Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание |
Мектеп Бақыршық орта мектебі Тақырып Өзімшілдікпен пен көпшілдік. Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер Сыйластық, көпшілдік, адамгершілік Мұғалiм Муздубаева Даметкен Кенжебековна Класс 4 Оқушылар саны: Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылғы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -«көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру. - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; - көпшіл болуға тәрбиелеу; Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сабақ барысы: 5т.(тыныштық ,талап, тыныштық ,тазалық , татулық) 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктер-дің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай.Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! үнтаспа 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қызғаныштың кесірі», оқулық: 97-99бет, дәптер 19сабақ. -Маржан достарымен неліктен ойнай алмады? -Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? Қандай шешім қабылдадыңдар? оқулық 3.Дәйексөз. Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл. (Абай) Дәйексөзді оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі. Бәріміз қосылып айту, 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. тақта 4.Әңгiмелеу (сұхбат). «Коллективтің құдіретті күші» кітабынан. В.Сухамлинский. Бірінші сыныпта Гена деген бала оқиды. Ол өте талапты, үздік оқушы болды. Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, бала бірден қолын көтеріп, толық жауап беретін. Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді. Ол өзін мен өте ақылдымын, маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпайтын. Оқу жылы аяқталды. Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді.Балалар қуанышты. Жорыққа алатын заттарды екеуара бөлісетін болды. Лезде екі-екіден бөліністі. Ал Генамен ешкімнің болғысы келмеді. Гена жылап, мұғалімге келді: -Мен ешкімге тіл тигізгенім жоқ, мені неге жек көреді?-деді. -Мұғалім Генаға не деп жауап берді және қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар? 2. Бекен жолдастарымен бірге серуенге шықты. Үйлерінен дорбаға салып азық алды.Көл жағасында балық алып, жидек терді, суға шомылды. Қарындары ашқан балалар тамақтанбақ болды. Балалардың бәрі әкелген азықтарын ортадағы дастарқанға жайып тастады. Бәрі көңілді отырды. Қараса, орталарында Бекен жоқ. Ол ағаштың түбінде жалғыз өзі әкелген иамағын алдына алып, жеп отыр екен. Достары оның қылығына таңғалып қалды. - Бекеннің достары оған не деп айтуы мүмкін деп ойлайсыңдар? - Сендердің осындай жағдай кездескен кездерің болды ма? 5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Ассоцация» әдісі бойынша өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді топтастыру, қорғау. Қалам,дәптер 6.Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ әндер. Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар Жақсы адамдар Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Жақсы адамдар -3рет. үнтаспа 7.Үй тапсырмасы. «Қойшы қаһарман» ертегі , оқулық 101-104бет, дәптер 20сабақ. оқулық 8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Балалар, денелеріңді түзу үстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныш-тыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. | |
Просмотров: 1088 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|