Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология |
КММ «№5 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қосалқы мектеп - интернат» білім басқармасы ШҚО, Семей қаласы I – санаттағы «Ағашты көркемдеп өңдеу» пәнінің мұғалімі: Махажанов Б.Х Пән аты: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы 10а сыныбы АШЫҚ САБАҚ Тақырыбы: «Раушан гүлін ағаш жоңқасынан жасау жолдары» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қолданбалы – қол өнерді әрі қарай дамытып, оларды түрлендіре білуге үйрету. 2. Коррекциялық : Өз ойларын жеткізе білуін қалыптастырып, дамуын және қол саусақтарының икемділігін арттыру. 3. Тәрбиелік : Өзіндік еңбек іс-әрекетіне тәрбиелеу Еңбек мәдениеті мен тианақтылыққа тәрбиелеу. Ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Үлгі жұмыстар, қолдан жасалған нұсқаулармен сабаққа керек құрал- жабдықтар, технологиялық карта. Пәнаралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері. Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс. Сабақтың барысы: I . Уйымдастыру кезеңі: Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.Үй тапсырмасын тексеру. Қауіпсіздік техникалық ережесін еске алу II. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты түсіндіру. Адамзаттың әдемілік туралы ойын жүзеге асыруда қоршаған ортаның әдемілігі мен заңдылығын, үйлесімділігін бейнелеуге ұмтылысы арта түсуде. Оған күнделікті қолданып жүрген тұрмыстық заттар сол сияқты жәдігерлік сый-кәделік музыкалық аспаптар, домбыра, қобыз, сандық, қолданбалы қолөнер туындылары мысал бола алады.Осы заттарды жасап үйрену арқылы ұлттық қолөнердіқ өзіндік ерекшелігімен, көркемдік құрылымымен танысуға болады. Ата – бабаларымыздың тұрмыста пайдаланған бұйымдарын жасау арқылы ұлттық өнердің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік туады. Оқу барысында ағашты көркемдеп өңдеу жағынан олардың технологиялық қасиеттерімен және пайдалану жолдарымен танысқансыңдар. Үнемі осындай жұмыстардан кейін адамның ой- өрісі кеңейіп түрлі шығармашылық жолдарға бағыт алады.Сол шығармашылық жұмыстарымыздың бірі бүгінгі тақырыбызға байланысты жұмыс. Ағаш қалдығынан яғни жоңқасынан сый-кәделік раушан гүлін жасау.Раушан гүлін бұрын қағаздан, матадан, қаңылтырдан тағы басқа заттардан жасалғанын көріп жүргенбіз. Сол сияқты бізгеде неге өз сабағымызға байланысты ағаш жоңқасынан әр түрлі жұмыстарды жасамасқа деп ой туындады. Бұл жұмыс ағаш үстірігінен шыққан жұқа жоңқаларды өңдеп, кесу, желімдеу және бояу жолдары арқылы шығады... Желімдеген кезде желімнің түр-түсіне мән беру керек. Негізі «Момент» желімін қолданған жөн. Бірақ бұл желімнің екі түрі бар біреуінің түсі сарғыш екіншісі ақ мөлдір су сияқты. Сарысымен желімдесек бұйымда сарғыш түс көрініп тұрады. Сондықтан ақ су сияқты желіммен жұмыс істеген жөн болады. Желіммен жұмыс істеген кезде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн. 1. Ауасы тазартылып желдетілген бөлмеде жұмыс істеу керек. 2. Көзге байқамай желімнің тиуін байқау керек. Байқаусыздан желім тиген кезде суық сумен жуып жедел. дәрігерге көріну керек. 3. Желімдеп болғаннан кейін орнын жинап қолын жуу керек. III Практикалық жұмыс: Раушан гүлінің жасау жолдарына байланысты технологиялық картаны оқушыларға кезекші арқылы таратылып беріледі. Гүлдің жасалу жолдары практика жүзінде көрсетіледі. 1. 24мм тақтайды үстіріктеу арқылы 1мм-лік жоңқаларды дайындаймыз. 2. Гүлдің астыңғы күлтелерін шаблон арқылы жоңқадан ұзындығы 70мм екі 24мм-лік 4 дана кесіп аламыз. 3. Осы күлтелерді бір-біріне қосып желімдейміз. 4. Жоңжаның қатты бұралған түрін осы желімделген күлтелердің ортасына отырғызып желімдейміз. 5. Тағыда кішігірім күлтелердің 30-40 данасын дайындаймыз. 6. Бұларды ортадағы бұралған күлтенің жанына қатар-қатар етіп еңкейіңкі түрде желімдейміз. 7. Осы жоңқадан гүлдің астындағы күлтелерін ұзындығы 40мм екі 12мм етіп 5 дана және гүлдің жапырақтарын ұзындығы 50 мм енін 20 мм етіп 3 дана жасаймыз. 8. Жасалған гүлдің ортасынан бұрғымен 3 мм етіп тесік жасап оны желім арқылы сабағына орнатамыз. 9. Сабағына дайындалған жапырақтарын желімдейміз. 10. Дайындалған раушан гүлін бояумен бояп безендіреміз. Балалар енді сарамандық жұмысқа кірісеміз. Бұл жұмысты баға үшін жасау емес, шын көңілдеріңмен қызығушылық танытып бойларыңдағы бар ынталарыңды салып, кәдімгі шеберлер құсап жұмыс істесеңдер, гүлдерің жәйнәп иіскегілерің келіп тұрғандай болады. Іске сәт. IV Сарамандық жұмыс: Балаларға ТҚЕ-ге байланысты үстірікпен, қайшымен және желіммен қалай жұмыс істеу жөнінде қойылатын сұрақтар: 1. Үстірікті жұмыс біткеннен кейін қалай қою керек? (Үстіріктің жүзін теріс қаратып бір жақ жанымен қояды). 2. Қайшымен жұмыс үстіндегі ТҚЕ? 3. Желіммен жұмыс істегенде неге мән беру керек? (қауіпсіздік ережесін сақтай отырып көзге тигізбей ауасы кең желдетілген бөлмеде жұмыс істеу керек). Оқушылар «Өнер» және «Шебер» атты екі топқа бөлінеді. Сынып кезекшісі оқушыларға жұмыс істеу үшін керекті құрал саймандарды таратып береді. Оқушылар технологиялық карта бойынша жұмысқа кіріседі. V Қорытынды бөлім: 1. Бүгін қандай затпен жұмыс істедік? 2. Ағаштан шыққан затты не дейді? 3. Жұмыс барысында қандай желімді қолдандық? VI Оқушы жұмысын бағалау. VII Үйге тапсырма беру: Осы жұмысқа ұқсас технология картасын жасап келу. Сабақ аяқталды шығармашылық жұмыстарыңа көп рахмет. | |
Просмотров: 1705 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|