Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Жақсы көңіл күй – жан шуағы
Алматы қаласы
«Бөбек» ҰҒПББСО
«Өзін-өзі тану» гимназиясы
Абдраимова Рахиман Айтбаевна
Қазақ тілі мен әдебиетінің, өзін-өзі тану мұғалімі
Жақсы көңіл күй – жан шуағы
Мектеп «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі №6
Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Ішкі сезімдерін түсіне білуі, достық қарым-қатынас, жан жылуы, мейірімділік пен қайырымдылық, бауырмалдық, адалдық.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Жан сұлулығы мәтіні бойынша сұрақтар.
− Кейбір адамдардың көңілді болып жүруінің сыры неде деп ойлайсыңдар? (Өйткені ол өзін жақсы көреді. Өз бойындағы кемшіліктерді жоюға тырысады. Адамдармен тез тіл табысқыш болады.)
− Адам өмірде өзін-өзі қалай бағалауы керек? (Өзгелерден басқаша екендігін сезіну. Ешкімге ұқсамайтындығын бағалай білу. Өзінің ерекше қайталанбайтын тұлға екенін сезіну.)
− Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер? (Адамның сыртқы сұлулығымен бағаламау керек. Ішкі жан дүниең сұлу болса, сен нағыз сұлусың.)
Мұғалім: Адамның сыртқы келбеті ғана емес, ішкі жан дүниесі де сұлу болу керек. Өзіңді-өзің өзгерту және жақсылыққа жете білу өзіңнің қолыңнан ғана келетін іс. Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті емес, жан сұлулығына байланысты болады. Мұның бәрі нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікпен тығыз байланысты. (Бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлау. «Жақсы көңіл күй – жан шуағы»)
3. Дәйексөз. «Мінез – жанның айнасы.» Әбу Насыр әл-Фараби
(Хормен оқыту. Дәйексөздің мағынасын талдау жұмыстары жүргізіледі.)
− Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Адамның мінезі туралы)
− Жанның айнасы деген не? (Әр адамның мінезі әртүрлі. Адамның мінезін көру кезінде оның қандай адам екенін сезесің. Әртүрлі мінез арқылы оның ішкі жан дүниесін көресің.)
Мұғалім: Иә, адам мінезімен танылады. Мінезі жайдары, ашық, ақкөңіл, бауырмал, иманжүзді адамның достары да көп болады. Олар жан-жағына шуақ нұрын шашқан күн секілді. Ондай мінезді адамдар бәріне сүйіспеншілік нұрын себе біледі. Біз де осы асыл қасиеттерді бойымызға дарыта білейік.
4. Әңгiмелеу. (Әңгіменің мазмұнын талдау)
Таза бұлақ
Ыбырай Алтынсарин
Үш жолаушы бір құдықтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы мөлдір, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі тастың бетіне: «Ей, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай таза бол!» деп жазу жазып қойыпты.
Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді. Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай дейді:
− Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сяқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.
Екінші жолаушы молда екен. Ол:
− Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені, − дейді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен. Ол жолаушыларға:
− Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтауың керектігін білдіреді, мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесі көрінеді, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін ұғындырады, − депті.
Сұрақтар:
− Бұлақ басындағы таста қандай жазу болған?
− Бұлақтай таза бол деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Бұлақ жер астынан мөлдір күйінде шығады. Адамдар сол мөлдір бұлақтың суын іше отырып, ішкі жан сарайын тазартады. Жаны таза адамның көңіл-күйі де таза болады.)
− Үшінші жолаушы бұлақтың тазалығын неге теңеді? (Адамның көңіл-күйіне теңеді.)
− Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді? (Анаңның еркелеткені. Достық қарым-қатынас. Отбасындағы сыйластық пен бауырмалдық. Сүйіспеншілік пен адалдық. Қайырымдылық пен мейірімділік т.б.)
− Басқа адамдардың көңіл күйіне түсіністікпен қарай аласыңдар ма? (Иә, досың немесе ата-анаңның көңілі көтеріңкі болса, мен де көңілді болам.)
− Адамның көңіл күйіне табиғаттың әсері бола ма? (Күн ашық, жылы болса, жадырап, қуанып жүресің, күн бұлтты болса, мазасызданасың.)
Мұғалім: Көңіл күй – адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға қатынасының көрінісі. Сүйіспеншілік, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Жақсы көңіл күй, адал ниет, ақкөңіл адам өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, тіпті бақытқа қол жеткізуге де болады. Ендеше айналамызға шуақ шашатын жарқыраған күндей, көңіл кірін кетіретінде таза мөлдір бұлақ секілді болып өсуге талпына біліңдер.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І топ: Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.
ІІ топ: Адамның көңіл күйі туралы сурет салу. (қорғау)
ІІІ топ: Көңіл күй туралы мақал-мәтел ойлап атйту.

6. Топпен ән айту.
«Біз бақытты балдырған» әнін бәріміз бірге орындаймыз.
7. Үй тапсырмасы.
25-26 беттегі өлеңді жаттау. Дәптердің 12-бетін аяқтау.

Кері байланыс:
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Бүгінгі сабақтан алған ғибратты ойларды көкейлеріңе терең бойлатып, терең тыныс алып, тыныштықпен әркез есте сақтайтындай болыңдар.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
тыныштық бүкiл әлемде.
Категория: Самопознание | Добавил: ТатьянаТатьянка (2016-05-11) | Автор: Абдраимова Рахиман Айтбаевна E
Просмотров: 2652 | Теги: Сүйіспеншілік, ішкі тыныштық | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-12-22, 8:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru