың өнерге деген білімін қалыптастыру,іскерліктерін шыңдау жолында және де қолөнер туындыларының нұсқаларын үлгі тұта отырып, көнере бастаған түрлерін жаңарту, одан әрі дамыту мақсатында үйірме жұмыстарын жүргіземіз.Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап,дамыта оқытудың бірден-бір жолы үйірме жұмыстары.Осы ерекшеліктерді ескере отырып ,»Қолөнер» үйірмесінде 5-10 cыныптар аралығынан қолөнерге ,техникаға бейімі бар оқушыларды жинақтап,үйірме жұмысын бастадық.Үйірме жұмысы 2 бағытта жүргізіледі. 1)Сәндік-қолданбалы қолөнер. 2)Техникалық шығармашылық өнері. Техника моделін жасауда үйрету кезінде оқушылардың жалпы еңбек ету іскерлігін жетілдіріп, жинақтай түсуге, яғни жұмыс орнын тиімді ұймдастыра аспаптарды орнымен пайдалана білуге,жоспармен және саналы әрекет істеуге,жұмыс үстінде өзін-өзі,өзгелерді бақылай білуге үйретеді.Техникалық конструкциялау балалар үшін әрі қызықты,әрі шамаға лайықты әрекет түрі,оның міндеті-техникалық макеті мен жұмыс істейтін модельдерін жасау.Модель жасаған кезде оқушылар дербестігін, шығармашылық қабілетін көрсете алады. Үйірме жұмысында дұрыс бағыт-бағдар беру үшін жұмыс бағдарламасы құрастырылып,үйірменің ұраны, мақсат пен міндеттері анықталады.Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа, сан алуан түрлері жасалып отырады. Жалпы халық арасындағы қолөнердің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып,заманымызға сай, лайықты сапа ,түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта берді. Мектепте жүргізілетін көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға бағытталады,өнерге бейімділіктің алғашқы қадамы баланың өскен ұясынан бастау алып,мектеп қабырғасында оқу-тәрбие жұмыстарыбарысында ілгері дамытылып, байытылады.Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық,сәндік қолданбалы қолөнердің тұнығынан сусындатып ,халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңқаларлық тамаша шығармаларымен таныстыра отырып ,өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп дұрыс бағыт сілтеу,ұлттық қолөнерге баулу басты мақсатымыз. Баланың білімін тереңдетуде ,шығармашылығы,еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп ,талғам деңгейін жоғарылату барысында қолөнер үйірмелерінің орны ерекше.Үйірме жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аударар болсақ ,баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы бейнелеу өнері ,геометрия ,математика жануартану , өсімдіктану, сызу, физика т.с.с. пәндерге тікелей байланысты болатындығы аңғарылады.Бала оқу процесінде алған білімін ,үйірмеде іс жүзінде қолданып,қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады.Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін,әрі қарай жалғастырып,дамытудың негізгі жолы болып есептеледі.Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп,алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға,шеберлікке еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Үйірме жұмысының нәтижесінде,үйірмеге қатысатын оқушылар,үйірмеге қатыспайтын құрбыларына қарағанда анағұрлым толық мағлұматтарға қанығып,шеберлігі шыңдалып ой-өрісі кеңейе түседі.Қазіргі оқыту технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес,үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші,өзіндік ой пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек.Еңбек сабақтарында немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай,сонымен бірге оған талдау жасап,жасалу,өңделу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады.Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып,баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық,ұлттық,этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.
|