Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Адами құндылық аясында. Махаббат-өмір өзегі.
Пән: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДА: Махаббат - өмір өзегі
Сабақтың мақсаты: білім алушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттер:
- «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- тұлғааралық қатынастарда сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту;
- білім алушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын, дос-құрбысын сүюге тәрбиелеу;
- махаббаттың көпжақты сезім екендігін түсініп, кеңейту; махаббаттың өмірлік мәнді күшіне сенімін дамыту;
- махаббат жолында ізгі әрекет жасау қабілетін дамыту;
- махаббаттың әр алуан көрінісін тану білігін дамыту.
Сабақтың жабдықталуы: «Өзін-өзі тану» оқу құралы, әдістемелік құрал, үнтаспа, үлестірме материалдар.
Шаттық шеңбері
Сүйіспеншйіік- отбасынан басталады, және адамга ең алдымен қымбатты да, ең асыл да ата-ана екенін ұгындыру мақсатында, Ғ.Қайырбековтің сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін қосылып айтып, шаттық шеңберін ұйымдастыру..
Ана туралы жыр
Сөзі Ғ.Қайырбековтікі Әні Ш.Қалдаяқовтікі
1. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық қүштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңілінді көктемдей көзіңнен танимын.

2. Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асыльш.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы.
3. Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қайырмасы

Сабақтың дәйексөзі: «Махаббатсыз дүние бос...» (Абай)
«Бұл өмірде махаббагган асқан қазына жоқ.» І.Есенберлин
«Махаббат құдіреті - жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі.)
Ж. Сталь

Әңгімелесу
Сүйіспеншілік пен махаббаттың адам өміріндегі ең бағалы құндылықтар екенін түсіндіру мақсатында оқушылардың өзара ой-пікірлерін еркін айтып, талдауына көңіл аудару. әңгімелесуді өткізу үшін төмендегі бағытта сұрақтар беру:
Пікірлесуге арналған сұрақтар:
1. Махаббат пен сүйіспеншілік ұғымдарын қалай түсінесіздер?
2. Адамға махаббат не үшін қажет?
3. Адам сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?
4. Махаббат сезімі дегенді қалай түсінесіздер?
Дәйексөз
Сабақтың дәйексөзі «Махаббатсыз дүние бос...» деген Абайдың сөзін ретінде талдаумен жалғастыру. Білім алушылар жауабын мына бағытта толықтыруы мүмкін:
Адамның күллі тіршілігі махаббатпен байланысты. Ол -адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдер жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздықпен жайшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырады. Демек, махаббат - өзі үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен карау, сол арқылы тіршіліктің қадір-қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз.
Өз ісіне шын ықыласпен, өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар ғана ұлы жаңалықтар аша алады, қалалар салады, бақтар өсіреді, ұрпақ тәрбиелейді. Сонымен қатар адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер, ғаламат шығармалар дүниеге келеді.
Оқу ақпараты
Адам жанының нәзік сезімі, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемін бейнелейтін және сипаты жағынан сан түрлі болып келетін «махаббат» ұғымының мәнін түсіндіру, білім алушылардың білімін тереңдету мацсатында төменде берілген мәтін материалдарын пайдалана отырып дәріс өткізу.
С.Назарбаеваның «Мен ...Махаббат дегеніміз - қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі - жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі» деп атап көрсеткеніндей, махаббаттың адам өмірінде алар орны ерекше.
Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космологиялық ілімінде Махаббатты бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани Махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат - сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың ең төменгі сатысы, ал рухани махаббат - адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Ағартушылар махаббат адам бойындагы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептейді. Мәселен, Шефтсбери махаббатты ынтымақ сезімі және қоғамдық тәртіптер мен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, махаббат - адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы махаббат мәселесін әлеуметтік өмірмен байланыста қарастырды.
Қазақ халқыньщ рухани бастауларының бірі - шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстетикалық-көркемдік, этикалық-ғибраттық зор маңызға ие болды.
Орта ғасырларда махаббат ұғымы көркем шығарманың ғана емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мэселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның тылсым бейсаналық табиғатыи мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына катысты ақыл-ой деңтейіндегі толғаныстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша махаббат - ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі.
Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылық.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат -имандылықтың, ер мен әйел махаббаты - отбасының, отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты - білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббат - елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы. Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббатттың бір көрінісі.
Ер-азаматтың қорғауға міндетті үш намысы - иман, Отан, отбасы махаббатқа негіз болар құндылықтар. Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер үшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға көтеріледі. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйелдің арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы - олардың ешкайсысын жоқка шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген махаббатыньщ алғашқы сатыларының бірі. Хақиқатты сүю - адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін махаббат. Мұндай хақты сүю махаббаты жайлы өз махаббаттарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілікке ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған. Сондықтан махаббат ұғымын ғалам жаратылуының сыры, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иассауи, Абай, Шәкерім сияқты ұлы ғұламалар жырларына жүгініп, махаббат сырын түсінуге болады.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия
Шығармашылық әрекет
Дүниедегі ең ұлы күш –жаратылыстың өзі жаратып, тек қана ақ жүректен, таза ниеттен шығатын қайырымдылық, адалдық сезімдерімен қатар махаббаттың адам өмірінде, отбасында алатын орны жөніндегі өз ойларын түйіндеп, бөлісуді ұсыну.

1-тапсырма. Шығармалар үзінділеріне зер салып оқыңыздар. Махаббаттың адам өміріндегі орнын түсініп, өз сөздеріңізбен түйіндеңіздер.
• Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бүл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді жэне істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату түруында сөз жоқ.
Шәкәрім

• Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді. Өйткені, адамның көңілін кеңітер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген ана, баласы үшін жан қыюдан тайынбайды. Бұл - табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш - жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да, махаббаттың алдында кім болса да әлсіз, амалсыз.
I. Есенберлин

• ...Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат. Бұл қасиет әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген, бүкіл қауымдық, Отандық ұлы сипат, мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ұлы дәстүр.
Осы белгілі жайды қайта-қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Өйткені, кәрілер кетеді, жастар қалады. Кәрілердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзінен кейінгілерге табыс етуін арман етеміз.
Көктемдегі жердей құлпыра есіп келе жатқан жас ұрпақты көргенде қуанышың кеудеңе сыймайды. Ал, солардың ішінде сөлекет бірдеңе көргенде, аяғыңа шөгір қадалғандай боласың. Жақсы мекен салудан, қала салудан жақсы салт-дәстүр жасау қиынырақ. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.
Ғ. Мұстафин
2-тапсырма. Тренингілік жаттығу
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау. Мақсаты: Ұғымның магынасын түсіндіру үшін анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, білім алушылардың сөздік қорын толықтыру. Мысалы: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «махаббат» ұғымына мынадай сипаттама берілген:
І.Әйел мен еркектің бір-біріне құштарлық сезімі, сүйіспеншілік.
2. Ата-ананың балаға, адамдардың туган жерге, елге деген сүйіспеншілік ыстық ықыласы.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды іріктеу.
«Махаббат» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу. Мысалы: бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, құштарлық , жақсы көру, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б.
3-кезең. Қарсы ұғымдарды іріктеу
«Махаббат» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу арқылы аудиторияның бұл ұғым туралы түсініктері кеңейе түседі. Мысалы: Махаббат — зорлық, қызгатиақтық, көрсқызарлық т.б.
4-кезец. ¥ғымның артықшылықтарын анықтау.
Махаббаттың жағымды жақтарын анықтау адамның өз бойында осы қасиеттерді дамытуына түрткі болады.
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Оның ғашықтық, сүйіспеншілік, құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
5-кезең. Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?
• Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?
6-кезең. Ұғымды тұжырымдау. Махаббат — бұл...
1. Бүкіл адамзатқа тән сезімнің жоғары түрі. Бүл кең мағынада қолданылатын ұғым.
2. Адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілгі мен құштарлық сезімдерінің аса нәзік түрі. Махаббаттың белгілі бір адамға, идеяға, кәсіпке, Отанға, адамзатқа, өнерге, өмірге және т.б. сүйіспеншілік сияқты түрлері бар. Махаббат адам жанының аса терең сезімдерінен табиғи да ерікті түрде пайда болады. Оны мәжбүрлі түрде жоюға болмайды.

7-кезең. Өзара әсер рефлексиясы.
Тренингін өткізу қатысушылардың алған әсерлеріне рефлексия жасауымен аяқтау.
(немесе С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйімен «Тыныштық сәті» ұйымдастырылып, төмендегі сұрақтар қою.)
Қорытынды:
- Өз көңіл-күйлеріңіз туралы айтып беріңіздер.
- Мұндай күйде болуларыңыздың себебін айтыңыздар.

Пікірлесу
Сүйіспеншілік пен махаббаттың адам өміріндегі маңызын одан әрі ұғындыру мақсатында айтылған ойды жалғастыру. Пікірлесуді өткізу үшін төмендегі бағытта ұүрақтар қою::
• Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
• Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады?
• «Ғашықтық» және «Құмарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
• Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
• Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланысы бар?
Оқу ақпараты
Оқу құралында берілген шығармалар үзінділерін пайдаланып, "махаббат", "сүйіспеншілік", "ғашыктық" ұғымдары жөнінде пікірлесуді одан әрі жалгастыру,
Тапсырма. Шығармалардан берілген үзінділерді зер сала оқып шығып, пікірлеріңізді ортаға салып, ой түйінін эссе ретінде жазыңыздар.
Есіңде сақта!
Жаксы көру! Егер адам бірін-бірі жақсы көрмесе, қасқырдан да артқан қанқұмар болып кетер еді. Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу - үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата-анасын, туған бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса, жанын құрбан етуден бас тартады? Меніңше, бұл — қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс. Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан-тәнімен сүю, ғашық болу, меніңше, адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет. Әлде мен сондаймын ба, әйтеуір өзім өмірде бір-ақ мәрте ғашық болған тәріздімін. Жасы келген адамға «Сүйіп едім, ғашық болып едім» деген сөзді айтудың өзі де ерсі тәрізді, бірақ бастан өткен істі айту айып па? Айып емес қой деймін. Сондықтан, оқушым, сенен сырымды жасырғым келмейді.
Жаттығу, сергіту
Білім. алушылардың белсенділігін арттырып, берілген материалды жақсы игерту мақсатында пікірталасты әткеншек түрінде өткізу ұсынылады.
«Поэтикалық әткеншек»
Бұл жаттығу білім алушыларды махаббат поэзиясымен таныстыруға арналған. Жаттығуды ұйымдастыру үшін оқушы-студенттер екі шеңбер -ішкі және сыртқы - жасап отыруы керек. Жұп-жұпқа бөлінеді. Сыртқы шеңберді жасайтын орындықтарда алдын-ала даярланып, көбейтілген өлеңдер жатады. Ойынға қатысушылардың бір тобы ішкі шеңберге, екінші тобы сыртқы шеңбер бойына орналасады. Нәтижесінде әрбір жұпта (біреуі іште, екіншісі сыртта) бір-бірден өлең болады. Олар өлеңдерді оқып, талдап, алған әсерлері мен сезімдерін, ойларын дәптерлеріне жазуы тиіс. 2-3 минут өткен соң, оқытушы талқылаудың аяқталғаны жөнінде белгі береді. Енді сыртқы шеңбердегі ойыншылар оңға қарай бір орынға ысырылады, ал ішкі шеңбердегілер солға қарай бір орынға ығысады. Нәтижесінде жаңа жұптар пайда болады және олардың әрқайсысында жаңа өлең бар (өлеңдер өз орындарында қалады). Жұптар айналып келіп, өздерінің алғаш оқып, талқылаған өлеңдеріне жеткенде, ойын аяқталды деп есептеледі.
Студенттер оқытушымен біpre дәптерлеріне жазылған әсерлерін талқылап, өздеріне өте ұнаған, жүректерін қозғаган өлеңдерді анықтағаны абзал.
Тапсырма. Ақындар Қ. Мырза Әли, М. Мақатаев, М.Шаханов, Т.Әбдірахманова, А. Егеубаев жэне Р. Рождественскийдің өлеңдерін оқып, махаббат, ғашықтьщ туралы айтылған ойларды іріктеп алыңыздар. Оларға талдау жасаңыздар. Ұнаған өлеңдеріңізді жаттап алыңыздар.
Оқушылар шағын 4 топқа бөлінеді. Әр топ төменде берілген материалдардың біреуімен жұмыс істейді: пікірталасқа арналған мәселелерді талқылайды.
"Алғашқы махаббат"
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Сіз қалай ойлайсыз, алғашқы махаббатты пісіп-жетілген, толысқан махаббат деп санауға бола ма?
2. Алғашқы махаббатқа деген сіздің өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?
3. Ата-аналар мен ересек адамдар әдетте өз балаларының алғашқы махаббаттарына айтарлықтай мән бермейді. Сіздіңше, олардікі дұрыс па?
Махаббат және қызғаншақтық
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Нағыз махаббаттың қызғанышсыз болуы мүмкін бе?
2. Қызғаншақтық басым болған жерде нағыз махаббатқа орын бар ма?
3. Қызғаншақтық қажет пе?
4. Қызғаншақтық - адамның өзіне-өзінің сенбеушілігі немесе әлсіздігінің көрінісі. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
5. Қызғаншақтық - нағыз махаббаттың белгісі. Бұл тұжырыммен келісе аласыз ба?
Жауапсыз махаббат
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Сіз өміріңізде жауапсыз махаббатты бастан кешірдіңіз бе?
2. Жауапсыз махаббатты адамның өзі таңдайды деген тұжырыммен келісесіз бе?
3. Адамды шетсіз, шексіз лабиринт секілді жауапсыз махаббат
несімен қызытқтырады?
4. Жауапсыз махаббатқа қалай қарауға болады? Бұл бакытсыздық па, әлде тек таңдаулылардың қолы жететін нәрсе ме?
Соқыр махаббат
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Адам біреуді шексіз сүйгендіктен, оны дұрыс бағалау қабілетін жоғалта ма?
2. Сіздіңше, сүйікті адамды неліктен сонша асқақтатып, аспандатып дәріптеу қажет?
3. Сіздің өз махаббатыңыздың объектісінен көңіліңіз қалып, түңілген кезіңіз болды ма?
4. Махаббатта соншама "көзсіз", "соқыр" болу қажет пе? Қалай ойлайсыз?
5. Бір көргеннен ғашық болу - бұл нағыз махаббаттың нағыз керемет күші ме әлде албырт махаббат па?
1-жаттығу. "Махаббаттың сан қилы образдары"
Оқушылар шағын топтарда жұмыстарын жалғастыра береді. Материалдарды оқып болғаннан кейін, әр топ өздері талқылаған тақырыптың образын жасауға кіріседі. Мысалы, бірінші махаббаттың образы немесе "Соқыр махаббат" образы т.с.с. Білім алушылар образды жасау үшін құралдарды таңдау еркі бар: сурет түрінде, адамдардан скульптура жасау, пластилиннен немесе қолдағы бар басқа материалдардан жасаған статуя, театрландырылған көрініс т.б. Оқытушы белгілеген уақыттан кейін әр топ өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.

«Өзіммен-өзім» Музыкалық материал:
Баяу орындалатын музыка ұсыну.
- Ыңғайланып отырып, кезімізді жұмамыз, дем алысымызды бақылаймыз.
- Жүрегіміздің қандай бірқалыпты және баяу соғып тұрғанын тыңдайық.
- Дем алысыңыз қандай алаңсыз, баяу, қалыпты болғанын сезесіз бе?
- Сіздің көңіл күйіңіз бірқалыпты, алаңсыз, жинақы.
- Сіз іштей бір сәтке өзіңіз сүйетін және өзіңізді сүйетін адамдарды көз алдыңызға елестетіңізші.
- Сіздің өн бойыңызды керемет алаңсыз тыныштық, көтеріңкі көңіл күй жайлап барады.
- Қазір осы құдіретті әуеннің әсерімен сіз өзіңізге жылылық әкелетін махаббаттың қызу күшін сезінесіз.
- Махаббат музыка тәрізді, ал музыканың өзі махаббат сияқты.
- Сіз кенеттен өзіңіздің жүрегіңізде үлкен ғаламат махаббат сезімінің ояна бастағанын сезесіз.
- Осы сезіміңіз көктемнің әсем гүліндей болып арта түсуде.
- Сіздің құдіретті махаббат сезіміңіз де осы гүл сияқты ұлғайып, кеңейіп келеді.
- Махаббат сезіміңіз өзіңіздің жақындарыңыз бен достарыңызға да жайылып барады.
- Махаббат жылуы сіз өмірде кездесетін адамдарға да тарап бара жатыр.
- Сіз өзіңіз кездестірген адамдармен бірлік сезімін басыңыздан өткеріп жатырсыз.
- Сіздің жаныңыздың жылуы барлық адамдарға да, оларды жылытуға да жетеді.
- Махаббат сезіміне беріліп, сіз өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды тани бастайсыз, сіздің жүрегіңіз оларға деген ыстық сезімге толы.
- Өз махаббатыңызбен бірге сіз өзіңіздің жан дүниеңізге, болмысыңызға терең үңіле аласыз.
- Сіз өзіңізбен бірге осы әлемде өмір сүретін барлық адамдарды сүйесіз.
- Сіз өзіңізді де, басқаларды да бірдей сүйесіз, сондықтан өзіңізге де, айналаңыздағы адамдарға да жақсылық жасағыңыз келеді.
- Сіз өз өміріңізге, жер бетіндегі тіршілік етіп, өмір сүріп жандардың барлығына махаббатпен қарайсыз.
- Сіздің махаббатыңыз өмірді қаншалықты үйлесімді және қуанышка бөлейтінін сезініңіз.
- Сіздің махаббатыңыз әлемдік үйлесімдіктің бір бөлшегі ретінде көкке өрлеп, абсолютті және өмір үйлесімдігіне шарықтап пара жатқанын сезінесіз.
- Сіздің бүкіл болмысыңыз өзінен сәуле шашқан, өмір сепкен Күнге айналып барады.
Даналық тағылымы
Төмендегі фильмдерден үзінді қараңыздар:
1. Ф.Дзефиреллидің "Ромео мен Джульетта" фильмі
2. Қазақтың "Кьіз Жібек" фильмі
3. Қазақтың "Еңлік-Кебек" эпосы жұртқа, туған жерге, Отанға, әлемге деген махаббатқа ұласады.
Сол махаббат адам баласының бақытты да бейбіт өмір кешуінің нсгізі болады. Өйткені «Өмірдің бар жақсылығы жақсы көруден жаралған» (Ұ.Әбдіғапбарова). Ал, солардың арасынан бойжеткен мен бозбала арасындағы махаббат айрықша ғашықтық сезім арқылы білдіріледі. Бұл сезім отбасын құруға ұласып, оны мықты ұстап түруға тікелей ықпал етеді
Фильмнен алған әсерлерін бөлісу.

Пікірталас
Білім алушылардың «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін қандай дәрежеде түсінгенін анықтау мақсатында пікірталас өткізіледі.
Пікірлесуге арналған сүрақтар:
1. Аталған шығармалардың сюжетіндегі ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын атай аласыз ба?
2. Осы шығармалардың басты тақырыбы не?
3. Фильмдерде қарама-қарсы екі жақтың қарым-қатынасын сипаттайтын өшпенділік сезімі нені тудырады?
4. Фильмдердегі оқиғаларды трагедия деп санайсыз ба?
5. Егер сізге осы фильмдерді аяқтау құқығы берілсе бастапқыдай қалдырар ма едіңіз?
Қорытындылау
Махаббаттың адамның өзін-өзі, өзгелерді тануга жетелейтінін, өзгелерді сыйлауга негіз болатынын, табигат сұлулығы мен әдемілігін сезінетінін, махаббат арқылы Отанды, елді, халықты құрметтейтіндіктерін оқушыларға түсіндіру.
Сонымен, Махаббат дегеніміз - шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат - бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспетиілік, елігу, жақсы көру, құштарлқц, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды. Ол Анаға деген сүйіспеншіліктен басталып, бүкіл адамзатқа, елге, жұртқа, туған жерге, Отанға, әлемге деген махаббатқа ұласады. Сол махаббат адам баласының бақытты да бейбіт өмір кешуінің негізі болады. Өйткені, өмірдің бар жақсылығы жақсы көруден жаралған. Ал, солардың арасынан бойжеткен мен бозбала арасындағы махаббат айрықша ғашықтық сезім арқылы білдіріледі. Бұл сезім отбасын құруға ұласып, оны мықты ұстап тұруға тікелей ықпал етеді.

«Жүректен жүрекке» шеңбері
Бақыт құшағында
Сөзі Т. Молдағалиевтікі Әні Ш. Қалдаяқовтікі
1.Көзіңнен бір ұшқын ұшты ма, білмедім.
Әйтеуір нұр құштым, әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі толғандай болады.
Қайырмасы:
Кел билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

2.Әнбісің төгілген, жырмысың армандай.
Бір бақыт көрінген, жақындап қалғандай.
Жанарың ұшқыны жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы қолымда қалады.
Қайырмасы.
3.Мен бүгін бұлақпын, ілгері жүгірген.
Бір нәзік шуақпын, жаныңа үңілген.
Сүйемін мен күнді, көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді, әлдиле жанымды.
Қайырмасы.

1 топ. "Алғашқы махаббат"
1 тапсырма Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Сіз қалай ойлайсыз, алғашқы махаббатты пісіп-жетілген, толысқан махаббат деп санауға бола ма?
2. Алғашқы махаббатқа деген сіздің өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?
3. Ата-аналар мен ересек адамдар әдетте өз балаларының алғашқы махаббаттарына айтарлықтай мән бермейді. Сіздіңше, олардікі дұрыс па?
2 жаттығу. "Махаббаттың сан қилы образдары"
Материалдарды оқып болғаннан кейін, «Алғашқы махаббаттың образын» жасауға дайындалыңыздар. Образды жасау үшін құралдарды таңдау еркі бар: сурет түрінде, адамдардан скульптура жасау, пластилиннен немесе қолдағы бар басқа материалдардан жасаған статуя, театрландырылған көрініс т.б. Белгілеген уақыттан кейін әр топ өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.

2 топ Махаббат және қызғаншақтық
1 тапсырма Талқылауға арналған сұрақтар:
6. Нағыз махаббаттың қызғанышсыз болуы мүмкін бе?
7. Қызғаншақтық басым болған жерде нағыз махаббатқа орын бар ма?
8. Қызғаншақтық қажет пе?
9. Қызғаншақтық - адамның өзіне-өзінің сенбеушілігі немесе әлсіздігінің көрінісі. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
10. Қызғаншақтық - нағыз махаббаттың белгісі. Бұл тұжырыммен келісе аласыз ба?
2 жаттығу. "Махаббаттың сан қилы образдары"
Материалдарды оқып болғаннан кейін, «Махаббат және қызғаншақтық» образын жасауға дайындалыңыздар. Образды жасау үшін құралдарды таңдау еркі бар: сурет түрінде, адамдардан скульптура жасау, пластилиннен немесе қолдағы бар басқа материалдардан жасаған статуя, театрландырылған көрініс т.б. Белгілеген уақыттан кейін әр топ өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.

3 топ. Жауапсыз махаббат
1 тапсырма . Талқылауға арналған сұрақтар:
4. Сіз өміріңізде жауапсыз махаббатты бастан кешірдіңіз бе?
5. Жауапсыз махаббатты адамның өзі таңдайды деген тұжырыммен келісесіз бе?
6. Адамды шетсіз, шексіз лабиринт секілді жауапсыз махаббат
несімен қызытқтырады?
4. Жауапсыз махаббатқа қалай қарауға болады? Бұл бакытсыздық па, әлде тек таңдаулылардың қолы жететін нәрсе ме?
2 жаттығу. "Махаббаттың сан қилы образдары" Материалдарды оқып болғаннан кейін, «Жауапсыз махаббат» образын жасауға дайындалыңыздар. Образды жасау үшін құралдарды таңдау еркі бар: сурет түрінде, адамдардан скульптура жасау, пластилиннен немесе қолдағы бар басқа материалдардан жасаған статуя, театрландырылған көрініс т.б. Белгілеген уақыттан кейін әр топ өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.

4. топ Соқыр махаббат
1 тапсырма Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Адам біреуді шексіз сүйгендіктен, оны дұрыс бағалау қабілетін жоғалта ма?
2. Сіздіңше, сүйікті адамды неліктен сонша асқақтатып, аспандатып дәріптеу қажет?
3. Сіздің өз махаббатыңыздың объектісінен көңіліңіз қалып, түңілген кезіңіз болды ма?
4. Махаббатта соншама "көзсіз", "соқыр" болу қажет пе? Қалай ойлайсыз?
5. Бір көргеннен ғашық болу - бұл нағыз махаббаттың нағыз керемет күші ме әлде албырт махаббат па?
2 жаттығу. "Махаббаттың сан қилы образдары"
Материалдарды оқып болғаннан кейін, өздерің талқылаған «Соқыр махаббат» образын жасауға дайындалыңыздар.Образды жасау үшін құралдарды таңдау еркі бар: сурет түрінде, адамдардан скульптура жасау, пластилиннен немесе қолдағы бар басқа материалдардан жасаған статуя, театрландырылған көрініс т.б. Белгілеген уақыттан кейін әр топ өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.
Категория: Самопознание | Добавил: Айгерим3288 (2015-02-09) | Автор: Нурланова Айгерим Куандыковна E
Просмотров: 4288 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 5:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru