Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Тақырыбы: "Күш бірлікте"
Тақырыбы: «Күш бірлікте»
Дәйексөз: «Татулық — табылмас бақыт»
Мақсаты: Білімділік: Бірлік туралы түсінік беру,« бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Көпшіл болу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: үлестірме қағаздар, ребус, дәйексөздер, слайдтар.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Әдістемелік тәсілдер: Шаттық шеңбері, сергіту сәті, ойын, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке, слайд
С а б а қ б а р ы с ы :

Шаттық шеңбері
Балалар , мен сендерді дәстүрлі шаттық шеңберін құруға шақырамын. Кәне, күн құсап дөңгелене тұра қаламыз.. Қол ұстасып достық, татулық туралы өлең айтайық.
Барлығымыз менімен бірге қайталаймыз.
Қуан шаттан, қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы бүгін күн болсын.
Енді жұп болып тұрамыз, алақан алақанмен амандасады
Иық иықпен
Арқа арқамен
Аяқ аяқпен
Құлақ құлақпен
Мұрын мұрынмен сәлемдеседі. Ал, енді көңіл күйіміз көтерілді ме? Орнымызға отырайық.
Үй тапсырмасын тексеріп, есімізге түсіріп алайық.
1. «Достық хат» - оқыту
2. «Біз тату-тәтті отбасымыз» тақырыбына салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Қысқаша түсініктеме беру.
Біз өткен сабағымыздан нені үйрендік?- балалардың жауабы
-- татуласуға бірінші қадам жасауды
----кішіпейіл болуды
---қателікті мойындауды
---өзара түсінісуді үйрендім
---ренішті ұмыта білуді

Жаңа сабақ. – Жақсы, балалар жаңа сабағымызға кірісейік.
Сабағымыздың тақырыбы «Күш бірлікте» Бұл сабақта біз бірлік күші неде екенін білетін боламыз. Ол үшін көптеген елдерге саяқатқа барамыз.
-«Ынтымақ» еліне
-«Бақыттылар» еліне
-«Сыйластық» еліне
- «Достық» еліне
«Бірлігі күшті ел»

СЛАЙД -«Ынтымақ» еліне тоқтап, тапсырманы орындайық.
1.Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ынтымақ түбі- береке- деп айтуда қандай мән бар?
Оқушылар:
- Оқушылардың шешендер айтқан ынтымақ туралы сөздеріне кезек беру.
-Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
-Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
-Ынтымақ түбі-игілік.
-Тірлік, тірлік түбі-бірлік.
-Ынтымақ істі бітірер.
-Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң, кем кесерсің.
Жақсы, -Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

-Балалар, сендер шешендердің ұлағатты сөздерін естеріңе түсірдіңдер.
-Енді өздерің қалай түсінесіңдер?

-Компьютенрден аңыз әңгімені тыңдату- аудиозапись

- Енді көріністен қарияның балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырғанын тамашалайық.
КӨРІНІС «Ырыс алды – ынтымақ»

Көрініспен жұмыс.
Көрініске байланысты сұрақтар.
-Қария туралы не ойлайсыңдар?
-Қарияның тоғыз ұлы туралы не ойлайсыңдар?
-Қария балаларын қалай сынады ? Сендер қалай сынар едіңдер?
-Қария балаларына қандай ақыл сөздер айтты?
«Бірлік болмай, тірлік болмас»- деген халық мақалын талдау арқылы өзекті ойды нақтылай түсуіне көмектеседі.
Тапсырмалар:
-Ынтымақ, бірлік, достық, татулық сөздерін қалай түсінесіңдер?
Ынтымақ –адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуі
Татулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластғы
Достық – адамдардың бір біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуы
Жанашырлық – адам дардың бір –біріне ниеттестігі мен тілегі

Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?
- Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе ,олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әректтер жасар едіңдер ?
Бірлік--- татулық, сыйластық, достық, ұйымшылдық, көпшіл болу, татулық
СЛАЙД «Бақыттылар» елі
Дәйексөзді дәптерге жазу. Дәйексөз арқылы кім қандай пікір айталды?
Татулық — табылмас бақыт.
СЛАЙД «Сыйластық» елі Мұнда оқушылар берілген қағаздардағы мақал-мәтелдерді аяқтайды:
1. Ынтымақ түбі - ..................... береке,
2. Бірлік, , ынтымақ. – байлық, ............... бақ
3. Татулық....... табылмас бақыт
4. Бірлік болмай- ......тірлік болмас
5. Ырыс алд ы - ынтымақ
Сергіту сәті
Біз өнерлі баламыз, (Өзін көрсетеді)
Шырқап әнге саламыз /Екі қолды жанына созады/
Би билейміз бұралып /бидің қимылы/
Доспыз, тату баламыз! /барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді/
СЛАЙД «Достық» елі
Топпен жұмыс. Ынтымақ үйін, татулық гүлін құрастырамыз
Дәптермен жұмыс
Мақал –мәтелді талдау.Ребуста жұмыртқа, бала, көйлек, дәптер, үкі киім ілгіш суреттері берілген.
Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Мақал мазмұнын қалай түсіндіруге болады ?

Адамдар арасында бірлік болса ,олар ынтымақта,тату-тәтті өмір сүреді.Өзәра сыйласып ,ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады..
ІV. Қорытынды Біз бәр елді аралап шықтық. Енді өз елімізге қайтайық. Мен сендерге жұмбақ қылып астарлап айтамын, сендер ол қай ел туралы екенін табыңдар.
Сабақты қорыту мақсатында «Құт мекені » слайдын көрсету. Тапсырма: 1. Татулық ,достық, бірлік, ынтымақтастық
Мұғалім: Жер бетінде жанға жайлы бір ел бар деседі. Ол елдің адамдары шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, бір-біріне бауырмал болып өмір сүріп жатыр.Сондықтан да сол елде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Бұл ел қай ел деп ойлайсыңдар?
Бұл- қазақ елі.

Отанымыз Қазақстан- әр адамның құт мекені .- шамшырақ жағу

Жүректен жүрекке

Ынтымақ –адамдардың арасындағы ұйымшылдық, татулық, ауызбірлік, бірлесіп әрекет етуі
Татулық – адамдардың берік бірлігі, сыйластғы
Достық – адамдардың бір біріне адал қалтқысыз сенуі, бір мүдделі ортақ көзқараста болуы
Жанашырлық – адам дардың бір –біріне ниеттестігі мен тілегі
Бірлік — ортақ істе ұйымшылдық көрсету.
Бірлік — жаныңдағылармен тату өмір сүру.
Бірлік — өзгенің пікірімен санаса білу.
Бірлік — өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.

Тақырыпқа байланысты жақсы тілек, шешендік сөз немесе өзі жаттап келген бірлік, татулық туралы батасын айту
Үйге тапсырма:өздерің татулық, бірлік туралы шағын әңгіме жазып, түрлі жағдаяттар ойластырып келіңдер

Источник: http://самопознание
Категория: Самопознание | Добавил: журнал (2014-01-09) | Автор: Карлыгаш E
Просмотров: 3920 | Комментарии: 2 | Теги: самопознание | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-12-21, 1:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru