Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп : " Өзін-өзі тану" гимназиясы Мерзiмі : 12.09.14 № 29 Тақырып : Табиғат ғажаптары Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірімділік,қамқорлық Мұғалiм : Аққулиева А.Е. Сынып: 5 Оқушылар саны: 15 Сабақ мақсаты:Табиғат ғажаптарымен таныстыра отырып, қиянат жасамау құндылықтарын ұғындыру Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға табиғат ғажаптарына қиянат жасамау керектігін ұғындыру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды айнала қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу Ресурстар:(оқулық,дәптер,күнделік, қалам,құралдар, мәлiметтер) Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылардың құрал жабықтарын түгендеу 5 « Т » ұстанымын еске түсіру. 1.Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық 2.Тыныштық сәтi: « Орманға ойша серуен » 3.Үй тапсырмасын тексеру 105 бет, В. Сухомлинскийдің « Бала және інжугүл қоңыраулары » ертегісін оқып келу, мазмұнын айту. 1. Бала не себепті інжугүлді жұлудан бас тартты? 2. Баланың бойынан қандай қасиеттерді көруге болады? Сабақ барысын талдау: 4.Дәйексөз. « Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ ». Р. Сәтімбеков 1. Дәйексөзді оқыту. 2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер. 3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру. 4. Қорытынды 5.Әңгiмелеу « Қайыңның көз жасы » Т. Әбдірайым Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр. Бес жасар Қапан есік алдына шығып , аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір-шүпір балаларға толы. Асыр салып, салқын суға шомылып жүр. Қапан шолақ шабарының ышқырын бір көтеріп, үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайыңның жалқы бұтағын сындырып алды. Дереу « атына » мінді де, ауыл шетіне қарай « шаба » жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған. Қапан кешке бұтағы сындырылған бала қайыңның су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп кетті. Қапан: -Ата, айтыңызшы . Неге су ағып тұр?-дейді қайыңның діңін нұсқап. -Су емес... Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған . Жаны жараланып, жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсін байғұс! Табиғат перзенті тал-терек ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы ... Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей , басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. « Енді сындырмаймын, ата! »-деген сөзді іштей қайталай берді. 1.Баланың іс-әрекеті туралы не айтуға болады? 2.Баланың іс-әрекетінен қандай қасиеттерді байқадыңдар? 3.Бала Күркебай қарттың жауабынан қандай әсер ады? Өз қателігін түсінді ме? 6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөлу ( кездейсоқ бөлу, дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау, 7 минут ) « Табиғат ғажабтары » 1-топ: әңгіме құру 2-топ: көрініс 3-топ: сурет салу 7.Топпен ән айту. « Саржайлау » с. М.Мақатаев ә. Н.Тілендиев Жазира, жасыл кілем өрнектеген Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем Қайырмасы Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Басқаның жерұйығын неғылайын Жерұйығы өзімнің қасымда екен! Жадырап, жұтайыншы тау самалын Осы еді ғой сағынып аңсағаным Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын Жанымды жырға бөлеп таң атырған Әкем едің ақ таңда жаратылған Төліңнен айналайын жаңа туған! Айналайын еліңнен дара тұрған! 8.Үй тапсырмасы. 110 бет, 30 - сабақ, А. Лопатина " Суретші туралы ертегі " оқып келу. Дәптердегі 2,3 - тапсырманы орындау. 9.Соңғы тыныштық сәтi. - Ал енді балар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар. | |
Просмотров: 2844 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|