Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Пән: Өзін-өзі тану Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры Адам бақыт үшін жаралған! І.Есенберлин Сабақтың мақсаты: «бақыт» ұғымының мәнін ашу, өзі мен өзгелерді бағалай білуге үйрету. Міндеттері: - отбасындағы адамның әлеуметтік рөлдері туралы түсінігін кеңейту және тереңдету; - өзіне және өзгелерге қамқорлық жасау қажеттілігі туралы түсінігін тереңдету; - адамның жан-жақты рухани дамуын қалыптастыру; - адамдардың өзара қарым-қатынастарының сұлулығын бағалауға ұмтылысын дамыту; - махаббаттың табиғаты мен оның қырлары жөніндегі түсінігін тереңдету; - сүйікті адаммен жағымды қарым-қатынастар жасау қабілетін дамыту. - сүюге және сүйікті болуға ұмтылысын дамыту; - махаббаттың рухани күші, құдіреті туралы түсінігін кеңейтіп, тереңдету; - сүйікті адамымен қарым-қатынаста өз абыройын, намысын сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың жабдықталуы: "өзін-өзі тану" оқу құралы, әдістемелік құрал, аудио-және бейнежазбалар, қосымша материалдар. Шаттық шеңбері Махаббаттың гүл тәрізді соншалықты нәзік, әдемі сезім екендігін жырлайтын әнді білім алушылар оқытушымен бірге қосылып шырқап, шаттық шеңберін құрайды. Гүл сезім Сөзі Т.Оразбаеванікі Әні Е.Хасангалиевтікі Өмірде тағдыр айдап, Кездестім өзіңменен. Кезім бұл бал-бұл жайнап, Қайғы-мұң сезілмеген. Қ а й ы р м а с ы: Тұңғиық көзіңдегі Бөлендім шапағатқа. Бұл нәзік сезім бе еді, Бұл әлде махаббат па?! Кеңілдің алып ұшқан, Шаттығып жасыра алмай. Жандардай сағынысқан, Жалындап басыла алмай. Қ а й ы р м а с ы: Келеді құлпақтағым, Келеді еркелегім. Ешкімге ұқсатпадым, Не деген көркем едің? Бейнеңе елжіреген, Тым ұзақ жаутаңдадым. Жанымның мөлдіреген, Сырларын айта алмадым. Қ а й ы р м а с ы: Тұңғиық көзіңдегі Бөлендім шапағатқа. Бұл нәзік сезім бе еді, Бұл әлде махаббат па?! Әңгімелесу «бақыт» ұғымының мәнін ашу мақсатында білім алушылардың өз ойы, пікірлерін еркін айтып, талдауына көңіл аудару, сұрақтар қою: • «Махаббат» және «бақыт, деген ұғымдар бір-бірімен байланысты. Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе әлде басқа пікірдесіз бе?Осы неліктен ? • Бақыттың мәні неде деп ойлайсыз? • Адам өзін қандай жағдайда бақыттымын деп есептейді? Ойыңыз қандай? • Сіз өзіңізді бақытты жан деп санайсыз ба? Неліктен? Дәйексөз Ілияс Есенберлин «Адам бақыт үшін жаралган!» дәйексөзін талдау, Оқушылар «бақыт» ұғымының мәнін ашуда өздерінің өмірден түйген ойларын топқа таныстырып, ортаға салады. Даналық тағылымы Білім алушылардың әдебн шығармалармен танысу арқылы өзін және өзгелерді тану кезінде сол оқиғалар мен жағдаяттарды өзінің басынан өткеріп отырғандай күй кешіп, соның нәтижесінде бейнелі айшықты ойлауына алғышарттар жасау. Тапсырма. Тақырьш бойынша оқу құралында берілген шығармалардан алынған үзінділерді зер сала оқып шығыңыздар. Пікірлесуге арналған сұрақтар: • Ғашықтың сезім мен махаббаттың, махаббат пен бақыттың арасында қандай өзара байланыс бар деп ойлайсыздар? • Махаббатың бақытқа ұласуына қандай факторлар ықпал етеді деп білесіздер? • Сіз өзіңіздің махаббатыңызды сақтап қалу үшін кедергілер мен қиындықтарды қалай жеңер едіңіз? • Не үшін бақыт үғымы отбасыиа байланысты жиі айтылады деп ойлайсыздар? Шығармашылық әрекет Мәтінде келтірілген бақыттың сырлары жөніндегі ойды жалғастыруды ұсыну..Шығармашылық әэрекеттің мақсаты: жағдаяттарды, тапсырмаларды орындау арқылы білім алушылардың танымдық, ойлау және ізденімдік қабілеттерін жетілдіру, олардың өзін-өзі тануына мүдделілігін арттыру. 1-тапсырма. Мәтінде берілтен бақыттың сырларын өз ойыңыздңи жалғастырып жазыңыздар. Бақыттың он сыры Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез-келген адамнан сұраңызшы. Ең көп таралған жауап мынау болады: «Мен тек бақытты болғым келеді». Сондай-ақ, біз бәріміз осы үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағат-сезініп, өмірге масаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы керек, тек қана оны қатты қалауы және кейбір ережелерді үйренуі керек. Шынайы бақыттың бірінші сыры - адами қарым-қатынас күші. Шынайы бақыттың екінші сыры - дененің күші. Шынайы бақыттың үшінші сыры - әр сәттегі өмір күші. Шынайы бақыттың төртінші сыры - өзің туралы түсініктің күші. Шынайы бақыттың бесінші сыры - мақсаттың күші. Шынайы бақыттың алтыншы сыры - күлкінің күші. Шынайы бақыттың жетінші сыры - кешіру күші... Шынайы бақыттың келесі сыры - сенім күші. І.Есенберлин 2-тапсырма. Мына өлең қатарларында берілген бақыт ұғымының мәнін ашып жазыңыздар. Үлгісі: Мысалы, «Бақыт - ...өзіңнің босағаңда» - отбасына деген махаббат, ата-анаңа сый-құрмет көрсету, алдындағы парызыңды өтеу, әже-аталарыңа қамқор болу, аға, іні, әпке, бауырларыңды жақсы көру, олармен татулықта, ынтымақта болу, қолдау көрсету, үй ішінің тыныштығын, берекесін сақтау, кешіріммен қарау, төзімділік таныту, сабырлық сақтау, өзіңнің отбасыңды құру, ұрпақ тәрбиелеу жэне т.с.с. Ал, осылардың барлығын жүзеге асыруға қайрат-жігерің мен күш-қуатың болса, онда өзіңнің босағанда бақытты болғаның. ...Бақыт деген батырдың пырағында, бұқараның ұранында, өзіңнің босағаңда жағылған шырағыңда. Бақыт деген досыңның табағында, домбыра шанағында, жарыңның жанарында, халықтың қабағында... Қ.Мырзалиев Оқу ақпараты Оқушыларға ой тастау мақсатында көркем шығармадан үзіндімен таныстыру. Оларга әңгіме кейіпкерінің «Мен үшін сүю бәрінен қымбат. Мен Қаратайды сүйем, ол мені сүйеді. Екеуіміз баламызды сүйеміз. Махаббатсыз адамдардың өрелі аты жанама» деген сөздері қалай әсер еткені, қалай қабылдаганы жөнінде ой бөліседі. ...Күнде жұмыстан қайтқанда Қаратай аттан түспестен: «Кәне, Қаным, баланы бері әкел!» - деп қалпағын жая күліп түратын. Сол сәттері шүңірек көзі сүйкімді от шашып, жүзі жадырап жайнап жүре беретін. Сөйтіп Тоқанды алдына мінгізіп алып, ыңырсып ән салып, кешкі салқынмен көшеде әрі-бері жүріп алатын. Тоқан болса, тізгіннің бір шаужайын ұстап алып, кішкене бортиған аяғымен тепсініп, көрдіңдер ме, мен атты өзім жүргізіп келе жатырмын дегендей, мақтана күліп мәз болатын. Осы сәтте бүларды көргендер де: — Ойбой, біздің Тоқан азамат болып қалыпты той. Көрдіңдер ме, мықтының өзі осы, - десіп сүйсіне қарап, баланы қошеметтеп: - Бәрекелде, азаматың осы! Көрмейсіңдер ме, атты өзі мініп жүр ғой! О, ер-ай! - дейтін. Жүрттың осы бір сөздері Қанымгүлге, мейірімді ананың мұратына жеткені той деп естіліп, ол елжірей түсетін. Қанымгүлдің ең бір жақсы көретін кезі — іңір қараңғысы. Қаратай атын сайға түсап келеді де, көңілі жайланып, қомызын тыңқ-тыңқ шерте бастайды. Ошақ басында жастыққа шынтақтап, қомыз қылына қолын салмақтай тастап, кейде ұйқыдан маужырап бара жатқан кірпігін ашып, жанында малдас құрып отырған Тоқанды еркелетіп, күлімсіреп қарайды. Қамыр илеп отырған Қанымгүлдің жүзі шалқыған от жалынына қармасып бал-бүл жайнайды. Әрине, Қаратай атақты қомызшы емес. Мұның шерткен күйі қай қырғыздың болса да қолынан келеді. Сонда да болса, Қаратайдың шерткен қарапайым күйі Қанымгүлге ғажайып сырлы, терең де жылы сезіледі. Қанымгүл мүны күні-түні, өмір бойы тындауға жалығар емес. Қазір Қанымгүлден бақытты адам жоқ. Бауырында баласы, жанында өмірлік жары. Бұларға Қанымгүл өз қолымен дәмді тамақ істеп береді. Қаратай шерткен қоңыр күй Қанымгүлге қанат бітіріп, аспан әлемін шарқ ұрып үшып жүргендей. Осындай сәттері «маңдайыма осындай үйлі-жайлы, тату-тәтті тіршілікті жазғаныңа шүкіршілік, ризамын» деп те қоятын ішінен. Қанымгүлдің бұлай ойлайтын жөні де бар. Өзімен кұрбылас келіншектерге дейін: «Қанымгүл, сен шынымен бақытты жансың, күйеуің болса колхоздың мұрабы. Сен үйде бол, түзде бол, ешкімнен кем қалмайсың. Шүкір, ұл балаң да бар. Қайын енеңмен тату тұрасың», - деп әрдайым айтып жүретін. Мұндайда Қанымгүл сыр бермей, зор қуанышын ішіне сақтап, жадырап күлетін. Қолындағы кетпенін құшақтап тұрып, бұрынғыдан да жылдам сілтей беретін. Бірақ сендер ең негізгісін таба апмадыңдар, оны білмедіңдер дегендей, аздан кейін Қанымгүл өзінше күлімсірейді. «Мен үшін сүю бәрінен кымбат. Мен Қаратайды сүйем, ол мені сүйеді. Екеуіміз баламызды сүйеміз. Махаббатсыз адамдардың өрелі аты жанама» дейді ішінен... Ш. Айтматов Жаттығу, сергіту Сабақтың бұл кезеңінде білім алушылар өмірде жұп болып жаратылған жұбайлар үшін жар , бала сүю және шаңырақ көтеру - адамдың парызы, міндеті екендігін, отбасылық өмірді бағалай білу қажеттігіне көңіл аударады. М.Шахановтың «Жұбайлар жыры» әнін үнтаспага қосылып, оқытушымен бірге барлыгы орындайды. Жұбайлар жыры Сөзі мен әні М.Шахановтікі 1. Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген Келбетіңнен сенімнің күшін көрем Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, Сен сияқты мені ешкім түсінбеген. Қ а й ы р м а с ы: Асыл жарым, Жайнаған жасыл бағым, Бағаласаң бақытыңмын. Сағынсаң қасыңдамын. Арманды дара қумаймыз, Құстың қос қанатындаймыз, Жүректе от жанып, Тауларды бетке алып, Бірге үшып барамыз болашаққа. 2. Сен бар жерде керегем кең сияқты, Кең сиякты, терезем тең сияқты. Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп, Жұбата да алмаған сен сияқты. Қ а й ы р м а с ы: Шаттығыңның бастауын сенен көрдім, Сенен көрсем, қалайша төмендермін. Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің. Шығармашылық әрекет Шығармашылық әрекетті ұйымдастыру үшін оку құралында берілген мәтіндер мазмұны бойынша «бақыт» ұғымына байланысты ой, пікірін қорытындылап, өздерінің бақытқа барар жолын қалай елестетіп, қалай болжайтынын анықтауды ұсыну. 1-тапсырма. Төменде берілген мәтіндер мазмұнындағы бақыт ұғымының мәніне зер салып, бақытқа қол жеткізу жолдарын өздігіңізше анықтаңыздар. Өздеріңіз анықтаған бакытқа жету жолдарын сұлба (схема) арқылы немесе сатылап көрсетіңіздер. Тапсырманың мақсаты: білім алушылардыц алған білімдері мен қалыптасқан көзқарастарының негізінде ақиқатты іздеу, мәселенің шешімін табу қабілеттерін дамыту. 2-тапсырма. Өздеріңіз жасаған бақытқа жету жолдары сұлбасын жария түрінде қорғаңыздар. Тапсырманың мақсаты: Шаршы топ алдында білім алушылардың өз ойын, жоспарын, идеяларын терең мазмұнды әрі айшықты етіп айта алуы, жүйелі әрі дәйекті түрде түсіндіре алу қабілеттерін дамыту. 3-тапсырма. Төменде берілген такырыптардың біреуіне эссе жазыңыздар (үй жұмысы). Тапсырманың мақсаты: білім алушылар өздерінің болашақтагы әлеуметтік рөлдерін қалай түсінеді, отбасылық, жұбайлық және ата-ана болу бақытын қалай ұғынатыны жайлы ойларын қагаз бетіне түсіреді. 1. Үй иесі әйел, Жұбай, Ана ... Бұл қасиетті ұғымдар. (Осы әлеуметтік рөлдің әрқайсысында мен қандай боламын? Бақытымның мәні неде?). 2. Менің тағдырым шешілді.... Мен үйленемін ... (Мен өзімді жұбай және әке рөлінде қалай елестетемін? Мен бақытымды таптым ба?). 3. Жаңа өмірдің тууы. (Дүниеге бала келгенде менің өмірім қалай өзгереді? Мен қандай ата-ана боламын? Менің балам қандай болады? ұрпақтарымның бақытты болуы үшін мен не жасауым керек?). Есіңде сақта! білім алушылардың назарын адам бақытының мәні неде деген мәселеге әр қырынан қарау цажеттігіне аударады. Атаң мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті - сен бақытты болса екен деу. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап. Кеңілдеріне кейістік сала көрме. Сенің адал өмір сүруің, еңбек сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың - ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. өз үйіңнің бағын жандыра біл. Ананың жүрегін сезе біл, ананың көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын, беймазалық пен әбігершілікті, қиналыс пен кейістікті көре біл. Жастайыңнан анаңның көзінен кейістікті көре біл. Жастайыңнан анаңның көзінен жан дүниесін көре білуге үйренбесең, сен ғұмыр бойы адамгершілік тұрғысынан- ақ көз болып өтесің. Ана мен әке алдында шыншыл бол. Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат ризалығын ал. В.А. Сухомлинский Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. әл-Фараби Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су – бәрі бірімен бірі үзілместей больш шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ. Бұл - табиғат гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол - махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңиді. Бұл - адамзаттың бақытының негізі... ...Бақыт әр түрлі болады. Оған әркім өзінің жүрек сезімімен, рухани биіктігінен қарайды. Сондықтан әр дәуір әдеби шығармаларында бақыт жолына өзін құрбан еткен кейіпкерлерін туғызған, өзгеге өнеге-үлгі еткен. ...Изольда, Джульетта, Баян-Сұлу, Қыз-Жібек бәрі де - өз замандарының бақыт жолына жан берген ардақты қыздары. Бірақ меніңше ең ұлы бақыт - ол халқың үшін, Отаның үшін күресу, еңбек ету... Бұл - кейіпкердің жеке басының бақытын дәріптеу емес, жалпы адам баласының бақытын, қуанышын қызығын биік мақсат ету. І. Есенберлин Қорытындылау Білім алушылар сабақта жүргізілген жұмыстар, сонымен бірге өздерінің өмірлік тәжірибесінің арқасында «Бақыт» ұғымының кең де ауқымды ұғым екеніне, оның адам өмірінің сан қилы саласына қатысты ұғым екендігіне көздерін жеткізеді. Топтық және жеке тапсырмаларды орындау барысында олар білім ордасының қабырғасында білім нәрінен сусындап жүрген жастар үшін бақыттың мәні — өмірден өз орнын табу болып табылатындыгы жөнінде қорытындыға келеді. Адамзат ғасыры басталғаннан бері қаншама ұлы ғұлама ойшылдар өмір сүрсе, олардың әрбірінің бақыт үғымына түсінік бермегені жоқ. Әйткенмен бақыт үғымы бүгінгі таңға дейін нақты анықталмаған. Өйткені бүл кең ұғым. Қоғамның, өмірдің барлық салаларына қатысты. Тіпті күнделікті өмірдің болмашы сэгтеріне де, адам онша мән бермейтін кеңістіктері мен уақыттарына да қатысты. Мэселен, біреу үшін емтиханнан жақсы баға алғаны бақыт болса, біреу үшін іздеген затының табылғаны бақыт, тағы біреу үшін оқуға түскені бақыт болса, келесі үшін жұмысқа орналасканы - бақыт. Ал бүлардың барлығы уақытша бақыт. Біздің ойымызша, адамның түп негізгі бақытты болуы - оның өмірден өз орнын табуы, яғни, есейіп, бойжетіп отбасын қүруы, ұрпақ тэрбиелеуі, қоғамға қызмет етуі, нағыз адам болып қалыптасуы. Осыларға қол жеткізу бірінші кезекте адамның өзіне тікелей байланысты. Ол үшін адам Өзін, өмірді, отбасын, айналасындағы адамдарды, халықты, туған жерін, Отанын шын жүрегімен сүюі кажет. Сонда ғана өмір қиыншылықтары мен кедергілерінен корыкпайсың, жеңесің. Махаббат құдіреттілігі Сізді бақытка жеткізеді. Өз бақытың өз қолыңда! Т.Мұхамеджановтыц "Балалық шақ"шығармасы баяу орындалатын музыкалық туынды астарында тыңдалады. - Сізде күн сайын әрбір күніңізді өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де кішкентай болса да қуаныш, бақыт, махаббат экелетіндей өткізу кұштарлығы пайда болады. - Біздің өмірімізде жолымыз болуы үшін басқа адамдарға өз махаббатымыз бен қуаныш сыйлайық. -Өзің үшін өмір сүргің келеді екен, басқалар үшін де өмір сүре біл. - Сіз осы өмірді сүйіп, қызмет ете алатыныңыз үшін қуанасыз. - Сіз өмірге қызыға қарайсыз және оны сол күйінде қабылдайсыз. - Сіз ашық адамсыз, сондықтан да өз сезімдеріңізді білдірудеп қорықпайсыз. - Өз сезімдеріңізді білдіре отырьш, сіз оларды анағүрлым тереңірек түсініп, пайымдай аласыз: бұл қуаныштың ең үлкені. - Өзіңді өзің танытқанда қорқынышсыз, қысылмайсыз - бұл сіздің өз күшіңізге деген сеніміңізді одан әрі арттырады. - Қазір сіз өмірді шетсіз-шексіз, көл-көсір қуаныш кеңістігі ретінде қабылдайсыз. - Сіз өзіңіздің бар жан-тәніңізбен тындап отырған музыканың әуеніне беріліп, қуанышқа бөленіңіз, әуенге өзіңіздің ішкі сырыңызды ашыңыз. - Қуаныш сізге өзіңізді жэне сізді қоршаған әлемді сезініп, тануыңызға жол ашады. - Енді сіз тіршіліктің нағыз қуанышына айналдыңыз, ал сіздің жүрегіңіз бүкіл әлемге сәуле шашып, жылу беріп, нұрландырып түрған күн іспеттес. - Өз қуанышымызбен жапандағы жалғыз жолаушының жолын көрсетіп, қайғылының көңілін аулап, басқа адамдарға көмектесіп, сүйеу бола алатыныңыз сіздің бойыңыздағы қуаныш сезімін еселендіре түседі. -Айналаңыздағы адамдардыт үсініп.олармен өз қуанышыңыздьі бөлісіңіз. - Өзіміздің қуаныш энергиясы арқылы айналамызға қуаныш сыйлап, көмектесеміз. - Өзгелердің қуанышын бөлісіп, солармен бірге қуана білейік. - Өзіміздің жүрегіміз бен жанымызға самал жел экелетін жеңіл леп, тазалық, пәктікті себейік. «Жүректен жүрекке» шеңбері Білім алушы жастар сабақтан алган әсерлеріп ортаға салып, адамның өз бақыты оның өз қолында деген тұжырым жасап, бақыт туралы өлеңді оқып, бір-біріне өмірде өз орнын тауып, шынайы бақытка қол жеткізу тілегін арнайды. М. Мақатаев Бақыт деген - сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің, Бақытын да, басқасын да білмеуің Бақытсыз-ақ ойнағаның - күлгенің. Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол - тэрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім. Бақыт деген - әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір, Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. | |
Просмотров: 2329 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|