Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Эссе «Өзін – өзі тану – өмірді тану» Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Нурмаханова Ж.Т. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған. Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып отыр. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы-рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырған жан. Яғни, жастарға нақты білім негіздерін меңгертіп, олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өмір бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруымыз қажет. Қоғам дамуында біздің күнделікті қарапайым тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттер керек. Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз екендігі сөзсіз.«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой). «... Өзіңді - өзің танысаң - істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана» (А.Ә.Машани) Күн - тіршілік көзі, мұғалім – халық көзі. Күн болмаса тіршілікті, дүниеден қараңғылық басатыны секілді, мұғалім болмаса халық көрсоқыр, қара тобыр, һәм надан хайуани тіршілік кешері сөзсіз. Иә, мұғалім киелі мамандық. Патшалар, президенттер, академиктер, генералдар, дәрігерлер, өнерпаздар...- бәрі де мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі: биік, асқақ,ардақты,атақты. Мұғалімдік қызмет адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биікке көтереді. Осы мәртебелі мамандықтың иесі мұғалімнің бірі менмін. Сірә, маңдайыма жазылғаны осы болса керек. Олай дейтініміз – ғалым Платонның айтуы бойынша, «Әлемнің жеті данагөйі» Дельфадағы Аполлонның сарайында бас қосып, ортақ бір ғана тұжырымға тоқталыпты. Латын тілі үлгісінде әрқайсысы «Өзіңді өзің таны» (nosce te ipsup) деп жазып қалдырған екен. Біз, кез - келген нәрсені өзімізден, өзімізді танудан бастауымыз керек. Яғни, өзімізді өзіміз танымасақ, өзгені қалай танимыз?! Ақжан атамыздың «Өзіңді өзің танысаң істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек. Менің әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделген өзін - өзі тану пәнінен дәріс беріп жүргеніме көп уақыт өткен жоқ. Сол аз уақыттың ішінде осынау жауапты да күрделі міндет жүктелген «Өзін - өзі тану» пәнінің жас ұрпаққа рухани - адамгершілік тұрғысынан білім берудегі ұтымдылығына көз жеткіздім. Өзіммен өзім, тып - тыныш. Оңашада ішкі ойыңмен сырласу қандай ғанибет десеңші... Шәкірт қабілеттерін жан - жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық - әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан - жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан - жақты дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұстанымын қалыптастыру; өмір салтын еркін таңдай алуын, өз бетінше іске асыратын дербес ерекшеліктерін дамыту – педагогиканың басты мұраты. Ал оның негізгі бағыты – рухани-адамгершілік білім беру: жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға, өзін-өзі тану процесінде АДАМ тәрбиелеуге бағдарланған. Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру – өмір талабы. Өмірлік өзіндік таным – өте кең ұғым, ол адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде танытады. «Өзін өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ. «Өзін өзі тану» пәні – сан қырлы. Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды. Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты, Болашағы болар елдің таң нұрлы. Өзін-өзі, өзгені де танитын, Мейірімділік, адалдыққа баулитын. Сездіретін жүректердің жылуын, Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды. Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мүддеміз үшін жасалып жатқан барша істерге сәттілік тілейміз. | |
Просмотров: 12466 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|