Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Адал достық
Адал достық.

Тақырыбы: Адал достық.
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
І. Сәлемдесу.
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.(Оқушылар достарына арнап бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Сабағымызда « Достық жырын» айтайық.
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. Өзіңнің досың туралы не айтасың?
4. Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІІІ Мәтінмен жұмыс
Екі дос ертегісін үнтаспадан тыңдау
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?
4. Бұлар қалай достасты?
ІV. «Достық туралы мақал -мәтелдер

1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Аққуды атпа,
Досыңда сатпа.
3. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
4. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
5. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
7. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
V. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына жақсы тілектер ойлайық. (2-3 секунд)Тілектер ойлап болсақ, көзімізді ашайық.
VI.Дәйек сөз.
- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай дәйек сөзді дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»
VIІ.Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
- Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
VIІІ. Қорытынды.

Ризашылық әні
Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.
Сабақ туралы пікір: Садуова А.Е.
Сабақта пән мұғалімі рухани-адамгершілік тәрбие берудің элементтерін қолдана отырып кіріктірілген сабақ өткізді. Үлгі аларлық сабақ .Сабағы өте тартымды, жақсы өтті .
Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі : Бектұрсынов Т.Б..
Мұғалім сабақтарын тақта, бейне фильм, компьютер, суреттер және «Шаттық шеңбері», «Жүректен-жүрекке», эссе жазу элементтерін тиімді колдану арқылы өткізді. Мен де осы әдіс –тәсілдерді сабағымда қолданбақшымын. Айгүл Оразалықызы шығармашы-лықпен айналысады ,өлеңдерін сабақтарымыда , мектепішілік сыныптан тыс іс –шараларда пайдаланамыз. Мұғалімнің оқушысы Ноян «Ауылым»- атты өлеңін нақышына келтіріп тамаша орындады.

Бастауыш сынып мұғалімі :Сәдуова Ә.С.
«Өзін өзі тану» пәні-баланы жастайынан Отаншылдыққа, әдептілікке, табиғатты сүюге, достыққа, тазалыққа, ұқыпты-лыққа, мейірімділікке, отбасын құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді» деп жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру деп дөңгелек үстел аясында әрбір пән мұғалімі мен оқушының қосатын үлесі туралы пікір-талас жүргізді.
Категория: Самопознание | Добавил: aigul2762 (2015-02-07) E
Просмотров: 830 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:25 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru