Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі:____________№_____ Тақырып: «Сабыр түбі-сары алтын!» Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер:Мейірімділік,сабырлылық,қанағатшылдық Мұғалiм: Жақашаева Э.Б Сынып: 2«Б» Оқушылар саны:16 Сабақ мақсаты: Оқушылардың мейірімділік,сабырлылық,қанағатшылдық қасиеттерін ашу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік:Мейірімділік,сабырлылық,қанағатшылдық қасеттері туралы түсінік беру. 2. Дамытушылық:Оқушылырдың бойында мейірімділік, сабырлылық,қанағатшылдық қасиеттері арқылы іскерлік,жомарттылық ,көпшіл болу іскерліктерін дамыту. 3. Тәрбиелік:Оқушыларды шыдымдылыққа, қанағатшылдыққа ізгілікке тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Күнделік,дәптер,пенал,бейджик,қалам Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылардың құралдарын түгендеу, 5 «Т» принципін еске түсіру. 1. Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» 2. Үй тапсырмасын тексеру: 116-беттегі Ы.Алтынсаринның «Асыл шөп» мәтінін оқып келу берілген. Мәтін бойынша сұрақтар: 1. Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар? 2. Сендердің ойларыңша сабырлы адам кандай болады? 3. Зылиқаның «сабыр» атты шөпті табуы мүмкін бе? 4. Қанағат,мейірім,сабыр сияқты қасиеттер сендердің бойларыңда бар ма? 5. Өзің сабырлық танытқан кездеріңді айтып бер. Ескертулер: 3. Дәйексөз. «Сабырлы жетер мұратқа , Сабырсыз қалар ұятқа». Халық мақалы 4. Әңгiмелеу. «Данагөй туралы аңыз» Өткен заманда бір топ адам ақылды, данагөй адамды жамандайды екен. Данагөй бәрін естиді бірақ оларға күліп,жақсылық тілеп кетеді екен. Осыны сырттан бақылап жүрген бір адам данагөйден сұрайды. - Құрметті мырза сіз өзіңізді жамандаған адамдарға жақсылық тілеп кеттіңіз,сізде оларға деген жек көрініш, ашу-ызы жоқпа? депті Сонда данагөй былай деп жауап беріпті - Мен базарға барғанда тек әмианымда бар ақшамды жұмсай аламын. Сол сияқты адамдармен сөйлескенде, араласқанда жан дүниемде бар қасиеттер мен құндылықтарды жұмсаймын депті. Мәтін бойынша сұрақтар қою. 1. Данагөйдің бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар? 2. Данагөй ішкі тыныштығын сақтай алды ма? 3. Данагөй мейірімділігін,сабырлылығын қалай білдірді? 4. Қалай ойлайсыңдар данагөй не себепті ашуланбады? 5. Адам бойындағы ашуды қалай жеңуге болады? 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жоғалған сөздерді тауып ән құрастырайық. Ойланып алуға 2мин уақыт беремін. Әрқашан ...................., .................. жүрегімде. ................... болсам егер, Боламын .................... . Ортақ бізге ................., Нұр сыйлаған ............. . .............. бізге кең өлке, Ыстық бізге................ . 6. Топпен ән айту. Дос болайық бәріміз! Сөзін жазған: Х.Талғаров Әнін жазған: И.Нүсіпбаев Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер Достық жырын біліңдер, Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық,бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста, Батыл бол, жас ұлан! Самға биік,алысқа, Жұлдыздарға ,ғарышқа, Бойда күш тасыған. 7. Үй тапсырмасы. Дәптердің 35-бетіндегі ребусты шешу,36-беттегі сұрақтарға жауап жазу. 8. Соңғы тыныштық сәтi. Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, ішкі тыныштығымызды жүрегімізге түйіп алайық. | |
Просмотров: 2263 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|