Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология |
Гүлжан Рәбілқызы Бекмухамбетова № 5 Күршім орта мектебінің технология пәні мұғалімі, Күршім ауылы, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы Шығармашылық жобаның мүмкіншілігі Білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі - әлемдік білім беру жүйесіне ену, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарынан іздену, жан-жақты шығармашылық ізденістегі, дарынды тұлға қалыптастыру. Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Оларды оқыту нәтижесіоқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру тиіс"-деген болатын. Технология пәнінің негізгі мақсаты-оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, шеберлігі мен икемділігін қалыптастыру. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері түрленген сайын оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды. Бұл тұста мұғалімнің басты мақсаты, сабақ барысында пәнге қызығушылығын арттырып,ізденістерін туғызу арқылы теорияда алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру Өнерде өлшем жоқ. Өнердегі өлшем ептілік, үйрену және істелген ісінің көзге көрікті, әдемі болуы. Әрине, қазіргі кезде сонау ерте кездегідей таспа тілу, кесте тігудің қажеті шамалы. Өйткені заман басқа,ағым басқа, көп нәрсе техника көмегімен істеледі, дегенмен де бүгінгі күннің талабына сай сан алуан өнер түрлері сұранысқа ие. Солардың бірі-бисер өнері. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, даму сатысында. Бисер өндіру кәсіпшілігі алғаш Венецияда, Германияда, Византияда дамыды. Венеция өндіріс орталығы Мурано аралында кәдімгі айна ірі моншақтар, сумоншақтар өндірілді. Бисер өндіру ісі ол елдерге өте зор байлық әкелген, Венеция бисер өндіруді өте құпия ұстаған. Басқа мемлекеттермен шеберлерді араластырмаған.Әйгілі теңіз саяхатшысы Марко Полоның әкесі бисер шебері болған. Бисер сөзі арабтың "Бусра" деген сөзінен шыққан. Ол ортасы тесік деген мағынаны білдіреді. Бисермен жұмыс істеу өте көп уақытты талап етеді. Бисермен тоқу,тігу жұмысы халық шығармашылығының жәнеәшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Қандай да салынған суреттерден өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Мен өз сабағымда оқушыларды жұптастырып және топпен жұмыс жасауға дағдыландырамын. Ол үшін оқушылар өздеріне ұнаған сурет таңдайды, бисер таңдайды. Бисермен жұмыс істеу өте нәзіктікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді. Оқушыларға бисермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау қатаң ескеріледі. Сол жұмыстардың дәлелі ретінде топпен жасалған, жұптасып орындалған жұмыстардың топтамасын ұсынып отырмын. Атап айтсам, "Қазақстан2050" - орындағандар, Ержан Айгерім-11 сынып, Қайшынтаева Ақмарал- 8сынып. "Экспо-2017" орындаған оқушылар Сейітказина Эльвира 8-сынып, Сомбаева Лунара-8 сынып. Әр сыныпта белсенді оқушылар саны артуда. Бұл жерде мұғалімнің негізгі мақсаты оқушы бойындағы қабілеттің дамуына, шығармашылығын шыңдауға жол аша білуі. Н.Ә Назарбаевтың" Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде"-атты еңбегінде "Мәдени дәстүр қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Қазақстанда ұлттық өнерді,мәдниетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр"-дегені осының айғағы. | |
Просмотров: 1084 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|