Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Өзін - өзі тану 2- 3 сынып. Тақырыбы: Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Еңбек – қуаныш, Жалқаулық айырылмас азап. Абай Мақсаты: « Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсіндіру;• еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;• еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: еңбек туралы суреттер, дәптер, өзін-өзі тану дискісі,гүлдің суреті. оқулық, түрлі түсті қағаздар. Шаттық шеңбері: оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.Бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.25-26с.Өрмекші туралы не айтуға болады? Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы еңбек туралы. - Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз. Үйде жазып келген шығармаларыңды оқып беріңдер. Әңгімелесу.Автор пікірі ------------------------------------ Оқушы пікірі. Еңбек адамға не үшін қажет? Қандай еңбек түрлерін білесің? Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? Өздерің қандай еңбекті ұнатасыңдар? Оқулықпен жұмыс.Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Б. Әділов - Мәтінді тыңдау.Сұрақ - жауап алу. - Мысалы мәтіндегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды? - Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады? «Еңбек - түбі береке» дегенді өздерің қалай түсінесіздер? Жаттығу – ойлану Оқушылардың сабақтан ұкқан ойлары жаттығу - ойлану арқылы бекітіледі. Бізде ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейік. 1. тапсырма: Мына әріптерден Еңбек туралы мақал – мәтел құрастыр. (Еңбек –бәрін жеңбек.) 2. тапсырма:Мына гүлдің күлтелеріне еңбек түрлерін жаз. 3. тапсырма:• Сергіту сәті. Еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.Еңбек.Н. Жанаев. Гүл өсірсең, терлеп,( Қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді) Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды.) Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.) Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды.) Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.) Әзірлесең – Еңбек. Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.) Еңбек қана жеңбек ( Екі қолын жаяды. Дәйексөз (атаны сөйлету) Тақтадағы дәйексөздің мәні түсіндіріледі. Абайдың «Еңбек – қуаныш,Жалқаулық айырылмас азап» деген мақалының мағынасы түсіндіріледі. Абай атамыздың бес асыл ісін,бес дұшпанды атап,мағынасын ашу,тақтаға бөліп ілу. - Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың. Суретпен жұмыс. 1-сурет. Анасы мен қызы не істеп жатыр?Мұғалім тәтенінің сөздерін тыңдау. Мағынасын түсіндіру. «Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады?» Әңгімелеп бер. Жаңа ақпарат.Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру. «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады». • Ойын. Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі. Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, үш – төрт бала ортаға шығады. - Баудағы кім? - Олар – аралар. - Ара болсаң, ызыңда - З - з - з, ж - ж - ж, з - з - з, ж - ж - ж! - Жұмыс істе, тығылма! Аралар бір – бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе, тығылма!» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл – қозғалыстар жасайды: Топ – топ ара ұшады, Үстімен де бұтаның, Астымен де бұтаның. Үстімен де бұтаның Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында түсіндіреді. Тыныштық сәті. Үнтаспа тыңдау Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тынысалуларыңды ойланып бақытты, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Коллаж жасау.Еңбекке байланысты суреттерді жапсыру. Қорытындылау:- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік. Жүректен жүрекке. Болайықшы осындай! (А. Меңжанова) Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай, Болайықшы досымай. Шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтады. Бір – біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына тілек білдіріңдер. Бақытты бол! Денсаулығың мықты болсын! Ел мақтанышы бол! Еңбектің тәтті нанын сезіне біл. Жетістіктерге жете бер! Үнемі адал бол! Еңбекте жемісті бол! Жүздеріңнен күлкі кетпесін! Үй тапсырмасы:кітапшаларыңа еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келіңдер. | |
Просмотров: 2774 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|