Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Рухани-адамгершілік тақырыбындағы әңгіме
Рухани-адамгершілік тақырыбындағы әңгіме
Күні:
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық,мейірімділік
Тақырыбы: Ұлы дала әуендері! Қасиетті домбыра!

Мұғалім:
Сыныбы:1 « »
Оқушы саны:
Мақсаты:
Білімділік
Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, оның ішінде домбыра аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету;
Дамытушылық:
Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту;
Тәрбиелік:
Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.

1.Жағымды күй Тыныштық сәті: Тыныс алу
Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д еее м ал..., ш ы ғ ааа р... (жаймен 9-10 рет)

2.Әңгімелеу

Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып,
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

( домбыра)


Домбыра туралы аңыз

- Балалар, домбыра дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)
- «Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек.
- Балалар, мен сендерге «Домбыра туралы» аңыз ертегі айтып берейін.
(ертегіні айту)
«Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл«Шайтан тиек» деп аталып кеткен».

Слайд көрсету.
Наурыз мейрамы туралы айтып Сарыарқа күйін тыңдату
Балалар жарайсыңдар, бүгін «Киелі домбыра» жайында көп білдік.
1) Балалар бүгін біз қазақтың қандай аспаптарымен таныстық?
2) Домбыраның шығу тарихы қандай екен?
3) Қандай күшілерді білеміз?
4)Наурыз мейрамы туралы тақпақтар айту

3.Сұрақ-жауап (талдау)

Топпен ән айту:
«Қасиетті домбыра»

1 Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухыңды ағылт домбыра,
Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.

Қайырмасы:
Шанағыңда ойнаған,
Үніңе еш тоймағам,
Қасиетті домбыра.
Күмбірлеген күйіңе,
Әрдәйім мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.

2 Шанағыңнан төгілген күйің домбыра,
Арта берсін әрдәйім сыйың домбыра.
Қастерлейді өзіңді халқың домбыра,
Тоғыз перне, қос ішек алтын домбыра.

Қайырмасы:
Категория: Самопознание | Добавил: Баймуратовна (2014-12-25) | Автор: Жакашбаева Эльвира Баймуратовна E
Просмотров: 1679 | Комментарии: 3 | Теги: мектеп, өзін-өзі тану, балалар | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 12:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru