Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Аялай біл - сен деп соққан жүректі
7-сынып. Өзін-өзі тану сабағы
Тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Мақсаты: жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар,достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Жағдаятты талқылатудың мақсаты оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету.
Міндеттері:
– адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;
– жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
– жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, музыка, слайд, карточкалық сұрақтар, жүрекшелер, видео клип, смаиликтар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс, ой қозғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу
Шаттық шеңбері:
Оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, сөзі: Ғ.Қайырбековтікі , өлеңі: Ш.Қалдаяқовтікі. «Ана туралы жырын» үнтаспаға қосылып бірге айту.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Әңгімелесу
Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында төмендегідей сұрақтар берілген:
«Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма? Қалай?
Өзің жақсы көрген адамың саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіндің?
Өзіңе «Маған мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген сұрақ қойып көрдің бе?
Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?
«Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» – деген сөздерді қалай түсінесіңдер?.
ІІІ. Жаңа ақпарат

Балалар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аударту.
Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз екендігін оқушыларға айту.
Топпен жұмыс:
Сынып 3 топқа бөлінеді: түрлі-түсті (қызыл, сары, ақ ) жүрекшелер таңдап, түске сәйкес бөлініп отырып интерактивті тақтадағы 7 «А» сыныбына «Махббат әлемінен» жіберген Р. Акдемірдің «АНА МАХАББАТЫ» атты шығармасын жекеше оқып, әр топ төменде берілген сұрақтарға жауап беріп, талдау жасау.
АНА МАХАББАТЫ
Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған тау¬лар тамаша көрінетін.
Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Алы¬стан олардың төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын.
Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін…
Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар.
Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды…
Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек… Басқа да біраз нәрселер… Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.
Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдау¬сыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді…
Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.
Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.
Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:
– Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма.
Анасы ұлын аймалап:
– Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, – деді.
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:
– Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп күлімсірей сөйледі.
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
– Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір-ақ ешкімге айтпа, – деді.
Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.
Анасының:
– Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.
– Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсын-шы.
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды.
Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:
– Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің ұсынысымызға не дейсің? – дейді.
Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.
 Ана неліктен балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді?
 Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?
 Балалар саяхаттан неліктен бас тартты?
 Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
Видео клипті тамашалау:
1 топқа: Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата-анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
 Саяттың іс-әрекеті дұрыс па? Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2 топқа: Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата-анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
 Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
 Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
3 топқа: Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалды
 Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
 Ерболға қандай кеңес берер едіңдер?
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Дәйексөз
Сабақта меңгерген білім, біліктерін қорытындылап, түйіндеу мақсатында оқулықта Альфред Адлердің қанатты сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріліп, талқыланады.
Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді. Альфред Адлер
Тапсырма: : Өзіңнің жақындарыңды қалай қуантар едің? Тізбектеп жаз.
V. Қорытындылау.
Жүректен жүрекке В.А. Сухомлинскийдің
Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл-хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен. - дей келе сабағымызды қорытындылап, әрбіріміздің алдымызда жатқан жүрекшелерге, өзіміз бір сәт түпкі жүрегімізге үңіліп «анамызға» деген ыстық лебізімізді, махаббатымызды білдіріп жақсы тілектер жазып немесе өздерінің «анаға деген махаббатынды» неге теңер едіңдер соңың суретін салып, үлкен жүрекке орналастырайық.
- Бағалау: топтарға бөлінген әр баланы мадақтап, тәтті смаиликтар тарату
VІ. Үйге тапсырма: 69 бет «Әке арманы» жаттау.

СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР
- Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.
- Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.
- Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың.
- Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың.
- Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.
- Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.
- Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.
- Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.
- Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң, бар уақытыңды достарыңа бөлдің.
- Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «лажы болса үйден ұзақ болйын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.
- Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.
- Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.
- Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.
- Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді.
Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылатындығын ұмытпа. Егер де сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.
Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.
Ф.Тайтелиев

Источник: http://zhuldiz.18.09@mail.ru
Категория: Самопознание | Добавил: ctvtq (2013-05-16) | Автор: Жаншаева Жұлдыз Еркінқызы E W
Просмотров: 4997 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 5:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru