Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ орта мектебі Қалиева Қарлығаш Оразбайқызы Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан ... Мақсаты: «дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері: - Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру; - Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту; - Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбилеу. Көрнекіліктер: үнтаспа - Қ.Ыдырысовтың «Қайдасыңдар, достарым» әні. Шаттық шеңбері - Сәлеметсіздер ме? (оқушылар сәлемдеседі). - Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Іздегенде табылатын қасыңнан ...». Мақсатымыз достық туралы ой пікірлеріңді білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу. Досым саған сенемін, сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген – адамның көркі екен. Достық деген – ақылдың серігі екен. (М.Мақатаев) - Дос неден басталады деп ойлайсыңдар? (күлкіден, сүйіспеншіліктен). Ендеше бір – біріңе күлкі сыйлай отырып, жүрек жарды тілектеріңді айтуды ұсынамын (құрбым, мен сені мақтан етемін). Әңгімелесу (берілген сұрақтар бойынша оқушылар жауаптары тыңдалады). - Достық деген не? - Достардың ортақ мақсаттары мен ортақ көзқараста болу міндетті ме? - “Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады” деген нақыл сөзбен келісесің бе? - Досыңның қателіктеріне көз жұмып қарайсың ба? Оқу ақпараты. Оқушылардың әңгімелесу барысындағы жауаптарын негізге ала отырып, төмендегі оқу ақпаратымен қорытындылаймыз. Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет. Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі. «Дос» деген сөзге ассоциация «Ашық айту конверті» ойын-жаттығуы Бұл ойында өзіңіздің іс-әрекетіңізбен бірге досыңыздың әрекетіне баға беру. Кез – келген оқушы ортаға шығып «Ашық айту конверті» алып, ішіндегі жағдаятты оқып, шешуін айтады. Жағдаяттарды шешу 1. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің. 2. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің? 3. Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр.Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің? 4. Сарман қанша әуреленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Сарман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке атқан жоқ. 5. Сыныптың ішінде бір-біріңді ренжітесіңдер ме? Сен оған қалай қарайсың? 6. Сенің сыныбыңда ұлдардың қыздарға деген қарым-қатынасы қандай? Мақал-мәтелдерді аяқта 1. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады». 2. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......». 3. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.». 4. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...». 5. «.... басқа қарайды, ... аяққа қарайды» 6. « ... адам тамыры жоқ ... тең» 7. « ... дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар. ... дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар». Тексеру 1. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. 3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» 4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы» 5. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды». 6. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең» 7. «Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар. Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар». Ойды жалғастыр А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде... Шығармашылық жұмыс Дәптермен жұмыс. 2-тапсырма «Дос жүрегі – шарайна» тақырыбына эссе жазу. Рефлексия - Сабақ ұнады ма? - Бүгінгі сабақтан қандай ой түйіндедік? Үй жұмысы: оқулықтағы 52 бет «Дос жүрегі» мәтінін мәнерлеп оқу. Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер жасап, Қ.Ыдырысовтың «Қайдасыңдар, достарым» әнін орындайды. | |
Просмотров: 1600 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|