Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін - өзі тану» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі:17.01.14ж № 28 Тақырып:Табиғатқа қамқорлық Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: сүйіспеншілік , қамқорлық Мұғалiм: Жетписбаева Ләззат Жұмашқызы Сынып: 4«А» Оқушылар саны:16 Сабақ мақсаты: Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға табиғатқа қамқорлықтың- қиянат жасамау екендігін ұғындыру. 2. Дамытушылық:Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік:Оқушыларды айнала қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Күнделік,дәптер, пенал, бейджик,қалам Сабақ барысы: 1. Ұйымдастырукезеңi. Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 1. Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен» (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Ескертулер: 2. Үй тапсырмасын тексеру: 130-беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат-ана» мәтінін оқып келу. Мазмұны бойынша сұрақтар: 1. Табиғат-ана ұлдарына неліктен сый жасағысы келді? 2. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Табиғат-ананың көріктеніп сұлулығының артуының сыры неде? 4. Анасы ұлдарына қандай сый тартады деп ойлайсыңдар? 5. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? 3. Дәйексөз. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ». Р.Сәтімбеков 1.Дәйексөзді оқыту. 2.- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер? 3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру 4. Қорытынды 4. Әңгiмелеу. Үзілген гүл Кеңес Оразбекұлы Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді. -Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... -Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. -Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпейқурап қалатыны содан... Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып: -Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап: - Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді. Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді. Мәтін бойынша сұрақтар қою: 1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді? 3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады? 4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер 5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер? «Киіктер толғауы» мультфильмінен үзінді көрсету. 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу,дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау.7 минут.) 1-топ: «Жер»тобы-Жұмбақты шешу, сұраққа жауап. 2-топ: «Су»тобы- Ребусты шешу. 3-топ: «От»тобы- Аңыз- әнгімені сахналау. 4-топ: «Ауа»тобы-Жақсы қасиеттер, пайдасын әңгімелеу. 6. Топпен ән айту. Ертегілер әлемі АйгерімҚалаубаева Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін, Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, Нұрына шомылдым бүгін. Жұлдыз, айы көркем, Әдемі еді неткен, Құстары сөйлейді, Бұлттары тербейді, Мен оянып кеттім, әттең! Қ/сы: Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? Гүл тердім бұлттардан, Әр гүлде бір арман, Таусылмайтын тәтті, Сыя келіп жатты Жан біткеннің бәрі маған. 7. Үй тапсырмасы. 1. Оқулықтың 133-бетіндегі Э.Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу. 2. «Табиғатты қорғайық!» тақырыбында жоба әзірлеу. 8. Соңғы тыныштық сәтi. - Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар. | |
Просмотров: 11225 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|