Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Сынып: 5 «Б» Сабақ тақырыбы: «Табиғат ғажаптары» Мақсаты: - оқушылардың «табиғат», «туған жер», «атамекен» ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту; - табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу. 1. Шаттық шеңбері Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың туған жерге сүйіспеншілігін сезіну мақсатында табиғаттың аудио дыбыстарын қолданамын, яғни құстардың ән салғанын. 2. Әңгімелесу - Қазыр біз осы табиғаттың керемет дыбыстарын естігенде көз алдарыңа табиғаттың қай жерлері елестеді? - Мүмкін сендердің ерекше жақсы көретін табиғат аясы елестеген шығар? - Табиғатты қалай сезінуге болады? - Табиғаттан сендер қандай әсер аласыңдар? 3. Мәтінмен жұмыс Оқушылардың әңгімелесуде айтылған ойларын жалғастыруы үшін оқулықта берілген Ы. Кенесбаевтың «Аққулы мекен» мәтінінен үзінді оқытып, әрі қарай дамытамын. Мәтінді оқушылар өздері кезекпен оқиды. • Табиғаттың қандай көрінісі балаларды таңғалдырды? • Балаға табиғат қандай шабыт береді? • Кейіпкер күнделігіне не жазды деп ойлайсындар? 4. Өзіммен - өзім Бұл релаксациялық тәсіл оқушыларға табиғат сұлулығын сезіндіру арқылы адамдардың бойында шабыт, құлшыныс пайда болатынын мақсатында өткізіледі. Мұғалім әсерлі музыка үніменен сабақтастырып, «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін қолданады. - Балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біз бәріміз табиғат аясына шықтық. Күннің шуағы да ерекше. Алыстан тау жоталары көрінеді. Жаз бойы жайқалған жасыл шөптің де реңі өзгергендей. Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ал қалың терек арасында өскен көкжасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап ажарлана түскендей. Көк аспанға көз жіберсең қиқулап, үшбұрыш түзеп, жылы жаққа ұшып қшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің. 5. Жағдаятты талдау 1 – жағдаят Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды... 2 – жағдаят Арман достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқсықтардан бітеліп қалғанын көрді... 3 – жағдаят Сынып жетекшісі сабақ соңында «Жасыл ел» шарасына қатысу үшін өз еріктерімен мүшелікке өтуге болатынын айтты. Арман ойланып қалды... 6. Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптердегі 61 бетті ашып №3 тапсырманы орындайды. «Табиғатты аялайық» тақырыбына өз ойыңды жаз. 7. Үй тапсырма Табиғат жайында жазылған өлеңдерді негізге ала отырып бір шүмақ өлең құрастырып көр. 8. Қорытынды Бүгінгі сабақты Шыңғыс Айтматовтың сөздерімен қорытындылағым келеді «Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшағы ретінде сезіне біледі». 9. Жүректен жүрекке Оқушыларға квадрат пішінді түрлі – түсті қағаздар таратылады. Мұғалім оқушыларға өз қолдарымен «Бақыт көгершінін» жасауды ұсынады. Бүкіл сыныппен шеңберге тұрып бір бірімізге жылы лебізімізді білдіріп «Бақыт көгершінін» сыйлаймыз. - Балалар біз өз қолымызбен бір бет қағазды қолданып «Бақыт көгершінін» жасаймыз. Қағаздардан мүсін жасау оригами деп аталады. Оригамидың терең тамырлары осы қағазды ойлап тапқан Ежелгі Қытай елінде жатыр екен. Содан соң балалармен шеңберге тұрып қағаздан жасалған көгершінді, бір бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, сыйға тартамыз. Мысалы: - Алима мен саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін. Өмір жасың ұзақ болсын, осы мен сыйға тартып тұрған «Бақыт көгершіні» саған шынымен де бақыт әкелсін. | |
Просмотров: 1055 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|