Эссе Ұлы тұлғалардың бірі және бірегейі Абай Құнанбайұлы. Қазақтың асқан кемеңгер тұлғасы Абай Хакім осыдан 169 жыл бұрын баһадүр сұлтан Құнанбайдың үйінде дүниеге келді. Ол болашақ Қазақтың ары, жол көрсетер жұлдызы, асқан парасат иесі , Пайғамбар үмбетінің шоғы биік ұстазы, кемеңгер ақын, Қазақтың маңдайалды бақыты Абай еді. Абайдың көркемдік, әлеуметтік-гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері жалпы адамзат баласына ортақ ақыл сөзге айналды. Абайдың " Он төртінші сөзінде " ұшырасатын " жүректі кісі - батыр кісі " деген күрделі философиялық ұғым бар. Яғни, рахымдылық, мейірбандылық, тілдің жүрекке көнуі, жаманшылыққа ермеуі - жүректің ісі. Жүрегіне құлақ аспаған, тыңдамаған, әр ісін, сөзін жүрекпен ойламаған, тек ақылға салған адам адам ба?! Қандай жағдай болмасын жүрегі мен ақылын қоса тыңдай алған адамның іс-әрекеті, сөзі мен ойы сүйіспеншілікке толы болады . Абай атамыз айтқандай Жүректі кісі болуға асығайық! Ішкі рухани қазынамыздың толысуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс!